ДӘРЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Джумада-сани 1446
Миләди
27 желтоқсан 2024

Мақалалар

ДӘРЕТТІҢ РУХАНИ МӘНІ

| A | +

Ислам – тазалыққа жан-жақты үндейді. Асыл дініміз тән мен жан тазалығына қатар мән береді. Құран Кәрімде:

وَاللَّهُ يُحِبُّ الْمُطَّهِّرِينَ

«...Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді[1]»,-дегендей тән тазалығы, яғни дәрет рухани тазалыққа баспалдақ. Сонымен қатар, хадисте:

الطهـور شطر الإيمــان

«Тазалық – иманның тең жартысы[2]»,-деп қос тазалықты меңзейді. Ал, жүрегі таза мұсылманның айналасы мұнтаздай таза болатыны анық. Сахаба Әбу Үмәмә Бәһили (р.а.):

وخيرُ أعمالِكم الصلاةُ، ولا يحافظُ على الوضوءِ إلَّا مؤمنٌ

«...Сендердің ең жақсы құлшылықтарың – намаз. Сондай-ақ, нағыз мүмін ғана үнемі дәретпен жүреді[3]»,-деген хадис жеткізген. Міне, бұл риуаяттар дене тазалығы мен рух тазалығы хақында. Бұл хадис жөнінде Ибн Ражаб (р.а.): «Дәрет – иманның жасырын қасиетінің бірі. Үнемі дәретте жүру тек шынайы мұсылманның ғана қолынан келетін іс[4]», - деген. Тазалық – дәрет алумен қатар, киім-кешектің, дененің тазалығын да қамтиды. Адамның киім-кешегі мен денесі кір болса, бірақ дәрет алса намаз оқуына ешбір кедергі жоқ. Алайда, кемел тазалық кісі бойынан және киімінен жағымсыз иіс шықпауымен орындалады. Кешегі қазақтың көне шаһарларынан табылып жатқан сәулеті мен сырында ешбір теңдесі жоқ монша ғимараттары соның бір ғажайып айғағы іспетті. Тазалық бар жерде даму бар. Өркениеттің іргетасы руханият тазалығы. Әлемдік кітапханасымен мәшһүр Отырар қаласындағы орталық су құбырлары күні бүгінге дейін зерттеушілерді тамсандырады.

Дініміздегі бес уақыт намазда тазалықтың үш деңгейі талап етіледі. Әуелгісі дәрет. Екіншісі, үсті-басының тазалығы (киімі). Соңғысы, құлшылық ететін орын тазалығы (жайнамаз). Енді, осы тазалыққа жай көзбен қарап көрейік. Қала ішінде намаз уақыты кірді делік. Су тауып амалдап дәрет аласыз. Таза жер іздеп таппасаңыз, сырт киімізді жайнамаз етіп құлшылығыңызды өтейсіз. Аталмыш хадистерде кең әрі ауқымды назар салыңыз. Намазға қатысты үш сатылы тазалықты жүзеге асыру жайын ойлауымыз керек. Міне, сонда жоғарыдағы хадистерге толыққанды амал еткен боламыз. Қазақ даласындағы моншақтай тізілген көне шаһарлар, ондағы тазалық жүйесі мен керемет моншалары дәрет және тазалыққа қатысты ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қымбат сөздерін кең көпшілікке лайықты етіп жүзеге асырған.

Осман бин Аффан (р.а.):

أنه دَعَا بِطَهُورٍ فَقَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: مَا مِنْ امْرِئٍ مُسْلِمٍ تَحْضُرُهُ صَلَاةٌ مَكْتُوبَةٌ فَيُحْسِنُ وُضُوءَهَا وَخُشُوعَهَا وَرُكُوعَهَا إِلَّا كَانَتْ كَفَّارَةً لِمَا قَبْلَهَا مِنْ الذُّنُوبِ مَا لَمْ يُؤْتِ كَبِيرَةً، وَذَلِكَ الدَّهْرَ كُلَّهُ

"Дәрет суын алдырып: мен Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Мұсылман парыз намазы келгенде намаздың дәретін, тақуалығын және рукуғін жақсылап атқарса, үлкен күнәдан бөлек алдынғы қате-күнәларына кәфарат болады. Міне, бұл өмір бойына осылай бола бермек", - дегенін естіп едім[5]", - дейді.

Демек, дәрет алу жай ғана беті қолды жуу емес. Оның арғы жағында терең тәлімдік мағына жатыр. Сонымен бірге, үйімізден бастап қаламызға дейінгі ауадай қажет тазалықты қамтамасыз етеді екен.

Ерсін Әміре

Төле би мешітінің бас имамы,

Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты

[1] Тәубе сүресі, 108-аят

[2] Ахмед, Муслим, Тирмизи

[3] Ибн Мажа

[4] Жамиғ улум уә хикәм

[5] Муслим

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
САБЫР МЕН ШҮКІР ИМАННЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ ӘКЕ БАТАСЫМЕН ҰРПАҚ КӨГЕРЕДІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат БАЛА ЕСІМІ - ӘКЕНІҢ БЕРГЕН БАТАСЫ
Ғалымдар, Алла Тағала перзенттен әке-шешесі ақысын сұрамас бұрын әке-шешеден перзент алдындағы міндеті сұралады. Өйткені, баланың әке-шеше алдындағы перзенттік парызы болғаны сияқты ата-ананың да баласы алдында әкелік міндеті бар дейді....
Пайым-парасат ҚҰРАНДА ЕМІЗУ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЙДІ?
Расында адам баласының бойына дарыған адами құндылықтар, асыл ананың омырауынан даритыны айдан анық жайт. Ұлын дәретсіз емізбеген Зередей асыл анадан Құнанбай туылды. Асылдан асыл туып Абай хакім атанды. Міне бұл көрініс Зере әжеміздің ислам құндылықтарының тазалық рәсімін бұлдыртпай орындаған тұста...
Пайым-парасат ӨЗГЕРІС ОЙДАН БАСТАЛАДЫ
«Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді, о дүниеде жолықтыра қалсам, сені танып, тағы да алғыс айтқым келеді». Бірде радиожүргізуші нигериялық миллиардер Феми Отедолаға сұрақ қояды. «Мырза, өміріңіздегі ең бақытты сәтті еске түсіре аласыз ба?»...
Пайым-парасат ПОСТҚҰМАРЛАРҒА 7 КЕҢЕС
Бүгінде бүкіл әлем бір үлкен ауылдай. Таңертең теңіздің арғы жағында болған жайт сәскеге дейін ғаламтор арқылы түгел әлемге тарап бітеді. Бастапқыда тез ақпарат алысу құралы болған әлеуметтік желі бүгінде ойын-сауық пен уақыт өткізудің ең көп қолданылатын түрінің бірегейі екенінде дау жоқ. Қала берс...
Пайым-парасат АДАМ ҒИБАДАТШЫЛ БОЛМАСА ДА…
«Адам әдебімен көрікті» демекші, пенде көркем мінезді, әдепті болуы міндетті. Анас ибн Мәлік (р.а.):«Әлбетте, адам ғибадатшыл болмаса да,  көркем мінезімен жәннәтта биік дәрежеге жетеді. Сондай-ақ, пенде ғибадатшыл болса да, жаман мінезінің кесірінен жәһәннамның отына түседі», – деп түсіндіреді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Джумада-сани 1446
Миләди
27 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 05:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi