БАС МҮФТИДІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ІРІКТЕУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Бүгін, "МЕДИНА" спорт кешенінде Бас мүфтидің жүлдесі үшін қазақ күресінен V Республикалық турнирге Алматы қаласы жамағаты бойынша іріктеу сайысы өтті.
Іріктеу сайысына 28 балуан қатысып, өзара күш сынасты.
Жарысты Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы сөз сөйлеп ашып берді. Ол сөзінде айтулы шараға ат салысып, спортқа көңіл бөліп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген балуандарға өз алғысын жеткізді.
Ал, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Есенбеков жарысқа қатысушы балуандарға алдағы сайыстарда сәттілік пен жеңіс тілеп, өзінің жүрекжарды лебізін білдірді.
Сондай-ақ Таугүл мешітінің бас имамы Камалжан Тұрдыбаев та жарыстың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болды.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде екі балуан (І және ІІ орын иегерлері) Астанада өтетін қазақ күресінің V Республикалық турниріне жолдама алды.
Алматы қаласы бойынша қазақ күресінен жүлделі орын иегерлері:
1 орын – Алмас Мухаметулла
2 орын – Зекен Ерболат
3 орын – Исатай Қойшыбаев
Жеңімпаздарға алдағы жарыстарда топ жарып, биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі