«АҚСАЙ» МЕШІТІНДЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

Әуезов ауданы «Ақсай» мешітінің бас имамы Бақтияр Қасымалиев мұқтаж жандарға «Рамазан қоржынын» үлестірілді.
Жақсылық жасап жарысқан жомарт жандар қасиетті Рамазан айының мол сауабынан құр қалмай, тұрмысы төмен 60 отбасыларына азық-түліктер жиынтығы салынған «рамазан қоржынын» таратты. Бас имам келген жандарды рамазан айымен құттықтап, отбасыларына тыныштық, амандық тілеп батасын берді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі