ТАҒЫЛЫМ ТҰНЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
![](/media/images/5bd345c7e7e8a.jpg)
Алматы қалалық Орталық мешітінде көненің көзін көрген, Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні Зейнеп Ахметова апамыздың қатысуымен ұлттық тәлім-тәрбиенің маңыздылығы турасында семинар болып өтті.
Әрине, тағылымның тұнығы – Ұлттық тәрбие екені бесенеден белгілі. Ол сонау ықылым заманнан бастау алған, ұрпақтар сабақтастығымен жалғасын таба беретін киелі үрдіс пен сарқылмас қазына.
Семинар барысында бала тәрбиесі, бүгінгі бойжеткен – ертеңгі ана, ене мен келін қарым-қатынасы сынды маңызды мәселелер қозғалды.
Келелі басқосуда келген қонақтар көкейде жүрген сауалдарына тұщымды жауаптар алып, апамызға өз алғыстарын білдіріп, қимастықпеп қоштасты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
![](http://admin.azan.kz/media/26666666/1.jpg)
![](http://admin.azan.kz/media/26666666/2.jpg)
![](http://admin.azan.kz/media/26666666/3.jpg)
![](http://admin.azan.kz/media/26666666/4.jpg)