Абай адасты, Шәкәрім шатасты дейтіндердің қатары неге көбейген - маманмен сұхбат
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 16:25
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Абай адасты, Шәкәрім шатасты дейтіндердің қатары неге көбейген - маманмен сұхбат

| A | +

Қазақстанда діни тұрғыдан сауатты жастардың қазіргі білім көкжиегі, дәрежесі, олардың құндылықтары қандай? Осы сауалға жауап алу үшін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдинмен тілдесудің жолы түсті.

 

- Асқар, сіз үнемі сұхбаттарыңызда «рухани отарлау» деген тақырыпты тілге тиек етесіз. Бұл Қазақстан болашағына қандай ықпал етеді? Жастардың қазіргі рухани ахуалы қандай?

 

- Рухани отарлауды саяси субьектілер көп қолданады. Әсіресе дінді отарлау құралы ретінде қолданатындар көп. Басқа елге тікелей әскер кіргізбесе де, діни тұрғыдан жастарды отарлап жатқан әлемдік халықаралық ұйымдар, жамағаттар көп. Мұсылман жастарымыздың барлығы болмаса да жартысы деп есептесек, діндар жастарымыздың кем дегенде 50 пайызы отарланған. Олар өз елінің көсемдеріне құлақ аспайды. Басқа елдің ұстаздарына үкіметіне, дін көсемдеріне бағынышты. Жастарымыздың бір бөлігі Сауд Арабиясына бағынышты. Ол жақтан пәтуа келсе, сол пәтуаны тыңдайды. Сәләфи ағымында жүрген жастар жан-жақтан ақпараттық қысым көріп, өз дінімізге қайтамыз ба деп жүргенде Сауд Арабиясының Мадхали деген көсемі Қазақстан салафиттеріне үндеу жасады. «Ақидаларыңызға берік болыңыздар. Осы бағыттан таймаңыздар, қиыншылық келеді, кетеді» деген. Олар денесі Қазақстанда болғанмен, санасы, жүрегі, махабаты, құндылықтары сол жақта жүр. Екіншілері денесі Қазақстанда болғанмен, басы Түркияда жүр. Бізге бағынбайды. Түрік ұстаздары, пірлерінен патуа келсе, бізді тыңдамайды. Өз мүддесін, отбасын тастап рухани көсемдерін тыңдайды. Тағы бір бөлігі Пәкістан діни қызметкерлерін тыңдайды. Біздің имам емес, Ресей имамын тыңдайды. Діндар жастарымыздың орта есеппен 50 пайызы рухани отарлықта жүр. Санасы отарланған. 2011 жылы Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында болған оқиға есіңізде ме? Атырауда, Таразда теракт болды. Мотиві неде? Мотиві иорданиялық дін адамы Абу Мунзир Шанқитидің «Қазақстанда полицияны өлтіруге болады» деген патуа шығаруында еді. Осы сияқты сырттан келген патуа Қазақстанда біраз терактіге себеп болды. Сосын 5 маусымда Ақтөбеде теракт болды. Оған не түрткі болды? Сол кезде түрмеде отырған жігіттер «бізді жинады да ДАИШ+тің ресми баспасөз қызметкері үндеу жасады. Сіздер, біздің бауырларымыз. ДАИШ-ке келе алмасаңдар, өздеріңіз тұрған елде теракт жасаңыздар. Біздің жүрекке қуаныш сыйлайсыңдар», - деді.

 

- Бұл құбылыс Қазақстанның тұтастығына, дербестігіне қаншалықты қауіп төндіреді? Рухани тұрғыдан отарлауды қалай тоқтатуға болады? Бұл бізде идеологиялық кеңістіктің бостығын білдіре ме?

 

- Теологиялық тұрғыдан жастарымыздың санасын, махаббатын, құндылықтарын елге қайтару үшін пәтуа деген құрал бар. Пәтуа, діни қарар, баяғы Аристотельдің категорияларына байланысты. Пәтуалар да уақыт заманына қарай жарамсыз болады. Бір ғасырда берілген пәтуа қазір жарамайды. Пәтуа мекенге де қарайды. Басқа ел үшін берілген пәтуа біз үшін жарамсыз. Биыл мұсылман елдері Ораза айтты 2 күнде тойлады. Бұл әр елдің пәтуасы бөлек болатынын білдіреді. Мысал үшін, шариғатта есірткі үшін өлім жазасы жоқ, қазір көптеген мұсылман елдері есірткі қолданған адамға өлім жазасын қолданады. Ол жердегі пәтуа сондай, бізде ондай емес. Үшіншіден, пәтуа адамдардың білім, ғылым деңгейіне, жасқа да қарайды.Біз осы фактілердің барлығын радикалдарға түсіндіреміз. Сауд Аарабиясында отырған кісі қанша ғалым болса да біздің Қазақстанда өмір сүрмейді. Танымайды. Осыдан 5-6 жыл бұрын жастар мешітке келгенде құлаққап тағып келетін. Бұл имамның айтқан уағызын тыңдамаймын деген протестті білдіреді. Имамдар ұрысып жүріп, бұл үрдісті тоқтатты. Олар 1-2 минут қамат айтылғанда кіреді, сәлем бере бастағанда қашып кетеді. Неге? Себебі оларға әсер етіп отырған субьектілері отарланған жастарды жоғалтқысы келмейді.

 

- Бұл зұлымдықтың түп тамыры қайдан шығады? Мұндай адамдарды жоюға мүмкіндік жоқ па?

 

- Әлемде террористерді өсіретін жылыжай бар. Біреулер қияр, қызанақ өсіріп жатса, террорист шығаратын да «теплица» бар.

 

- Неге оны «теплица» деп атайсыздар?

 

- Себебі, онда террористі өсіріп шығаруға барлық жағдай жасалған. Олардың бірсыпырасы Пәкістан елінде. Мен сонда барып келген жігіттермен кездскенмін. Терроризм - үлкен бизнес. Ол жекелеген тұлғалар емес, бүкіл елді шантаж жасау, мемлекеттерге қоқан-лоққы көрсету үшін керек. Мәселен, бір елдің радикалды уағызшылары интернетте отырып алып уағыз айтады. Жастардың кейбірі соған сенеді. Барады, 1 ай немесе 1 жыл өңдеуден өтеді. Рухани ұстаздары «енді еліңе барып теракт жаса» дейді. Мәселен, бізде «Жүндүл халифаттың» адамдары теракт жасады. «Жүндүл халифат» - таза террористерді өсіретін жылыжай. Операция жасалған соң түрмеден әр ел өз азаматын сатып алады. Бұл - ұсақ-түйекке жұмсалған ақша деп аталады. Жылыжай иелеріне екі есе пайда түседі. Ол жақта құлдық бар. Сол адамды сатып, қалтаға ақша түсіруге болады. Болмаса, органдарын сатуға болады. Терроризм - үлкен бизнес. - Сіз айтып отырған мемлекеттің тұтастығына үлкен қауіп төндіретін рухани отарлануға қалай тосқауыл қоюға болады? - Рухани отарлау процесін тоқтату - заман талабы. Біз діни тұрғыдан дұрыс емес екенін түсіндіреміз. Пәтуаны басқа елден алуға болмайды, жергілікті муфтияттан аласыз. Сол мүфтиат діни саланы реттеп отырады.

 

- Жастарымыздың санасын уламау үшін, мүмкін, оларды өзіміздің ұлттық, мәдени құндылықтармен рухани азық беру қажет шығар? Бос кеңістікті толтыру керек болар?

 

- Сырттағы ойыншылар, шетелдік ғұламалар, ғалымдар, имамдар біздің жастарымыздың санасын уламау үшін рухани идеялық иммунитет қалыптастыру керек. Балама идеология болуы тиіс. Ал енді бұл не нәрсе болуы мүмкін деген сұраққа пікірталас көп. Олардың бірі - дәстүрлі ислам десе, бірі - зайырлылық керек дейді. Біреулер бізге тек салт-дәстүр тірек болады дейді. Дәстүрлі ислам деген не? Оны анықтаудың өзі проблема. Идеологиялық және ғылыми тұрғыдан оны дәлелдеу өте қиын. Қорған болатын идеологиялық тіректер ретінде Ханафи мазхабы, Матуриди ақидасын айтуға болады. Себебі, түрмеде отырған террористердің 90 пайызы осы екі ұстанымды қабылдамайды. Мойындамайды. Ал мойындағандары терактіге бармайды. Демек иммунитет қалыптастыратын бір күші бар. Зайырлылық ол да бір тірек. Қазіргі таңда қоғамның теологизациялық көрсеткіші тым жоғары. Бәрі дін туралы сөйлейді. Әсіресе, жастар арасында теологизациялық көрсеткіш тым жоғары. Оны жастардың лексиконынан-ақ байқауға болады. Бұл - діндарлық емес, діншілдік. Ол - жақсы емес. Діншілдер өте көп, діндарлар аз. Діндар адам өз иманымен күреседі. Діншіл адам басқалардың иманымен айналысады. Бұның орнына мемлекет зайырлылық қағидасын ұсынып жатыр. Ол теологизация дәрежесін шамалы түсіреді. Рухани отарлаудан қорған болатын құрал ретінде тарихты айтуға болады. Деструктивті ағымда жүргендер тарихты жоққа шығарады. Абай адасты, Шәкәрім шатасты, Мәшһүр мүшрік болды. Түркістанды Ширкстан дейді. Сондай баға береді. Бірде депутатымыз, мұсылман адам ислам бізге 1990 жылдары келді деген еді. Бұл ақылға сыймайтын пікір. Ең көп фамилия Қазақстанда Ахметов, Әубәкіров, Омаров, Оспанов, Әлиев, Қалиев, Ғалиев, Абдурахманов. Қайсысын алсаңыз да міндетті түрде исламның иісі шығып тұрады. Радикалдар бұл тарихтың бәрін өшіріп тастайды. 751 жылы Атлах шайқасындағы исламды қабылдау тарихы оларды қызықтырмайды. Таразда Қарахан бірінші түркі мұсылман мемлекетін құрған. Ал радикалдар тек өз ағымы Қазақстанға келген күннен есеп жасайды. Тарих та идеологиялық тұрғыдан тірек бола алады. Жат ағымда жүрген адамдар салтты мойындамайды. Салтқа үзілді-кесілді қарсы болады. Аллаға серік қосу деп бағалайды. Заңға бағыну да - тіректің бірі. Шариғат тұрғысынан көп насихаттау керек. Барлығы дінді саясаттың құралы ретінде қолданғысы келеді. Дін танушылар діни тұрғыдан, исламтанушылар теологиялық тұрғыдан, заңгерлер, БАҚ өкілдері бәрі жабылып осы процесті тоқтату керек. Дін саясат құралына айналған. Ол үшін идеологиялық қорғанысты күшейту қажет. Жастарға мына судың лас, харам екенін түсіндіріп қана қоймай, басқа таза, жанға шипа болатын, ата бабасы ішкен су бар екенін түсіндіру керек. - Сұхбатыңызға рахмет!

 

- Сұхбатыңызға рахмет!


 

Сұхбаттасқан Гүлмира Ғосманәли,

inform.kz

Предыдущий Следующий
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад - білімсіздікпен күрес Қарызды қайтаруға қам жасаңыз!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады
Меккедегі Әл-Харам мешітінің бұрынғы имамы шейх Адель әл-Калбани ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған лаңкестік ұйым) Ислам мемлекетінің сәләфиттік идеяларға негізделгендігін растады, деп хабарлайды Azan.kz...
Ағымдар мен секталар Ынсапты радикализм
2016 жылы маусым айының 5-і күні, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе қаласында қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Осының нәтижесінде бірнеше әскерилер мен азаматтық тұлғалар зардап шегіп, қаза тапты....
Ағымдар мен секталар Мадхалиттер, суруриттер, тəкфириттер дегендер кімдер өзі?
Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып беріңізші? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгіле...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:25

Ақшамға дейін 00:25

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi