ҮМІТСІЗ ТЕК ШАЙТАН ҒАНА
Зайсан
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 03:31
Зайсан
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Зайсан
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
01:29 03:31 11:29 16:53 19:20 21:20
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
10 шілде 2024

Мақалалар

ҮМІТСІЗ ТЕК ШАЙТАН ҒАНА

| A | +

 

«Дүние бір қисық жол бұраңдаған,

Бақ тайса мал мен басың құралмаған.

Күніне мың бір пәле көрсеңдағы

Сонда да күдер үзбе бір Алладан!»

Бүгінде өз ғұмырында басына іс түспеген, қиыншылыққа ұшырамаған адамды табу қиын болар. Осындай сәттерде басқа түскен іске төтеп бере алмай сабырсыздық танытып, көптеген қателікке ұрынып, қайғы үстіне қайғы қосып жататындар бар. Сондай кезде: «Я, Құдай мен саған не жазып едім» - деп Аллаға қарсылық танытып-та қоятынымыз жасырын емес.   

Негізінде адам баласы тағдырындағы істердің бір Алладан екендігіне сену бұл – иманның шарттарының бірі. Құранда:  

«Жер бетіндегі және өздеріңе тап келген қандай да бір мұсибат (бәле) Біз оны жаратпастан бұрын Кітапта жазылған. Ақиқатында бұл Алла үшін оңай. Біз бұл туралы сендердің өткізіп алғандарың үшін қайғырып, сендерге берілген нәрсе үшін қатты қуанбауларың үшін айттық..» (Хадид с.22-23).    

Түсінген жан үшін адамды тағдыр ісіне күмәнды етіп қою, бұл – ібіліс шайтанның айла-шарғысы. Мысалы: бір адам қандай бір іске үлгіре алмай қалса не басына бір сынақ түссе, шайтан келіп: «Егер сен былай істегеніңде ғой, мұндай болмас еді», – деп азғырып, пендені өкінішті жағдайға түсіріп қояды. Ардақты Пайғамбарымыз "оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұндай жағдай туралы да біздерге ескертіп кеткен. Әбу Һурайрадан (р.ғ.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында да қайырлылық бар. Өзіңе пайда әкелетін нәрсеге тырысып, Алладан көмек сұра, әлсіздік танытпа. Егер бір нәрсе болып қалса «егер былай істегенімде олай болмас еді» деме, «Алла солай мөлшерледі, қалағанын қылды» деп айт. Расында «егер» сөзі шайтанға жол ашады». (Мүслім риуаяты). Сол үшін де Алланың тағдырға жазған ісіне разы болып, сабырлықпен шүкір етуіміз керек.

Адам баласы өзінің қимасын жоғалтып қайғыға душар болғанда, қиындық үстіне қиындыққа тап болып, алдағы күннің сәулесі өше бастаған шақта  үміт - адам баласын әуелете тік көтеріп әкетеді. Үміт арқылы адам Алланың қалауымен өзінің шамам келмейді-ау деп ойлаған нәрселеріне қол жеткізеді.           

Қоғамда ауруынан айыға алмай жүрген науқастар, перзент көрмей жүрген отбасы, қалаған қызметіне қол жеткізе алмай жүрген мамандар, оқуға түсе алмай қалған жастар осы секілді сан қилы сынақтарға түсіп жолы болмай  жүрген жандар бар. Мұндайда сағын сындырып, өмірден түңіліп кетпестен, керісінше келешектен үміт күтуі қажет. Алла Тағала Құранда: «Алланың рахымынан күдер үзбеңдер» дейді (Зүмәр с.53). Ілгеріде өткен тақуа-ғалымдардың бірі: «Алланың мейірімділігін тілеу – пенде үшін үміт есігін ашады. Оған шынайы ықыласымен құлшылық етуге күш-қуат береді» деген. Үміт бұл – Хақ тағаладан пана тілеу арқылы, ырыс-берекеге қол жеткізу. Халық қаһарманы, батыр, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады» деген сөзі ойға-ой қосып, қиналған пендеге қанат бітіреді.

Үміт – сенімнен туындайды. Иман келтірген жан әрқашан келешекке үмітпен қарайды. Ал, үміт арқылы қиын белестерден қиналмай асып, биік шыңдарға шығуға болады. Қазақта: «үмітсіз тек шайтан» деп айтады. Бұл сөздің астарында терең мағына бар. Қазақтың бұл сөзі асыл дініміз исламнан бастау алатындығы анық. Мұсылман баласының еш уақытта үміті, күдері үзілмеуі керек. Біле-білсек Алладан үмітін үзу - үлкен күнәлардың қатарына жатады. Өйткені Құранда: «Раббыңның рахымдылығынан адасушылардан басқа кім үміт үзеді?»  (Хижр с.56)-деп үміт үзудің күнә екендігін ескертеді.

Келесі бір аятта: «Ей, шектен тыс күнә жасап, өздеріне зиян келтірген құлдарым! Алланың рақымдылығынан үміттеріңді үзбеңдер. Алла күнәлардың барлығын кешіреді». (Зумәр, 53) – деп, бізге бұйыру арқылы үмітсіздікке бой алдыруымызға тыйым салып тұр. Шынында да, өмірде орны толмас қателікке бой алдырып, өкініштен өзегі өртенген жандарға осы бір аят үлкен үміт сыйлап, бақытқа жетуіне сеп болмақ. Тіпті, өзін күнәһар  санап, иманға жақындай алмай жүрген пенделерге исламды қабылдатты десек те болады. Пайғамбар заманында хазірет Хамзаны өлтірген Уахшидің өзін, Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше рет исламды қабылдауға шақырды. Алайда, Уахши жан дүниесін кернеген үмітсіздік пен күдіктен арыла алмады. Ол пайғамбардың жақынын өз қолымен өлтіргені үшін өзін «кешірімге лайық емеспін» дегенге сендірді. Сол үшін де мұсылманшылықты қабылдауға тәуекел ете алмады. Пайғамбарымыз "оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үшінші рет құран аятын жазып жібергенде ғана Уахшидің бойындағы кешірімге деген күдік-күмән сейіліп, көкірегіндегі үміт оты қайта маздап, мұсылмандықты қабылдады.

Үкімі қияметке дейін өзгермейтін Құрандағы бұл аят бүгінгі адамдарға да үміт сыйлаумен қатар, Алла қаласа келер ұрпаққа да үміт қайнары болмақ.

Қадірлі оқырман қауым! Сөзімізді қорытындылай келе айтарымыз:

Үміт – Құдай тағаланың кешірімінің кеңдігіне сену. Құранда: «Менің рахымым барлығын сыйдыратындай өте кең» (Ағраф с.156)– дейді. Міне, осылайша Раббымыз өз құлдарына қаншалықты мейірімді екендігін айтып, үміт сәулесін өшіріп алмауымызды ескертеді.

 

 

Юсуп Илхам

"Сұлтан қорған" мешітінің наиб имамы

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САУАП ПЕН КҮНӘ СЫРЫ ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУДІҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА – БІР АЛЛАНЫҢ БЕРГЕНІ
الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! Біздер әу бастан «Әмәнту биллә» иман шартын айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Алла...
Пайым-парасат САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ
Өмірде адамзат баласына Алланың берген нығметтерімен бірге неше түрлі сынақтар болатыны мәлім.  Сондықтан да Аллаһ тағала екі дүниені жаратты.
Пайым-парасат ДӘРЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІ
Ислам – тазалыққа жан-жақты үндейді. Асыл дініміз тән мен жан тазалығына қатар мән береді.
Пайым-парасат БАЛА ЕСІМІ - ӘКЕНІҢ БЕРГЕН БАТАСЫ
Ғалымдар, Алла Тағала перзенттен әке-шешесі ақысын сұрамас бұрын әке-шешеден перзент алдындағы міндеті сұралады. Өйткені, баланың әке-шеше алдындағы перзенттік парызы болғаны сияқты ата-ананың да баласы алдында әкелік міндеті бар дейді....
Пайым-парасат ҚҰРАНДА ЕМІЗУ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ?
Расында адам баласының бойына дарыған адами құндылықтар, асыл ананың омырауынан даритыны айдан анық жайт. Ұлын дәретсіз емізбеген Зередей асыл анадан Құнанбай туылды. Асылдан асыл туып Абай хакім атанды. Міне бұл көрініс Зере әжеміздің ислам құндылықтарының тазалық рәсімін бұлдыртпай орындаған тұста...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
10 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 03:31

Бесінге дейін 03:51

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi