Құранның құдіреті
Темиртау
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:51
Темиртау
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Темиртау
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:58 07:29 12:00 14:34 16:20 17:51
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Құранның құдіреті

| A | +

Арабтың сары бел құмға көмкерілген сайын даласында тіршілік нәрі жоқтай көрінеді. Шіркін-ай дейсің, бір қылтанақ көк өскін шөп табу қиын бұл өлкеге Жаратушының мейір-шапағаты қалай молынан түсті екен? Шынында таңқалатын, тамсанатын да көріністер ғой бұл. Құдірет деген сол шығар, барша адамзатқа ұлық болар Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарды жіберді. Ал оған Хира үңгірінде уахи болып түскен Алланың сөздері адам баласын түріне де, түсіне де, тіліне де, нәсіліне де қарамастан Жұмақтың төріне сүйрейтіні ғажап құбылыс қой. Төмендегі имани әңгіме өзегі діні басқа болса да, қасиетті Құранның құдіретін сезініп, Исламды қабылдап, кейін хафиз деңгейіне көтерілген яһуди ұлтының өкілі жайлы өрбиді.

 

Қасиетті Меккедегі Құранды жатқа оқу жарысы әлемнің түкпір-түкпірінен жас қариларды жинаған еді. Жетулла деген жас бала Африка құрлығының қияндағы бір шетінен келіпті. Алғашында шиеттей осы бір қара домалақ баланы көзге ілген ешкім болмады. Қашан сайысқа түсіп, Алланың кәләм сөздерін иінін қандырып, жеріне жеткізіп, жүздердің жүрегін тербейтіндей етіп айтқанда оның шынайы дарынына таң қалмаған ешкім қалмап еді. Қазылық еткен дін ғұламалары да таңдай қағысты. Кіп-кішкентай қара нәсілді баланың бойындағы дарын шынымен көптің ішкі жан-дүниесін қозғап жіберді.

 

Жетулланың әдемі әуезді дауысы бұрын-соңды ешкім естімеген әуенде қалықтап бара жатты. Арада қанша ғасыр өтсе де, көбінің көз алдына Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сенімді серігі Біләл сахабаның кейпі қайтып оралғандай болды. Құтты Біләл сахабаның азан айтқан әуезі осы баланың үні арқылы ғасырлар тұңғиығындағы сырды ақтарып, бір арнаға тоғысқандай әсер қалдырды. Алланың сөздерін осынша асқақ үнмен жатқа айтқан мына балаға тағзым еткен жұрт жанарына еріксіз жас тұнғанын байқамай қалды.

 

«Әй, мына баланың ұстазы да осал адам болмады ғой. Бәйгеге түскен шәкірті қыран құстай қанатын қомдап, қиядан көрініп жатса, ұстазы қандай екен?» деп сан сауалға жауап іздегендер Жетулланың ұстазын көруге асықан-ды.

 

– Менің аяулы ұстазым Жетулла әл-Құрани бүгінде бақилық болған, мен оған өмір бойы қарыздармын. Ата-анам ырымдап қойған ұстазымның есімін асқақ ұстайтын боламын, – деп толғана сөйлеген  қари бала ұстазы Жетулла әл-Құранидың өзі жазып қалдырған естелік әңгімені оқи жөнелді. «...Мен араб пен еврейлер қатар қоныстанған өлкеде өмір сүрген едім» деп басталады ұстазының естелігі. «Балалық шағым таршылықта өтті. Ата-анам да қарапайым адамдар еді. Күнде үйдің жанындағы Ибраһим деген араб сатушының дүкенінен нан сатып әкелетінмін. Әр нан сатып алған кезімде сөреде тұрған тәтті кәмпитті ұрлап кететін едім. Арада біраз уақыт өткенде ұятым оянды ма, кәмпит ұрлап жеуді қойғым келді. Бірде нан алып шығып бара жатқан мені сатушы шал тоқтатып: «Балақай, – деді мейірімге толы жылы жүзімен, – Сен кәмпит алуды ұмытып кеттің ғой», – деді. Одан әрі кәмпитті не себепті алмай жүргенімді сұрады. Сондағы ұялғаным-ай, жерге кіріп кетуге шақ қалдым. Менің жермен-жексен болған түрімді көрген ол таяқ ала жүгірудің орнына, күн сайын нанмен бірге кәмпитті тегін алуыма рұқсат берді. Осылай Ибраһим сатушымен менің болашақ өмірімді түбегейлі өзгерткен достығым басталды. Басыма қандай қиындық келсе, ең алдымен одан ақыл сұрайтын едім. Сонда ол биік сөреде тұрған қалың кітабын қолына алып, парақтап, сосын менің не істеу керектігімді айтатын. Алғашында бұл не кітап екен деп ойлайтынмын. Әйтеуір тегін кітап емес екені сол кезде-ақ санама берік құйылған еді.

 

Күндердің күнінде бір бұйымтаймен оны іздеп келдім. Неге екенін білмеймін, дүкені жабық тұр екен. Көрші сатушылардан Ибраһим атаны сұрап едім, олар: «Сен естімеп пе едің, ол кісі о дүниелік болды ғой» деді. Жүрегім жылап, жанарымнан тоқтаусыз жас тамшылады. Жақын дос адамыңнан айырылу оңай емес екен. Ол жай адам емес, үлкен жүректі жан болатын. Ұлтым басқа болса да тілекші болып, маған деген мейірімін аямайтын.

 

Сол бетте жан ұшырып оның үйін іздеп бардым. Есік алдында жанары жасқа тұмшаланған жұбайы қарсы алды. Сосын: «Балам, сен Жет емессің бе?» деді. Басымды шұлғып, өзімнің Жет екенімді білдірдім. Ол Ибраһимнің өлер алдында бір есін жинаған сәтінде өзін іздеп Жет деген бала келсе, мына Құран кітапты беруді аманат еткенін айтты. Осылай төргі бөлмеден көзіме жылы ұшыраған баяғы кітапты әкеліп маған берді.

 

Кітапты құшақтаған күйі үйге жеттім. Мұнда бір даналық барын іштей сеземін. Бірақ ана-анам кітапты көріп, көздері атыздай болды. Бұл мұсылмандардың қасиетті кітабы екенін айтып, алған жеріме апарып тастауды бұйырды. Осылай ата-анамның да көңілін жыққым келмей, кітапты да қимай екі оттың ортасында қалдым. Бірақ бұл кімнің кітабы болсын, оның менің өмірімді жақсы қырына өзгерткенін ойлағанда одан айрылғым келмеді. Бір жағынан көп жыл дос болған Ибраһим сатушының маған қалдырған аманаты ғой. Тірісінде тек жақсылық ойлаған қарапайым адам өлерінде маған жамандықты қаламайтынын тағы білемін.

 

Сонымен бұл кітапты мектепке баратын жолдағы мешітке апарып бердім. Ондағы ойым өзімнің осы кітапты сатушы атадан көрген сайын ішінде не жазылыпты деген сан сауалға жауап алу еді. Күн сайын мектептен сабақтан қайтып келе жатып, мешітке соғып, ондағы ұзтаздардан арабша сауат ашып, Құран кітапты оқуға машықтана бастадым. Ақыры оны жатқа оқитын дәрежеге жеттім. Расында бұл кітап таңғажайыптарға толы еді. Бір Аллаға ғана аян ғалам жаратылысы туралы таңғажайыптарды осы кітаптан оқып, есімнен адастым. Басқа бір тылсым әлемге ендім.

 

Одан әрі адамзат жаратылысы жайлы Құран сырларын оқығанда  өзімді тура жолға апаратын осы Ибраһим сатушының маған аманат еткен кітабы екеніне көзім жетті. Адамзаттың жаратылысынан бастап, өмір сүрудің сыр-сипаты айшықталып жазылған бұл қасиетті кітаптан айырылғым келмегенін сонда ғана ұқтым. Өз өмірімнің басқа соқпаққа түсетінін көз алдыма елестете алмадым. Менің жолым Құран жолы екенін ұғындым. Исламды хақ дін деп қабылдауым да содан. Есімімді Жетулла әл-Құрани деп азан шақыртып қойғызғанымның сыры да осы. Жаратқан Иемізге баратын тура жолды көрсеткен менің екі ұстазым бар. Біріншісі, қасиетті Құран болса, екіншісі сол Алланың сөзін сезініп, ұғынуыма жол нұсқаған Ибраһим досым еді. Енді өзім Африканың шет түкпіріне барып, өзгеге Құран үйретуді парыз санадым. Қайда жүрсем де, жаны ізгілік пен мейірімділікке толы Ибраһим ұстазымның даналығы жүрек түкпірімде сақталып, сағыныш сезімімді оятады...»

 

Жетулла өз ұстазының естелігін осылай аяқтады. Барша жамағатты өз өнерімен тәнті еткен Жетулланың жанарынан ыстық моншақтар сырғып бара жатты...

 

Бақыт СМАҒҰЛ,

Көкшетау қаласы

"Мұнара" газеті, №20, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #19 Мәуліт мейрамының тарихы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір Еркінбек ШОҚАЙ: АБАЙ және ҚҰРАН
Ұлы Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының бірінші сөйлемі «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деген жолмен басталады. Яғни көркем шығарманың «әл-қиссасы» Абайдың үш жылдық медресе оқуын ойдағыдай тамамдап, екі ағасымен елге оралған кезін суретте...
Құран және тәпсір 135 жыл бұрынғы Құранның алғашқы аудиоазбасы (ВИДЕО)
Бұл өзгеше аудиожазбаның және қасиетті Мекке шаһарының авторы - Христиан Снук Гюрхронье есімді нидерландтық ориенталист әрі саяхатшы. 1884 жылы ол ғылыми сапармен Мекке және Жидда қалаларында бір жыл бойы тұрды. Осы саяхаты туралы «Мекке» деп аталатын өзінің еңбегінде жазып кеткен еді....
Құран және тәпсір Құрандағы КҮН мен АЙ мұғжизасы
Құранда ай сөзі (شهر – шәһр, месяц) 12 жерде келеді: (2:185; 2:185; 2:194; 2:194; 2:217; 5:2; 5:97; 9:36; 34:12; 34:12; 46:15; 97:3). Бұл бір жылда 12 ай (месяц) бар дегенді білдіреді.
Құран және тәпсір ТҰР тауының ғарыштан түсірілген кескіні – «АЛЛАҺ» жазуына ұқсайды
Мысыр археологтар ұйымының мүшесі, жазушы һәм тарихшы ғалым Ғимад Мәһди ғарыштық спутник арқылы Синай түбегін суретке алу барысында мұғжизалы ұлы жаңалық ашады. Ол Солтүстік Синай түбегінен Мұса пайғамбар мен Қызырдың жолыққан жерін іздеу үстінде, Синайдағы Тұр тауының түзілуіне зер салып, оның ғары...
Құран және тәпсір Қарахан дәуірінде аударылған Құран
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігін» зерттеп жүрген соң ол дәуірді кеңінен тануым үшін Қарахан дәуірінде хатқа түскен барлық жазбаны қарауым керек болды. Зерттеу барысымен Түркияда жүргенде «Қарахан мемлекеті кезінде Құранның көне түрік тілінде аудармасы жасалған» дегенді оқыдым. Бұл мәлімет бізді е...
Құран және тәпсір Мұғжизалардың кереметі – Құран
Хәкім Абай «Ақылды адамға иман парыз, иманды адамға құлшылық парыз» дегендей адам баласы өзін жаратқан Құдайды тануы парыз. Сондай-ақ адамзат жаратылысының мәні құлшылық екені даусыз. Алла Тағала пенделерге Өзін пайғамбар-елшілер және иләһи кітаптар арқылы танытады. Ал пайғамбарлардың қолында өзінің...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:51

Бамдатқа дейін 05:38

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi