АЛМАТЫДА ЦИФРЛЫҚ САУАТТАНДЫРУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
Алматы имамдарына ҚМДБ-ның «Цифрлық даму» бөлімінің меңгерушіс Тимур Серікханұлы «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект платформаларын қолдану» бойынша семинар өткізді.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында бекітілген жылдық жоспар аясында ұйымдастырылған 2 күндік семинарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен барлық діни қызметкерлері қатысты.
Тимур Орынхан Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңесте алдағы жылдар ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек екенін айрықша атап өткенін жеткізді. Осы орайда ҚМДБ цифрландыру бағытында қолға алынған бірқатар ауқымды жобаларға тоқталды. Ол өз кезегінде дін қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге, халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға және діни ақпараттың қолжетімді болуына оң әсер етуде. Сонымен қатар жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңінен тарқатып айтты. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі әрі шариғат талаптарына сай кеңінен қолдану бойынша мәліметтер ұсынды.
Қазір – технология мен білімнің, ақпарат пен цифрлық мүмкіндіктердің заманы. Дін қызметкерлерінің де осы үдерістен қалыс қалмай, уақыт талабына жауап беруге ынталануға шақырды.
Алматы өкілдігі бойынша
баспасөз қызметі













