НАУРЫЗБАЙ АУДАНЫНДА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ
Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Әбу-Бәкір» мешіті мен «Қарағайлы» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
«Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы аясында Наурызбай ауданындағы «Әбу Бәкір» мешітінде 80 көмекке мұқтаж отбасына көмек көрсетілсе, осы аудандағы «Қарағайлы» мешітінде 20 мүмкіндігі шектеулі отбасыларына азық-түліктер салынған қораптар үлестірілді. Ауданның бас имамы Нұрбол Тағаев сауапты іске мұрындық болған барша жандарға алғысын жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі