«ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕГІ ДІН» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
ҚМДБ-дан берілген нұсқаулық бойынша мешіт қабырғасында қызметте жүрген діни қызметкерлердің біліктілігін ұдайы жоғарылатып отыру мақсатында, қазан айының 8-15 күні аралығында, Алматы орталық мешітінде «Зайырлы мемлекеттегі дін» атты семинар-тренинг өтті.
ҚМДБ және Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығымен» бірлесе отырып ұйымдастырған тренингте «Нұр-Мүбарак» ЕИУ философия ғылылдарының докторы, профессор Қайрат Затов және ҚазҰУ-дың Phd докторы Құдайберді Бағашаров және ҚазҰУ-дың ақпараттық-насихаттау бойынша сарапшысы, дінтану кафедрасының аға оқытушысы Берікбаев Елнар зайырлы мемлекеттегі дін мәселелесі жөнінде дәріс оқыды.
Тренинг барысында Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы да қала мешіттерінің имамдары, ер және әйел ұстаздарымен жүздесіп, оларға мемлекет пен діннің арақатынасы, зайырлылық ұғымының мән мен маңызы туралы түсіндіріп берді.
Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған бір апталық семинар-тренингке жалпы жиыны 163 адам қатысты.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі