Қадірменді бауырлар мен әпке-қарындастарымыз!
Бірнеше уақыт кешігіңкіреп, жыл сайын дәстүрге айналған «Рамазан қадиясы» атты акциямыздың басталуын тағы да жариялап отырмыз.
Акцияның мақсаты: Қасиетті Рамазан айы бойы, Алланың разылығы үшін басқаларға да жәрдем бергісі келетін мұсылмандар, жарияланған мөлшерде қаражат жинап, сол қаражатқа тұрмыстық жағдайлары нашар отбасылардан шыққан және жетім балбөбек бүлдіршіндерге, ата-анасының дініне, ұлтына қарамастан, сатып алынады.
Әдетте біз өте жоғары сападағы, жақсы ойыншықтарды сатып аламыз, себебі бұл жастағы баланың барлық қиял-арманы ойыншыққа байланысты болады емес пе? Сол себепті, балаларға қуаныш сыйлау арқылы осы Қасиетті Рамазан айына деген ерекше сезімдерін қалыптастырмақ мақсатымыз бар. Бәлкім сол сезімдерін өмір бойы жүректерінде алып жүрер...
Биылғы жылы да, қалыптасқан дәстүр бойынша, 4-14 жас аралығындағы 30 баланы шақыруды жоспарлап отырмыз. Әр балаға 30 000 теңгеден есептеген кезде, жинауға керек болған жалпы қаражат 900 000 теңгені құрайды. Алла нәсіп етсе, қадия тарату Рамазан айының соңында, Рамазан айт мейрамының бірінші күні өтеді.
Неліктен бұл акцияны біз кешіктіріп, аяқ астынан жариялағандығымыз жайлы да сөз қозғай кеткен жөн болар.
Алғашында, бұл акцияны өткізуден бас тартқан едік, оның орнына
«Рамазан Ихляспен» атты ісшараны бастап кеттік. Бұл акция бойынша 100 отбасыға 100 себет азық-түлік сатып алу жоспарланған еді. Алаға шүкір, Қасиетті Рамазан айының берекесімен, біз екі аптаның ішінде 240 отбасына жетерлік қаражат жинап алдық!
Бұл жағдайдың орын алуы, балалардың қуанышына айналған «Рамазан қадиясы» акциясын өткізуге тағы да мүмкіншілік бар екендігіне түрткі болды. Біздің оқырмандарымыз дәл осындай қарқынмен жомарттық танытып, Ораза айты мерекелерінде балаларға қуанышты әсер беруге себепкер болады деп сенеміз.
Акциямыздың кеш жариялануына байланысты, таңдалған балаларды алдын-ала суретке түсіріп үлгермедік. Дегенмен, қадия тарату кезін суретке түсіріп, толық есеп сайтымызда жарияланатын болады.
Қаражатты қолма-қол беруге, немесе есеп шоттарға аударса болады:
Реквизиттер:
Казкоммерцбанк (Visa Electron)
4003 0327 1519 0700
KZ06 9260 03PN 0063 7602
Даиров Жасулан Кайратович
ИИН 890610351595
ХалықБанк (карт. счет)
6762 0035 1783 2241
KZ55 6010 0020 0264 1936
Даиров Жасулан Кайратович
ИИН 890610351595
Qiwi әмияны: +7 705 224 1679
Аударылған қаражат жайлы смс арқылы +7 705 224 1679 нөміріне хабарлап отыруды сұраймыз.
Біздің мекен жайымыз:
Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16 (Орталық мешіттің ауласында)
Телефондар:
+ 7 707 363 26 23
+ 7 705 224 1679 Нұртай
Акция ашық деп жарияланады!
Ассалаумағалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сайтымыздың ана тілінде жарық көруі қазақ тілді оқырмандарды қуанышқа бөлеп, бір жасап қалдық, Алла істеріңізге береке берсін! Рамазан айы құтты болсын! Алла Тағала бізден де, сізден де қабыл етсін! Десек те, сайт әкімшілігіне айтар датым бар, мен пікір қалдырып отырған жаңалықтың тақырыбы басқаларды қайдам, менің көңілімнен шықпады. "Қадия" деген сөз қазақ тілінде бар ма? Оның орнына "Рамазан шашуы" деп қазақыласақ әдемі болар еді... Бұл - мен ұсынып отырған бір ғана нұсқа, ал сайт ұжымының небір тәтті әрі қазақи идеялары жоқ дегенге сенбеймін :))
Уағалайкумассалам уа рохматуллахи уа барокятуһ. Əмин, айтқаныңыз келсін. Қазақ тілінде "қадия" деген сөз бар. Болмаса қолданбаған едік. Тақырып таңдауда əр түрлі синонимдерді қарастырып, "қадия" сөзіне тоқталдық. "Қадия" сөзі 19-20 ғасырдағы əдеби шығармаларда көп кездеседі. Қолданыстан шығып бара жатқан сөзді жаңғырту деп түсіне беріңіз :)