АЛМАТЫДА ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫНА ІРІКТЕУ САЙЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен XIІІ Республикалық Құран жарысына Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Ардақты Елші Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің", - деген.
Осылайша қасиетті Құран Кәрімнен XIІІ Республикалық жарысқа іріктеу сайысынан жүйріктер анықталды. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылды.
Іріктеу сайысының жүлдегерлері ХІІІ Республикалық Құран жарысына жолдамаға ие болды:
Мәнерлеп оқу :
1 - орын иесі Бақберген Жарқынбекұлы,
2 - орын Равшанбек Ражабмахмадұлы,
3 - орын Берік Асқарұлына бұйырды.
10 пара бойынша:
1 - орын иесі Нурифат Нұрмахаметұлы,
2 - орын Билал Нодирұлына,
3 - орын Дінмұхаммет Ділмұратұлына берілді.
20 пара бойынша:
1 - орын Юсуф Илашұлына,
2 - орын Суннат Низамиддинұлына,
3 - орын Диас Бақытұлына бұйырды.
30 пара бойынша:
1 - орын иесі Әбілхайыр Ералыұлы,
2 - орын Гиесжон Нематжанұлы,
3 - орын Мансұрхан Сарварханұлына бұйырды.
Жеңімпаздарға қаржылай сый-сыяпат көрсетілді.
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз, сондай-ақ ХІІІ Республикалық құран жарысына сәттілік тілейміз.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі