ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ

| A | +

Бүгінде әлем мұсылмандары жұқпалы дерттің салдарынан екі жылға созылған үзілістен кейін үлкен қажылық жасауға ниет етуде. Біздің де 4 мың отандасымыз ұлы сапарға баруға қамдануда. Алла қажыларымыздың ізгі ниетін, қажылығын қабыл етіп, елімізге аман-есен оралуын нәсіп еткей!

Алла Тағала қасиетті кітабымыз Құранның «Хаж» сүресінің 26-28 аяттарында былай баяндайды: «Әйтсе де, кезінде Ибраһимге қасиетті Үйдің (Қағбаның) орнын (құлшылық ететін жер ретінде) белгілеп бергенімізде оған: «Маған еш нәрсені серік етіп қоспа. Үйімді оны тауап ететіндер, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп құлшылық ететіндер үшін таза ұста» деп бұйырған едік. Адамдарға «Қажылыққа келіңдер» деп жар сал. (Барлық адамдарды қажылыққа шақыр). Олар саған мейлі жаяу-жалпы, мейлі ұзақ жолдан арып-ашқан түйелерге мініп болса да дүниенің түкпір-түкпірінен (төрт бұрышынан) келсін. Келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған көптеген (рухани һәм дүниелік) пайдаларды көрсін. Сондай-ақ Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын. Сөйтіп құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер!».

Біз бұл аяттан Алла Тағала мұсылман үмбетіне қасиетті үйді, яғни Қағбаны тауап етіп, онда қиямда (тікесінен тік) тұрып, рукуғ жасап (иіліп) әрі сәжде етіп, құлшылық жасайтын жер ретінде белгілеп бергенін түсінеміз. Демек қажылыққа барудағы негізгі мақсат пен ниет – Аллаға құлшылық ету.

Алла Тағала жоғарыда келтірілген аяттың жалғасында: «...мейлі жаяу-жалпы, мейлі ұзақ жолдан арып-ашқан түйелерге мініп болса да дүниенің түкпір-түкпірінен (төрт бұрышынан) келсін» дейді. Адам баласы Алланың ризалығын алу үшін қандай қиындық болса да оған төзіп, алыс сапар болса да қажылыққа барып, өзіне жүктелген парыз амалды ықыласпен орындауға тырысады. Иә, Мекке мен Мәдина жақын жер емес. Алайда мұсылман баласын Мекке мен Мәдина қаласына аяғы емес, ықыласы жетелеп барады. Ықыласты пенде үшін жердің алыстығы, сапардың қиындығы мәселе емес. Аллаға деген махаббат барлық сынақты сабырға жеңдіруге жетелейді.

Жаратушы Жаббар Иеміз аяттың жалғасында: «келіп, қажылықта өздерін күтіп тұрған көптеген (рухани һәм дүнилік) пайдаларды көрсін...» дейді. Қажылық – адам өмірін өзгертетін құлшылық. Ұлық сапардың мұсылманға берер рухани пайдалары өте көп. Өйткені қажылық – бүкіл болмысыңмен, шынайы ниет-ықыласыңмен, мал-дүниеңмен, денсаулығыңмен жасайтын ұлы құлшылық.

Ислам дініндегі көптеген құлшылық түрлері жамағатпен бірге орындалады. Мұсылмандар күніне бес уақыт намазды бір жерде, яғни мешітте оқуға тырысады. Алланың үйінде күніне бес рет бір-біріне жолыққан жамағаттың бауырмалдық қасиеті беки түседі. Одан бөлек көпшілікпен оқылатын жұма, Ораза айт, Құрбан айт, тарауық намаздары мұсылман үмбетін мешітке топтастырады. Алла Тағала бұдан бөлек дүниенің төрт бұрышындағы мұсылмандарды қасиетті Қағбаға бірнеше күнге жинап, бір-бірімен бауырластырады. Бұл – Алланың хикметі.

Қажылықта пенденің тақуалығы артады. Жоғарыда келтірілген аяттың жалғасында: «Сондай-ақ Алланың өздеріне ризық етіп берген малды белгілі күндерде Алланың атын атап, құрбандыққа шалсын...» делінген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Адам баласы Құрбан айт күні құрбан шалудан сүйікті басқа іспен Алла Тағалаға жақындаған емес... Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар» деген.

Құрбандық шалу адам баласын тақуалыққа жетелейді. Өйткені мұсылман құрбандығын шынайы ниетпен, Алла разылығы үшін шалады. Алла Тағала пендесінің амалына емес, ниетіне қарайды. Сондықтан Ислам діні ниетке мән береді. Шын мәнінде бүкіл әлемнің Жаратушысы болған Раббымыз адамның шалған құрбандығына мұқтаж емес. Алла тек шынайы ниетпен жасалған құлшылықты қабыл етеді. Сондықтан Құранда мынадай аяттар келтірілген: «Аллаға олардың еттері де, қандары да жетпейді. Алайда Оған сендердің тақуалықтарың ғана жетеді» («Хаж» сүресі, 37-аят).

«Хаж» сүресінің 28-аятының жалғасында: «...Сөйтіп құрбандыққа шалынған малдың етінен өздерің де жеңдер, пақырлар мен кедейлерге де жегізіңдер!» делінген. Құрбандық етінің мұқтаж жандарға таратылуының мәні үлкен. Бай мұсылман құрбандық шалғаннан кейін оның етін көмекке зәру адамдарға тарату арқылы бойындағы қатыгездік, тәкаппарлық секілді жағымсыз сипаттардан арыла бастайды. Өйткені садақа беру – мұсылмандардың арасына мейірімдік сынды сезімді ұялататын сауабы мол іс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларымыздың дұрыс құлшылық жасауын үйлестіру мақсатында Қажылық миссиясын құрып, жұмыс тобын бекітті. Миссия құрамына елімізге танымал ұстаздар мен ғалымдар, имамдар мен білікті мамандар енді. Діни басқарма жанындағы Уағыз-насихат бөлімі қажылық сапары кезінде уағыз айту жұмыстарын үйлестіреді. Ал Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары қажылық сапарына қатысты сұрақтардың жауабын беріп, өзекті діни мәселелерге қатысты пәтуа шығарып, қажыларымызды құлағдар етіп отырады.

Сонымен қатар Қажылық миссиясымен бара жатқан дәрігерлеріміз де отандастарымызға медициналық қызмет көрсетіп, дер кезінде ем-дом жасау іс-шараларын жүзеге асырмақ. Ал ақпарат саласының мамандары қажылықтан тікелей репортаждар жасап, жаңалықтарды дер кезінде жеткізеді.

Алла Тағала барша мұсылман үмбетіне қабыл болған қажылықты нәсіп етіп, отандастырымыздың елімізге аман-есен оралып, отбасымен қауышуын жазғай. Әмин!   

 

«Мұнара» газеті, №12, 2022 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН ҚАЙТАРУ ӘДЕПТЕРІ ЖАТ АҒЫМҒА ЕРУ ЖАЗАҒА АПАРАР БІР ҚАДАМ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ӨЗ ХИКМЕТІ БАР
Қажылық – Алланың разылығы үшін орындалатын ұлық құлшылық. Шамасы жететін мұсылман үшін – парыз. Бұл жайында Алла Тағала Құранда былай деген: «Алланың үйін зиярат етуге шамасы келетін әрбір адам үшін қажылыққа бару – оның мойнындағы Алланың ақысы» («Әли Имран» сүресі, 97-аят). Аятта айтылғандай, шам...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН УМРАНЫҢ ҮШ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ
Қажылық пен умра құлшылықтың бірдей түрі деуге келмейді. Соған қарамастан, ол екеуі бір жерде жасалады, бірақ негізінде екі құлшылық бір-біріне ұқсамайды.
Қажылық ПЕРІШТЕЛЕР СӘЛЕМ БЕРЕТІН САПАР
Асыл дініміз Исламдағы бес парыздың бірі – қажылық. Қажылық сөзінің тілдік мағынасы «ұлық тұтқан нәрсеге талпыну және ниеттену, оны мақсат тұту» деген ұғымды білдіреді. Фиқһ іліміндегі қажылық сөзінің мағынасы мынадай: балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы сау әрі қаражат мүмкіншілігі табылға...
Қажылық ҚАЖЫЛЫҚТА ҚАБЫЛ БОЛҒАН ДҰҒА
Қайбір жылы қажылыққа барған бір кісінің басынан өткен осы оқиғаны естіп, таң қалдым.
Қажылық Қажылықтағы адам арапа күні ораза ұстай ма? / ҚМДБ пәтуасы
Қажылық кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқан не тұтпағандығы жайында түрлі сөз айтыла бастаған. Сонда көпшілікпен бірге Арапаға шыққан Абдулла ибн Аббастың өгей анасы Үммі Фадл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүт беріп жібереді. Пайғ...
Қажылық Қажылық сапарына дайынсыз ба?
Алла қаласа, аздаған уақытта еліміздің қажылары қасиетті қос мекен – Мекке мен Мәдинаға барып, қажылық парыздарын өтемекші. Ал біз, өз кезегімізде қажылық сапарға аттанбақшы болып, ниет еткен жандарға өз тарапымыздан сапарға ала шығуға қажетті заттардың топтамасын назарларыңызға ұсынбақшымыз:...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 00:26

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
22 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi