«АЛМАТЫ - БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ» ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАЛДЫ
Орталық мешітте қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» тазалық науқанына қатысуға жамағатқа үндеу жасалды.
Бұл тазалық науқаны Алматы әкімдігінен бастау алып отыр. «Бүгіннен бастап шаһарымызда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» тазалық науқаны басталуда. 1 айға созылатын және халықты тазалыққа, мәдениеттілікке, қаламызға деген махаббатқа, өз жерімізді аялау арқылы көрінетін рухани патриоттылыққа шақыратын бұл іс-шараға Алматы қаласының мешіттері де өз үлесін қосуда. Алматы Орталық мешітінде бастау алған іс-шара басқа мешіттерде де алдағы 30 күнге жалғасатын болады. Осы орайда, құрметті жамағат сіздерді аталған мәдени, мағынасы зор бұл іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз», - деп атап өтті қаланың бас имамы Төлеби Оспан. Орталық мешіт қызметкерлері жұдырықтай жұмыла Алла үйінің ауласын қоқыстардан тазартып, көктемгі тазалық жұмыстарын атқарды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі