Жаңалықтар

«Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталғандығын хабарлаймыз

Құрметті бауырлар! Қыс келіп, күн суытқалы көптеген бауырларымыз өмір сүруге қажетті жағдайсыз қалып отыр: олар жылуы жоқ үйлерде тұрып жатыр, жылы киім мен көмір сатып алуға қаржылары жоқ, жылытқыштарды үнемі қосып отыруы үшін электр энергиясы ақысын төлеуге де жағдайлары жетпейді. Әр келген қыс бауырларымыз бен олардың балалары үшін үлкен сынаққа айналады. Ал олардың қиындықтары молшылық пен жайлылықта өмір сүріп жатқан біздер үшін сынақ. 


Бауырмалдық, мейірім мен ықылас таныта аламыз ба? Қарбалас тіршілігімізде өзгенің қайғысын елемей өтеміз бе, әлде тіпті маған қатысы жоқ деп теріс айналамыз ба...  Біз сіздердің көпшілігіңізді үн қатады деп сенеміз. Кейбіреулер қарапайым жылуға мұқтаж болса, біз басқаларда жоқ игіліктерді бізге нәсіп еткені үшін шүкіршілік пен Алланың разылығына мұқтажбыз.  

Алматы қаласының Орталық мешіті жанындағы «Ықылас» қауымдастығы «Біз жүректерді жылытамыз!» атты жыл сайынғы акцияның басталуы туралы хабарлайды. Аталған шараның мәні жылы киім мен көмір алуға қажетті қаражатты жинап, оны мұқтаж жандарға тарату болып табылады.


Жиналған қаражаттың көлеміне қарай бір отбасына шамамен 2-3 тонна көмір бөлуді жоспарлап отырмыз. Жеткізуді есептегенде бір тонна көмір 20 000 теңге шамасында тұрады. Биылғы жоспарымыз – 50 отбасы. Яғни жалпы көлемі 3 000 000 теңге қаражат жинауымыз керек.

 

Және де биыл 1000 баланы жылы киіммен қамтамасыз ету жоспарымызда. Жалпы көлемі 5 000 000 теңгеден аса қаражатты құрайды. Қаражатты неғұрлым жылдам жинасақ, бауырларымызды соғұрлым жылдам жылумен қамтамасыз ете аламыз. Шарамызды қыстың ортасына дейін соңына жеткізсек деген ниетіміз бар. 


Көптің көмегімен, инша Алла, жоспарымызды мерзімінде орындаймыз деп үміттенеміз. Баршамызға Алла жар болсын! 


Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

Біздің реквизиттеріміз: 
Al-Hilal bank 5376 0100 0138 1072
Qazcom 4003 0327 5021 2518
Halik bank 5354 5100 8867 6845
Kaspi gold 5169 4931 7104 3345 (Сабдина Гульнур Амантаевна)


Толығырақ: +77021136033 (Гүлнұр); +77757199957 (Мұхаммед Мағди)

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тақырып бойынша жаңалықтар

Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді
Аптаның бес күнінде тегін ас беретін "Уақып" асханасы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)
Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің қайырымдылыққа үндеуге қатысты бастамасына орай, Алматы қаласы Орталық мешіті және қолы ашық азаматтардың ұйытқы болуымен «УАҚЫП» асханасы ашылды....
Алматы Орталық мешіті «Раббың үшін құрбан шал!» акциясын жариялайды
Құрбан мейрамы кезінде мұсылмандардың көпшілігі екі қиындыққа кезігеді: біріншісі құрбандыққа мал іздеп, оны шалу болса, екіншісі құрбандыққа шалынған мал етін тиесілі адамдарды тауып, тарату. Көптеген адамдар осы діни салт-жораны жүзеге асыру үшін кезектерін бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр. Содан ...
300 отбасыға қайырымдылық жасалды
Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған Алматы қаласы Орталық мешіті қасиетті Рамазан айының қарсаңында 300 отбасыға көмек көрсетті.
Жетімдер үйіндегі мейірімнен бір үзік
Қасиетті Рамазан айы әрбір мүміннің жақсылықтарда жарысып, қайырымдылық пен жомарттықтың нағыз шыңына шығатын берекелі ай екені сөзсіз.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті(ФОТО)
Алматы Орталық мешітінде Алматы қаласы мешіттерінің жылдық есеп беру жиыны өтті
Алматы: Әйелдер арасындағы волейбол лигасы өз мәресіне жетті
Елімізде алғаш рет кең көлемде ұйымдастырылып отырған жарысқа Алматы қаласының 8 ауданынан 16 команда қатысты.
Алматыда Мәуліт кеші өтті (ФОТО)
Кеше, ҚМДБ ұйымдастыруымен Алматы қаласы, Республика сарайында «Тәлімгер пайғамбар тағылымы» атты мәуліт кеші өтті.
Алматы орталық мешітінде Мәуліт оқылды (фото+видео)
Алматы Орталық мешітінде жұма намазынан алдын Пайғамбарымыздың туған айына орай Мәуліт оқылды.
«Таугүл-3» мешітіне 10 жыл
Кеше «Таугүл-3» мешітінің 10 жылдық мерей тойы мен Мәуліт мерекесі аталып өтті.
Алматыда Қонаев атындағы мешіт ашылды (Фоторепортаж)
Бүгін, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбұлақ шағын ауданында жаңадан салынған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мешіттің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Джумада-сани 1440
Миләди
21 ақпан 2019
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:49

Фиқһ әс сира | Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі

Тыңдап көрсеңіз. 5-дәрістің жалғасы емес

Гулама Гарип Алишер Ибраев
10 ақп. 2019

Мусульманам на заметку

я не занимаюсь спортом, но предполагаю что у спортсменов есть такое понятие как второе дыхание. То е

Abylai Kamzin
8 ақп. 2019

Джуз амма (30-я часть Корана)

уа алейкум ассалам. с помощью кнопки скачать

Модератор сайта
6 ақп. 2019

Мусульманам на заметку

Спасибо. Ваши слова для меня поддержка. Да будет доволен Вами Аллах!

Abylai Kamzin
31 қаң. 2019
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi