ДОНОРЛЫҚ НЕМЕСЕ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ОРНЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 16:25
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

ДОНОРЛЫҚ НЕМЕСЕ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ОРНЫ

| A | +

  بسم الله الرحمن الرحيم               

 Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен!

 

الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على خير خلقه محمد وعلى آله وأصحابه و من اتبعهم إلى يوم الدين ” أما بعد“ 

Күллі мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы – Алла тағалаға болсын!Жаратылғандардың абзалы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына және оларға ергендерге қияметке дейін Алла тағаланың сәлемі мен салауаты жаусын! 

Күллі ғаламды жоқтан бар еткен Жаратушы Жалғыз Жаббар Хақ Тағала адам баласын барша жаратылыстың ардақтысы етіп жаратқан. Бұл сөзіміздің дәлелі ретінде қасиетті Құран мен сүннеттен айтар болсақ, Алла тағала «Бақара» сүресінің, 30-шы аятында:

 وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلائِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الْأَرْضِ خَلِيفَةً

«(Мұхаммед ғ.с.) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!», - деген еді...», – деп ескертеді. Яғни, адам баласы жер бетінің халифасы. Ал, екі дүниенің сәруары, адамзаттың асыл тәжі, ардақты Елші (с.ғ.с.) өзінің хадисінде:

«...Адамның қадірі мен құрметі Кағбадан да артық...», – дейді. Алланың елшісі (с.ғ.с.) бұл сөзін Мекке фатх болып, мүшріктердің қолынан алынған уақытта Біләлға Кағбаның үстіне шығуын бұйырады. Сол уақытта үнсіз қалған сахабаларының жүрегін тыныштандыру үшін және мүміннің қадірінің Алланың жанында сол Кағбадан да артық екендігін түсіндіру үшін осылай бұйырған еді.

Міне, бауырлар баршамыз осындай дәрежеде Алланың қасында ардақтымыз, сансыз шүкірлер болсын!

Ал, егер кімде-кім сол Алланың құрметті әрі ардақты еткен адам баласын өлімнен құтқарылуына себепкер болатын болса, оның сауабы мен артықшылығын санап түгесе алмайтынымз ақиқат. Оны Жалғыз Жаратушымыздың Өзі ғана біледі.

Трансплантация – (лат. transplantatio – ауыстырып қондыру, салу, отырғызу) адам мен жануардың мүшелерін, тіндерін бір организмнен (донордың) екінші организмге (реципиентке) ауыстырып, қондыру дегенді білдіреді.

Жалпы трасплантация жасау, яғни бір адамның (тірі болсын, мейлі өлі болсын) кейбір ағзаларын екінші бір адамға ауыстырып, қондыру рұқсат етіледі. Алайда, бұл амал адамды қорламайтын дәрежеде және белгілі бір шарттары толық орындалған жағдайда ғана рұқсат болып табылады.

Трансплантация жасаудың рұқсат екендігіне мыналар дәлел болады:

1. Алла тағала адам баласын ардақтады. Ол жайлы  Жаратушы Иеміз:

  وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى كَثِيرٍ مِمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلا.

«Сөз жоқ. Біз Адам балаларын ардақтадық. Құрлықта, теңізде алып жүрдік, тәтті тағамдармен қамтамасыз еттік. Жан біткеннің көбінен оларды үстем еттік»[1], -  дейді.

Сондықтан, Ислам адам тәні мен өміріне зиян тигізбеуге үндейді. Адамның денсаулығына зиян келтіретін нәрселерден алыс болуға шақырады. Харамға, зұлымдыққа алып баратын істерге жоламауды бұйырады. Сонымен қатар, ауырған сәтте емделу жолдарын іздеуді міндеттейді.

Усама бин Шәриктен жеткен риуаятта былай делінеді: «Шөл далада өмір сүретін бір араб келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Дәрі ішіп, емделсек бола ма?» - деп, сұрағанда, Ол (с.ғ.с.): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты. Оны білгені білді, білмегені білмеді», - деп жауап берді»[2].

Демек, трансплантация жасау да адам баласының жанын сақтап қалуға себеп болатын емдеу жолдарының бірі.

2. Бұл амал Құранда айтылғандай, бір адамды өлімнен құтқару – барша адамды құтқарумен тең. Алла тағала былай дейді:

 مَنْ قَتَلَ نَفْسًا بِغَيْرِ نَفْسٍ أَوْ فَسَادٍ فِي الأرْضِ فَكَأَنَّمَا قَتَلَ النَّاسَ جَمِيعًا وَمَنْ أَحْيَاهَا فَكَأَنَّمَا أَحْيَا النَّاسَ جَمِيعًا.      

«Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең және кім оны тірілтсе, (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілткенмен тең»[3].

Адамның денсаулығына қатер төнген жағдайда тіріден тіріге ағзаларды тарансплантация жасау рұқсат болғандай, зәру болған жағдайда өлген адамның ағзаларын тірі адамға да ауыстыруға болады. Өйткені, өлген адам Құран[4] мен хадисте[5]  айтылғандай, тірі адаммен бірдей құрметке лайық болады. Әрі, өлгеннен кейін мүшелерін басқа біреуге ауыстырған жағдайда да оның құрметі төмендемейді.

Сонымен бірге, тірі адамның мүддесі өліге қарағанда жоғары тұрады. Себебі, тірі пенде тіршілігін жасап, Алланың шариғаты мен дінін насихаттайды, жалғыз Жаратушыға құлшылық етеді. Ислам шариғаты бойынша ананың жанын сақтап қалу – жатырдағы баланы өлімнен құтқарудан жоғары тұрады деп бекітілген. Өйткені, ананың жанын сақтап қалуға мүмкіндік бар, ал баланың тірі туылуы екіталай.

Міне, ана өмірінің жатырдағы баладан жоғары тұруы да тірі адамның мүддесі үшін өлі адамның ағзасын тіріге ауыстыруына рұқсат екендігіне дәлел. Және бұл әрекет өлген адамға зиян жасау немесе қорлау болып саналмайды.

 Донордың өзіне немесе өлгеннен кейін мирасқорларына ағза өтемі ретінде материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету шартымен, сауда-саттық, пайда табу секілді мақсаттар көзделетін болса трансплантация  жасау рұқсат етілмейді. Ал, жалпылама алғанда, тіріден тіріге немесе өліден тіріге ағзаны ауыстыру үшін мынандай шарттар толық болуы тиіс:

1. Тірі адамның ағза мүшесін екінші бір тірі адамға ауыстыру шарттары:

1) Аса қажеттілік, зәрулік болса. Яғни, сенімді, әділ медицина мамандарының шешімімен науқас адамды ауруынан айықтырудың жалғыз жолы – трансплантация жасау болған жағдайда. Сондай-ақ, ағзасын беруші балиғат жасына толған, ақыл-есі бүтін, ерікті болуы шарт.

2) Ағзаны өзгеге салу отасы сәтті әрі толықтай пайдалы болатынына толықтай көз жетсе. Яғни, бос қинау болмауы керек. Өйткені, кейбір денелер басқа дене мүшелерді қабылдамауы ықтимал.

3) Донардың ағзасын алу отасы оған ешқандай зиян жеткізбейтініне немесе оның ертеңгі өмір тіршілігіне кері әсерін тигізбейтіндігіне медицина мамандарының нақты тұжырымдары болуы тиіс[6]. Өйткені, науқастың мүддесі ағзасын беруші адамның мүддесінен жоғары тұрмайды.

4) Бұл амал ешқандай материалдық немесе рухани қайтарымсыз жүзеге асуы тиіс. Яғни, ағзаны сату, пайда табу мақсатында берілмеуі тиіс.  

5) Ең кемі үш адамнан (медицина маманы) құрылған әділ, сенімді әрі осы ота жасау арқылы пайда табуды көздемейтін коммиссия ота жасалмастан алдын осы емдеу жолының реципиентке (ағза мүшелері ауыстырылып жатқан адамға) нақты пайдасы тиетінін және келешекте донордың (ағзаны берушіге) денсаулығына, өміріне зиян тимейтіні жайлы жазбаша түрде нақты шешім шығарып, оны донор мен науқасқа  беруі шарт.

6) Ауыстырылатын ағза ұрпақ тарату жүйесіне (жыныстық мүшелерге)  байланысты болмауы шарт.

2. Өлінің ағза мүшелерін тірі адамға көшіру шарттары:

1) Шариғат көзқарасы жағынан ағза берушінің өлімі нақты болуы тиіс. Яғни, рухы тәнінен ажырап, бүкіл дене-мүшелері қайта қалпына келтіре алмайтындай жағдайға жетіп, жерлеуге рұқсат беретін дәрежеде болуы керек. Клиникалық өлім немесе миы өліп, басқа дене мүшелері істеп тұруы шариғи өлім болып саналмайды. Тек жүрек соғысы, тынысы тоқтап, мидың бүкіл қызметтері істен шығып, рухы мен денесі бір-бірінен ажырағанда ғана өлік болып есептеледі. Адамның жаны шыққаны немесе шықпағаны үш адамнан құрылған білікті, сенімді медицина мамандарының жазбаша түрде куәлік етуімен болады. Бұл коммиссия мүшелері мемлекеттік деңгейде расталған мамандар болу керек. Егер осы аталған шарттар орындалмай, адамның ағза мүшелері тасымалданса, оны өлтіргенмен тең күнәға батады.  

 2) Трансплантация жасау, шынымен де зәрулік жағдайда болуы шарт. Яғни, дәрігерлер науқасты тек тірі немесе өлі адамның сау мүшелері арқылы емдеуден басқа амалдың жоғын, әрі ауру адамға оның пайдасы тиетінін нақты айтуы тиіс.

3) Ағзаны беруші адам өз еркімен тірі кезінде ақыл-есі дұрыс сәтінде өлгеннен кейін белгілі мүшелерін басқа адамға беруін өсиет еткен болуы шарт. Өйткені, трансплантация жасау адамды қорлауға алып бармау керек. Яғни, өсиеті адамның денесі босап қалатындай көптеген ағза мүшелерін қамтымауы тиіс. Себебі, бұл Құранда адамды ардақтап келген аятқа қайшы әрекет. Алла тағала былай дейді:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ.   

«Расында Адам баласын ардақтадық»[7].

4) Өліден тіріге көшіргелі жатқан ағза ұрпақ тарату жүйесіне байланысты болмауы шарт. Яғни, ұрпақ таратуға атсалысатын адам ағзалары болмауы қажет.

5) Мұндай ота түрлері мемлекеттік деңгейде расталған, қатаң бақылау аясындағы мекемелерде жасалуы шарт. Және ағзаны көшіру ешбір материалдық қайтарымсыз жүзеге асуы тиіс.

Міне, осы сияқты пәтуаны Мысырдың алдыңғы мүфтилері де шығарған, атап айтқанда, 1959 жылы Хасан Мамун, 1966 жылы Ахмад Хариди, 1979 жылы Жәддул Хақ Али Жәддул Хақ, 1989 жылы Мухаммад Сайд Тантауи. Сол сияқты «Әл-Азһар» университетінің бас шейхы Ахмет әл-Тайып және д. Али Жума.

 

Қорыта келгенде, жоғарыда аталған қағидалар сақталған жағдайда Алланың ең көркем жаратылысы адам баласына өмір сыйлауға себепкер болудың мәртебесі жоғары екендігін ұғындық.

Алла тағала баршамыздың тура жолда болуымызды нәсіп ойлап, сауапты Шағбан айында салихалы амалдарымызды көбейтіп, сағына күткен Рамазанға аман-есен қауышуымызды тағдыр еткей! Әмин!

 


[1] «Исра» сүресі, 70-аят.

[2] Ахмад риуаяты.

[3]  «Маида» сүресі, 32-аят.

[4] Алла тағала былай дейді:

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ.  

«Расында Адам баласын ардақтадық» («Исра» сүресі, 70-аят).

[5] Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Өлген адамның сүйегін сындыру – тірі адамның сүйегін сындырғанмен тең» (Ибн Мәжә риуаяты).

[6] Егер адамның мүшесін ауыстыру өлімге алып барса, мысалы жүрек секілді, онда донар рұқсат берсе де, бермесе де харам болады. Өйткені, оның берген рұқсаты өзін-өзі өлтіргенмен тең. Ал, рұқсат етпесе, онда ешбір айыпсыз адамды өлтірген болады. Бұл екеуі де шариғатта бекітілгендей, харам.

Сонымен қатар, егер ағзасын ауыстыруы өлімге алып бармайтын болса, (яғни ол мүшесіз өмір сүре алатын болса) яғни,  ағза мүшесін ауыстырумен іске жарамсыз болып қалса, донар рұқсат берсе де, бермесе де харам болады. Мысалы: екі қолды немесе екі аяқты ауыстыру, онсыз өмірлік кәсібін жасай алмайды. Сондықтан бұл жағдайда ағзаны ауыстыру харам болмақ. Ал екі көздің бірін немесе екі бүйректің бірін немесе тістердің бірін немесе қанның кейбір бөлігін ауыстыру болса, онда кісінің рұқсатынсыз ғана харам  болады. Тіпті көпшілік ғалымдар оның рұқсатымен болса да харам болады деді. Бұл нәрселер фиқһ кітіптарында адамға және оның мүшелеріне зиян келтіру жайында нақты баяндалған.

[7] Исра сүресі 70-аят.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ІЗГІ ҚОҒАМ ЕРЕЖЕП ​​– БЕРЕКЕЛІ АЙ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап СУЛЫҚПЕН ДӘРЕТ АЛУҒА БОЛА МА?
Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Намазға тұрар алдында беттеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. Аяқтарыңды да тобыққа дейін жуыңдар», – деп бұйырды («Мәида» сүресі, 6-аят).  ...
Сұрақ-жауап КӨЛІКТІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАУДЫҢ (БАРТЕР) ҮКІМІ
Қазіргі таңда көлік сатып алу мен сатудың бірнеше жолы бар. Соның бірі – белгілі бір маркалы көлікті басқа маркалы көлікпен айырбастап, үстінен ақша қосып сату.  
Сұрақ-жауап ТӘБӘРІК ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Тәбәрік – береке тілеу деген мағынаны білдіреді. Әр-Рағиб әл-Әсфәһани: былай дейді: «Береке – бір нәрседе иләһи жақсылықтың тұрақталғанын аңғартады». Ибн Манзур: «Береке – өсу, арттыру деген мағынада. Тәбәрік – адамға немесе басқа нәрсеге береке тілеп, дұға ету»[1], – дейді....
Сұрақ-жауап СЮЦАЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ
Сюцай – раджа-йога философиясына негізделген нумерологияның бір түрі. Бұл жүйенің сенімінде адам өміріндегі белгілі сандар (туған күні, неке қиған кезі т.б.) бір планета энергиясымен тығыз байланыста болады. Сандарда адамның мінезі, қабілеті, өмірге келген мақсаты, болашақта орын алатын оқиғалары қа...
Сұрақ-жауап ДІНІМІЗДЕ ХЭЛЛОУИН АТТЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕП ТОЙЛАУДЫҢ ҮКІМІ
Сұрақ: Дінімізде хэллоуин атты күнді мерекелеп тойлаудың үкімі қандай?
Сұрақ-жауап ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ТҮСІМІЗГЕ КІРЕТІНІ РАС ПА?
Әссәламу алейкум! Сіздерден сұрайын дегенім, Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсімізге кіретіні қаншалықты рас?
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:25

Ақшамға дейін 01:27

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
23 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi