БАС ИМАМ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ТӘРБИЕ САҒАТЫН ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жылдық жоспар негізінде Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан «Әбу-Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттеріне «Діни қызмет: жауапкершілік, адалдық және рухани кемелдік» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Шәкірттермен басқосуға «Әбу-Ханифа» медресе-колледж директоры Құлмұхамед Маханбет қатысып, діни қызметке дайындық барысындағы білім алудың маңыздылығы мен жауапкершілігі жайлы айтты. Қаланың бас имамы Төлеби Дәділұлы тәрбие сағатында ең бірінші тақуалыққа мән беріп, дін маманының жан-жақты болуы керектігін жеткізді. Қоғаммен байланыс бойынша әлеуметтік желіде уағыз айтуға, дін тақырыбында сөз сөйлегенде неге мән беру керектігін түсіндірді. Бас имам шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, Бас мүфти бастамасымен қолға алынған тәрбие сағаттары имамдар қатысуымен алдағы уақытта жиі өткізіліп тұратынын айтты.
Алматы қаласы бойынша баспасөз қызметі












