Б.ҚАСЫМАЛИЕВ: Құран оқудың артықшылығы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 16:25
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Б.ҚАСЫМАЛИЕВ: Құран оқудың артықшылығы

| A | +

Кез келген кітапты оқу арқылы адам баласы белгілі бір өмірлік пайдаларды алуы мүмкін. Ал, қасиетті Құран Кәрімді оқу арқылы адам баласы өмірлік пайдалармен қатар ақыреттік сауапқа да кенеледі. Өйткені, Құран – мәңгілік мұғжиза. Өмірде де, ақыретте де қасиеттілігін жоғалтпайтын Алланың сөзі. Құран оқудың артықшылығы пендені көптеген жоғары дәрежелерге жеткізеді. Мұны біз Құран оқыған сайын кісінің Алла алдындағы дәрежесінің артатындығы жайлы айтылған хадистерден байқаймыз. Қасиетті Құранды оқуға талпынған адамның да сауабы еселене түседі. Әлбетте, Құранды көркем, тәжуидіне сәйкес оқудың артықшылықтары бір бөлек. Десек те, шариғи қағидаға сәйкес машақат көбейген сайын сауаптың артатынын ескерсек, Құран оқуға талпыну барысында белгілі қиындықтарға кезіккен кісінің сауабы арта түсері сөзсіз. Бұл жайлы Пайғамбарымыздан (с.а.с) Айша анамыз жеткізген хадисте: «Құранды мәнерлеп оқыған қари ұлы періштелермен бір дәрежеде. Тілі сынбай, қиналып оқығанға екі есе сауап беріледі», - деген [Бухари мен Муслим риуаяты].

 

Міне осы хадистен де қырағат ету қиындай түскен сайын дәрежеміздің артатындығын байқаймыз. Өйткені, қиналмай оқыған кісі бір сауап алатын болса, қиналып оқыған кісі қиыншылығы және Құранды оқығаны үшін екі сауап алады. Сол арқылы Алла құзырында да абыройы арта түседі. Тағы бір құдси хадисте Алла Тағала былай дейді: «Кімде кімді Құран оқу, Маған дұға етуден тосып қалса, оған сұрағандарға бергенімнен де ең абзалын беремін. Алла сөзінің ұлықтығы Алланың басқа барлық жаратылыстардан ұлықтығы сияқты» [Термизи риуаяты, хасан-ғариб хадис].

 

Осы құдси хадистен де Құран оқу арқылы тілегіміздің бірден қабыл болатындығын, қабыл болуымен қатар, сұрағанымыздан артығы берілетіндігін байқауымызға болады. Себебі, Құран оқушы әрдайым Алланың рахметінде болады. Оны періштелер қоршап, айналасында тыныштық орнайды. Ал періштелер қоршаған жерге Алланың назары түсіп, ол жерге береке орнайды.

 

Құран оқушының жүрегі нұрланады. Ол нұр кісіні дүниедегі қараңғылықтардан, ақырет зұлыматынан сақтайды. Сонымен қатар, Құранды оқумен бірге оның ішіндегі үкімдерді орындап, тыйымдардан тыйылу сауабымызды еселейді. Кімде-кім Құранды оқып, мағыналарын түсінсе тура бір берік арқанға жабысқан кісідей болады. Ол арқан ол кісіні Алла разылығына жетелейді.

 

Сол сияқты Құранды нәпіл намаздарда да көбірек оқудың артықшылығын айта кеткен жөн. Ибн Бурайда әкесінен Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегенін жеткізеді: «Құран қиямет күні әлі жоқ адам кейпінде келіп: «Сені түні бойы ұйықтатпаған, күндіз шөлдеткен менмін», - дейді қариға» [ибн Мәжа мен Ахмад риуаяты].

 

Осы хадисте айтылғанда Құран қиямет күні өзін оқыған кісіге келіп: «Сені дүниеде түндері ұйқыдан тыйдым, күндіз ашығып, шөлдеп жүруіңе себепші болдым. Сен дүниеде арып-ашып, әлің құрып мені оқығаныңдай менде сенің алдыңа әлі жоқ кісі күйінде келіп тұрмын», - деп шапағат етеді.

 

Пенде бұл дүниеде Құран жолында қызмет етер болса, ақыретте Құран пенде үшін қызмет қылып шапағатшы болады.

 

Ибн Бурайда әкесінен жеткізген тағы бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с) былай дегенін жеткізеді: «Мен Пайғамбымыздың (с.а.с) құзырында отырған кезімде Ол кісі (с.а.с) былай деді: «Бақара сүресін оқыңыздар! Оны оқу береке, тәрік қылу қасірет. Оған сиқырдың күші жүрмейді!». Сосын біраз уақыттан кейін: «Бақара және Әл-Имран сүрелерін үйреніңіздер! Өйткені ол екеуі екі нұр. Қиямет күні бұлыт, яки екі қолшатыр не бір топ құстар күйінде келіп өзін жаттағандарға сая болады. Қиямет қайымда қабірлер ашылып, пенде қабірден тұрғанда Құран оған шаршаған адам күйінде жолығады да: «Мені таныдың ба?» дейді. Пенде: «Сені танымадым». Сонда Құран: «Мені танымағанын қалай?». Пенде: «Иә, мен сені танымаймын». Құран: «Мен сені ыстық күндері шөлдеткен, түнде ұйықтатпаған досың Құранмын ғой! Әрбір саудагер саудасы соңынан пайда көретіні сияқты, сен де бүгін өз саудаңның соңынан пайдаңды көретін боласың», - дейді. Оның оң қолына мүлік, сол қолына мәңгілік беріледі. Оның басына тәж кигізіледі. Ата-анасына екі киім кидіріледі. Ол екеуіне дүниедегі ешкім тең келе алмайды. Соңда ата-ана: «Бұл не үшін?», - деп таң қалысады. Сонда: «Балаларыңыз Құранды үйренгені үшін!», - деген дауыс шығады. Кейін, Құран қариға: «Оқы, жәннат және ондағы бөлмелерге қарай көтеріле бер!», - дейді. Қари тез оқыса да, асықпай оқыса да ақырын жоғарылап кете береді», - деді. [Дәрими, Ахмад, Бәйһақи риуаят еткен].

 

Осы хадистен-ақ Құранның қасиеті мен Құран оқудың көптеген артықшылығын көруімізге болады. Соған байланысты Ибраһим Нәһәи: «Түнде аз болса да Құран оқыңдар», - десе, имам Әузағи: «Кім түнде ұйқысыздық көріп, Құранды көп тіләуат қылса, қиямет күні оның есебі жеңіл болады», - деген. Түнде қырағат қылудың артықшылығы, себебі ол кезде жүрек бір қалыпты, әр түрлі нәрселерден, ойлардан ұзақ болады. Сонда пенденің дүниелік істерді ұмытып, Жаратушыға сыйынуы оңай болады. Сол сияқты рия, тағы басқа сауаптан мақрұм қылатын нәрселерден жырақтайтын кезең түнгі уақыт. Пайғамбарымыздың (с.а.с) Исра және Миғраж оқиғалары да түнде болғанын естен шығармағанымыз жөн. Түнде қырағат қылудың да өз жөні бар. Түні бойы қырағат қылудан гөрі денеге салмақ салмай үздіксіз, күн ара қырағат қылып отыру абзалырақ.

 

Абдурахман ибн Язид (р.а) Абдулладан (р.а) риуаят етеді: «Кім Құранды жақсы көрсе, қуансын!», [Имам Дәрими риуаяты].

 

Кім Құранды жақсы көрсе, Құранға махаббат қойса ол кісі қуансын! Себебі, ондай пендені Алла да жақсы көреді. Құранды ол кісі үшін ақыретте дәлел және шапағатшы етеді. Алла сүйген пенде азапқа ұшырамайды, тек қана құрмет пен сыйға лайық болады.

 

Құранды жақсы көрудің де өзіндік белгілері бар. Тек қана тілмен: «мен Құранды жақсы көремін», - деу жеткілісіз. Құранды жақсы көру, оны үнемі тіләуат қылудан, жаттап жүруден, үйреніп, амал етуден байқалады.

 

Абдулла ибн Масғудтың (р.а) нәпіл оразаларды аз тұтуының бірден-бір себебі де Құран тіләуәтін жақсы көруінде еді. Себебі, көп ораза тұтқан адам физикалық тұрғыда намаз, құран оқу сияқты қосымша нәпіл ғибадаттарға құлықсыз болып қалады. Осыдан байқайтынымыз, кісі өзіне тиісті, пайдасы тиетін амалдарды бірінші орынға шығарып, бұл амалдарға кедергі беретін амалдарды кейінге қалдыруы керек. Құран қырағатының нәпіл оразадан артық тұруының тағы бір себебі, нәпіл ораза кісінің өзіне ғана пайда келтіретін болса, Құран қырағаты өзіне де өзгеге де әсер етеді.

 

Әбу Умәмә (р.а) Пайғамбарымыздан (с.а.с) жеткізген хадисте: «Құран оқыңыздар! Өйткені Алла Тағала құран сіңген жүректі азаптмайды!», - дейді [Тәмим Рази риуаят еткен].

 

Құран сіңген деген тіркесті, оны жаттау, оқу, аяттарға ой жүгірту деп түсінуімізге болады. Пенде Құран оқыған сәтте оны ой елегінен өткізеді. Аяттар жүрекке жетіп, сіңеді. Құраннан әсер алады. Пенде мұны сезінсін, сезінбесін, кім Құран оқыса, оны жаттаса, түсінсе оны Алла азаптамайды. Оны түрлі қиыншылықтардан құтқарады.

 

Қорыта келгенде, Құран оқудың артықшылықтарын төмендегіше түсіндіруге болады:

 

  • Әуелі, қари Құран оқушы ғұламалар қатарында, адамдардың ең абзалы, ең құрметтісі болады.
  • Құран оқылған сәтте, әрбір әріп үшін жақсылық, бір сауап жазылып, ол Алла құзырында еселене береді.
  • Құран оқушы әрдайым Алланың назарында болады.
  • Алла Тағала Құран оқушының жүрегін, Өз Кәләмымен (Сөзімен) нұрландырады.
  • Құран оқушы қырағат ілімдерін толық меңгеріп, Құранды кемел дәрежеде оқитын болса, Алла Тағала оны қиямет қайымда пайғамбарлар, шыншылдар, шәһидтер және салихалы пенделерімен бірге тірілтеді.
  • Құранды әрдайым оқып, оған амал еткен кісі дүние және ақыретте ешқандай қауіп-қатерге ұшырамайды. Өйткені ол Алланың қамқорлығында болады.
  • Кімде-кім Құранды ұлықтаса, Алла оны ұлықтап, қиыншылықтардан құтқарады.
  • Құран оқушы және оған амал етушінің ата-анасы қияметте Алланың рақметіне ие болады. Балалары Алланың сөзін ұлықтағаны үшін оларға рақым етіледі.
  • Қари кісі жәннатта да жоғары мәртебеге ие болады. Құранды қаншалықты білуіне байланысты қадір-қасиеті арта береді
  • Құранды оқу қаридың жан-жағына періштелердің жиналуына себепші болады. Тиісінше періштелер оған кешірім тілеп, дұға қылады.
  • Құран оқушы және оған амал етуші Алланың әулие достары қатарында болады. Алла оларға рақыметін жаудырып, өз кешіріміне алады.

 

Құран оқып жатқан әрбір кісі осы қасиеттерді ой иелігінен өткізер болса, Құран оқуға деген махаббаты артып, Құранды үйрену жеңілдей түседі. Себебі, мұның бәрі Құранды оқуға, жаттауға, оны түсініп білуге үндейтін негізгі қасиеттер. Осының барлығын бойына сіңіріп, амал еткен кісінің тірі Құран, яғни әрбір ісі, жүріс-тұрысы Құранға сәйкес болары сөзсіз. Ал бұл Алла разылығына жетелейтін негізгі жол.

 

Алла баршамызды Құранға құмар, осы қасиеттерге ие, Өзінің уәли достарынан етсін!

 

Бахтияр ҚАСЫМАЛИЕВ

"Қарағайлы" мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Асет АТАШОВ: Отанды сүю – иманнан! Отанды қорғау – қасиетті борыш

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір «Құран Кәрімді аударуға он жыл жұмсадым» – Ершат ОҢҒАРОВ
Қасиетті Құранның қа­зақ­ша аудармасы жарық көр­­ді. Аударған – ҚМДБ Тө­­рағасының орынбасары, наиб мүфти, исламтанушы-теолог Ершат Оңғаров. Бұл аударманың бұрынғы ау­дар­­малардан өзгешелігі неде? Кейіпкерімізге қой­ған сауалымыз да осы бол­ды....
Құран және тәпсір С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары
Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола ...
Құран және тәпсір Абайдың отыз бесінші қара сөзіне Құраннан тәпсір
Абай атамыздың қара сөздерін оқи отырып, отыз бесінші сөзіне келгенде, университеттегі профессорымның «Һуд» сүресінің (16-17) аяттарын екі сағатқа жақын түсіндірген тәпсірі есіме еріксіз түсті....
Құран және тәпсір «Жәннатқа кірген күннің өзінде Сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!.»
Ибн Мұрдуайһ пен Әбу Нуғайм және Дия Мәқдиси «Жаннаттың сипаты» кітабында* Айша анамыздың былай дегенін жеткізген: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Сен маған жанымнан да, ата-анамнан да сүйіктісің! Үйде жүргенімде сен есіме түсе қалсаң, келіп көзіммен көргенше шыдай алмаймын. Өзімнің ақыреті...
Құран және тәпсір Құран және Ғылым: Жалғаншы әрі күнәһар КЕКІЛ
Алла Тағала Құран Кәрімде Қағбада намаз оқып жатқан Мұхаммед пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қастық қылмақ болған адам туралы мынадай аяттар түсірген: «Жоқ! Егер ол тыйылмаса Біз оның кекілінен ұстап аламыз, жалғаншы әрі күнәһар кекілінен» (Алақ сүресі, 15-16 аяттар)....
Құран және тәпсір Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі
Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі туралы Түркияның Анкара университетінің студенті Юсуф Керкукли өзінің ғылыми дәйектерінде былайша түсіндіреді. Ол Ықылас сүресін қайта-қайта мұқият зерттеп, онда кездесетін араб әріптерінің тәртібіне назар салған....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:25

Ақшамға дейін 00:50

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
24 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi