АЛМАТЫ МЕШІТТЕРІ 2 000 000 ТЕҢГЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТТІ
ҚМДБ Алматы қаласы бойынша мешіттерінің қолдауымен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Аталған қолдау – Нұр-Мүбарак университетінің жаңадан салынып ғимаратының құрылысына бағытталмақ. Бұл игі бастамамен жүзеге асқан қаржылай көмек – білім мен руханият саласына жасалған инвестиция ретінде еліміздің болашағы үшін маңызы зор қайырымды қадам болмақ. Қаражатты ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов табыстады.