200 ОТБАСЫНА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Алматы Орталық мешітінде 200 адамға арналған қайырымдылық шарасы өтті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады» деген хадисті негізге алған ұйымдастырушылар мен демеуші жандардың қолдауымен Орталық мешітте тұрақты түрде ай сайын 200 отбасына азық-түлік таратылуда. Бүгін де игі шара жалғасын тауып, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласы бойынша жауапты мамандары мен еріктілер мешітке көмек сұрап келген мұқтаж отбасылар, көп балалы аналар мен мешіттің шаруашылық қызметкерлеріне азық-түлік қорабын үлестірді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі





