360 ОТБАСЫНА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ҮЛЕСТІРІЛДІ
ҚМДБ Алматы өкілдігі бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры 360 отбасына азық-түліктер салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫН» табыстады.
Бүгін қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінің ауласында 360 мұқтаж отбасылары мен көп балалы аналарға азық-түліктер салынған «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» үлестірілді. Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы қатысты. Көмек алған мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналар мешіт қызметкерлері мен қайырымды жандарға зор алғысын жеткізді. Жалпы 9 тонна азық-түлік таратылды.
Қайырымдылық айы рамазанда демеушілік жасаған азаматтарға Алла мол сауаптан жазсын!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі