ИМАМДАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шаһардағы діни қызметкерлер арасында ҚР Тәуелсіздінінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ұлтық ойындардан спартакиадаға қатысты.
«Нұр Мүбарак» университетінің спорт кешенінде өткізілген іс-шарада: «Бас мүфти бастамасымен ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылып, дін қызметкерлері мен жамағат арасында бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған шаралар жалғасуда. Соның бірі бүгінгі дін қызметкерлерінің спорттық сайысы. Бұл ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған маңызды шара», - деп атап өтті бас имам.
«Садақ ату», «Арқан тарту» және «Қол күресі» сынды тағы басқа дәстүрлі спорттық ойындар дәріптелді. Сайысқа түскен дін қызметкерлері алдына жан салмады. Спорттық шара тартысты да қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша:
1. Медеу ауданы 1-орын;
2. Алатау ауданы 2-орын:
3. Алмалы ауданы 3-орын иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ, спорттық ойындар сайысында жақсы ойын үлгісін көрсеткен бірқатар үздік ойыншылар жеке-жеке марапатталды. Жарысқа қатысып, белсенділік танытқан өзге топтарға арнайы сый-сияпаттар табыс етілді.



































