БУРСАДА ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРГЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Алматы орталық мешіті ҚМДБ «Уақып» қорының қолдауымен Түркия Республикасының Бурса қаласында білім алып жатқан қазақ жастарына ауызашар дастарқанын жайды.
«Бурса Диянет» қорының басшысы Закир Шадман жастарға жылы лебізін білдіріп дастарқан қонағы болды. Сондай-ақ Діни басқарманың Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жетекшісі Жандос Айтбай студенттерге Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, жастарға насихат айтты.
Өз кезегінде қатысушылар Алматы орталық мешітінің ұжымы мен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.