"Ихляс" қайырымдылық қорына жаңа басшы тағайындалды
Жұма күні, Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқай аудандық бас имамдармен дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында Құрбан айт пен "Мектепке жол" акциясына дайындық мәселелері пысықталды.
Және де осы жиында өкіл имам "Ықылас 2050" қайырымдылық қорының жаңа басшысын таныстырды. Жаңа басшы болып Абылай Мақсұт тағайындалды.
Осы уақытқа дейін қорды басқарып келген Руслан Мұхтархановқа қордың дамуында еңбегі зор екендігі айтылып, алғыс білдірілді. Ал жаңа басшыға жұмысты абыроймен атқаруы мен сәттілік тіленді.