РАНТ МҮШЕСІ АТУ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Алматы технологиялық университетінде «Діннің жастар тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында студенттермен рухани кездесу өтті.
Жастармен тәрбиелік сағатына бағытталған кездесуге Алатау ауданы Әл-Ләтиф мешітінің имамы, РАНТ мүшесі Қанатәлі Бақытұлы қатысты. Студенттерге Жат ағымнан сақтану жолдары, дін және білім, дін және дәстүр тақырыптарында сөз қозғады. Жастардың жат ағым жетегінде кетуінің себептерін, оның салдары қандай болатынын, көбіне қатарларына жас буынды тартуды мақсат ететін теріс ағымдардан қоғамға, мемлекетке төнетін қауіп, еліміздің болашағы саналатын жастарымыздың санасын улап жатқан деструктивті ағымдардан сақтану жолдары жайлы кеңінен түсіндірді. Тәрбиелік рухани сағатында студенттер тарапынан тақырып аясында белсенді сұрақтар қойылып, өзара сұхбат бойынша жауаптар берілді.
