«ҚҰРАН АЯТТАРЫНЫҢ ХИКМЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗДАР АЙТЫЛДЫ
ҚМДБ 2023 жылғы Рамазан анықтамалығындағы уағыз-насихат бағыты бойынша жұмыс жоспарына сәйкес Алматы имамдары «Құран аяттарының хикметі» тақырыбында жамағатқа әр күнгі тарауих намазынан алдын уағыздар жүргізді.
Игі іс-шара басында наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы Орталық мешітте тарауих намазынан бұрын уағыз-насихат айтты. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Бостандық ауданы «Бәйкен» мешітінде уағыз айтып, тарауих намазына қатысты. Қала имамдарының мешіттерде тарауих намазының алдында уағыздар айтуы рамазан соңына дейін жалғасады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі