Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі

| A | +
Үстіміздегі жылдың 19-қарашасында мұсылман ай күнтізбесінің үшінші айы Рабиул-әууәл басталды. Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі? Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың соңғы Пайғамбары әрі Елшісі, «Пайғамбарлардың мөрі», «Әлемдерге жіберілген Рақым» Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дүниеге келді.
 
Оның келуімен ешқандай дәнекерсіз және белгілі бір беделге ие діндар адамдарсыз Жаратушыңмен тікелей тілдесуге болатын бір Құдайға сену дәстүрі жаңғырып, жаңа ғұмырға ие болды.
 
Ол пайда болған кезде бұрынғы монотеизмдік діндер құлдырап, күші тайған болатын. Иудаизм діні еврейлер өз мемлекетінен айрылған сәттен бастап «таңдаулы» халыққа ғана, өз қандастарына ғана арналған ұлттық идеологияға айналды. Христиан діні Исаның (оған Алланың сәлемі болсын) негізгі түпнұсқа ілімін бұрмалап, шіркеу қызметкерлерінің (олар Құдай мен адамдардың арасындағы дәнекер болып саналды) күрделі иерархиясы мен көптеген салт-жоралардан тұратын, ілімі былығып кеткен мемлекеттік дінге айналды. Ол кездері өркениетті әлемде Византия және Парсы империялары үстемдік етіп отырды. Сол өлкелерде жеке тұлға мемлекет тарапынан жаншылып, қолында билігі бар жандардың еркіне түгелдей тәуелді болды. Сондықтан, жаңа уахи түскеннен кейін адамдарға Құдаймен жеке тілдесу мүмкіндігі туып қана қоймай, барлығына бірдей әділдікпен қарайтын әлдеқайда әділетті қоғам құруға деген үміт сәулесі тұтанды.
 
Бастапқы ғасырлардағы мұсылмандар бұл айға ерекше мән бермейтін. Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген махаббат пен ол жайлы естеліктер мұсылман үмбетінің арасында әлі де ұмытылмаған болатын. Алайда, уақыт өте келе мұсылмандар, әсіресе, қарабайыр адамдар оның өмірі мен ілімі жайлы егжей-тегжейлі мәліметтерді ұмыта бастады. Сондықтан, сол жайлы білімді жаңғырту мақсатында мұсылман әміршілер мен ғұламалар осы айда мәуліт секілді іс-шараларды өткізуді жөн деп тапты. Мәуліт – екі әлемнің Мырзасының бұл дүниеге келуіне арналған ерекше мереке. Ең алғаш мәуліттің 12-ғасырда (хижра бойынша 9-ғасырда) Сириядағы Ирбиль аймағының билеушісі Музаффауддин ибн Зейнуддиннің әмірімен тойлана бастағаны белгілі. Ол ең бірінші мәулітті өткізу үшін хадистерді жақсы білетін танымал ғұламалар мен сопылардың басын қосқан.
 
Бұл мерекені тойлау кезінде әдетте сира мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген кезде орын алған ғажайып оқиғалар баяндалатын хадистер оқылады. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ізгі қасиеттері және оған салауат айту қажеттігі мазмұндалатын Құран аяттары оқылады. Көптеген жағдайларда оған салауат айтылып, нашидтер шырқалады.
 
Имам Ибн Хәджәр Әсқаләни немесе имам Суюты сияқты өз заманының ғұламалары мәулітке «бид’ә хәсәнә», яғни, жақсы, игі жаңалық деген баға беріп, оны мақұлдаған. 19-ғасырда (хижраның 13-ғасырында) өмір сүрген әйгілі үнді ғұламасы Абдуль-Хай Ләқнауи (Алла оны рақымына бөлесін) секілді кейінірек заманның ғұламалары да мәулітке рұқсат етілетіні жайлы пәтуа шығарған.
 
«Біз бастапқы үш буынның заманында мәуліт болмағанына және мәуліт жайлы қағидалар имам-муджтахидтерден риуаят етілмегеніне келіссек те, Шариғатта ілім таратуға септігін тигізетін кез келген амал мүстахап деген қағида бар болғандықтан (мәуліт сондай амалға жатады), оның абзал екендігі жайлы үкім шығарылды. Сол себепті де, Әбу Шама, Хафиз ибн Хәджәр, Суюты, Шами (Ибн Әбидин) сияқты пәтуа шығаруға құқылы болған ілімді заңтанушылар мен ғұламалар, Алла олардың баршасын Өз рақымына бөлесін, бұл амалдың абзал екендігі жайлы пәтуа шығарды.
 
Бірақ, мәулітке тыйым салынған дағдылар мен ерекшеліктер енгізілетін болса, бұл амал абзал болудан қалады. Алайда, мұның жалпы мәуліттің рұқсат екеніне қатысы болмайды».
 
[«Мәджмуа әл-Фәтәуә», 2/160-163]
 
Қазіргі кезде мәулітті атап өтуге наразылық білдіріп жатқандар көп. Бірақ, көп жағдайда сынға ұшырап жататын мәуліттің өзі емес, оның төңірегінде туындаған әр түрлі орынсыз іс-әрекеттер (мәселен, оны белгілі бір күнге – 12-рабиуль-әууәлға орайластыру, мерекеде ерлер мен әйелдердің аралас-құралас болуы, спирттік ішімдік ішу және т.б.). Мұндай ерсіліктерді мәуліттің рұқсат екенін айтқан үлкен ғұламалар да құп көрмеген.
 
Қорытындылай келе, бауырларымыз мен әпке-қарындастарымыздың есіне мынаны салып өткіміз келеді: Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келуіне байланысты қуанышымыз мерекелік іс-шараларды өткізумен шектелмеуі тиіс. Адамдар концертке баратындай нашид, лекция және уағыз тыңдап, сөйлесу үшін немесе тіпті дәмді тамақ жеу үшін жиналмауы тиіс. Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік бір реттік, бір жолғы ғана болмауы керек. Біз оған деген махаббатымызды жыл бойы көрсетіп жүруіміз тиіс: әдемі сөздермен ғана емес, ең алдымен мінез-құлығымызбен, амалдарымызбен. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәрізді басқаларға мейірімділікпен қарап, қол ұшын беріп, қиындықта дәл сол сияқты сабырлы болып, құлшылықта ынта танытып, жұмсақ әрі ізгі мінезді болып; ашу-ызадан, ғайбат айтудан, дөрекіліктен, еріншектіктен арылуымыз қажет.
 
Әне, сонда ғана біз Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аңсағандай, ең қайырлы үмбет һәм оның жолын жалғастыратын лайықты ізбасар боламыз. Лайым Алла бізге бұл істе жәрдем бергей.
Авторы Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Еврей ұлы Джад қалай Исламды қабылдады?     31-ші тамыз – Арапа күнгі ораза

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі МҰХАРРАМ АЙЫ – ЖЫЛ БАСЫ
Биыл, 19 шілде – һижра күнтізбесі бойынша 1445 жыл, мұхаррам айының бірінші күні.
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Пайғамбар өмірбаяны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақты қай күні дүниеге келгені тарихшылар мен ғұламалардың арасында пікірталас тудырған. Ибн Джәузи Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (біздің заманамыздың 570 жылы) Рабиуль-Әууәл айында жарық дүние есігін ашқандығы жа...
Ислам күнтізбесі 31-ші тамыз – Арапа күнгі ораза
Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады....

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі 31-ші тамыз – Арапа күнгі ораза
Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады....
Ислам күнтізбесі Құрбан айтқа қатысты жиі қойылатын сұрақтар
«Құрбан Айт» деген атпен белгілі қасиетті Ид-әл-Идха мейрамының қарсаңында өткен жылдардағы тәжірибемізге сүйене отырып, жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарын жариялап отырмыз....
Ислам күнтізбесі Зүл-хиджа айының алғашқы он күні
Құрметті мұсылман бауырлар! Алланың қалауымен, 2017 жылдың тамыз айының 22-жұлдызында, ақшам намазының кірісімен қасиетті Зүл-хиджа айы басталады. Бұл ай төрт құрметті айдың бірі болып саналады....
Ислам күнтізбесі Рамазан 2017. Сөз соңында
Кейбір жандарға осы жылғы Рамазан айы кезекті қадам болса, кейбір жандарға Рамазан айы тумады да. Өмір уақытша әрі жылдам ағысты. Ал оның ақырғы мерзімі Аллаға ғана аян. Кеше 23 жаста едік, бүгін 34 ке келсек, Алла қалап өмір берсе, ертең 60-ты арақалаймыз....
Ислам күнтізбесі Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұру керек пе және қанша уақыт ауыз бекіту кажет?
Мұсылмандар арасында Ораза Айт мерекесі алдында әдеттегідей сәресі ішу керек деген ақпарат кең тараған. Бізге осыған байланысты және осы ақпараттың сенімділігі қаншалықты деген секілді көптеген сауалдар түсіп жатады....
Жаңа мұсылмандар Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті»
Бұл менің он төртінші Рамазаным. Исламды қабылдаған кезімде 27 жаста едім. Сол себепті, Исламды қабылдағанға дейінгі 27 жылда тек қана христиандық мерекелерді атап өтетінмін. Рамазан айы келгенше жаңа қабылдаған дінімді әжептәуір үйреніп қалдым. Әрдайым Ислам дінінің бір мүшесі екенімдігі сезінген с...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 00:08

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
23 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi