ЕҢБЕК ЕТ, ЕРІНБЕ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

ЕҢБЕК ЕТ, ЕРІНБЕ

| A | +

Мақаламызды «Әрекет түбі берекет» деген мақалмен бастауды жөн көрдім. Өйткені мақал қарапайым үш сөзден  тұрса да, өмірдің мәнін қамтитын мағынасы бар. Ия, адам баласы дініне, ұлтына қарамай егер аянбай еңбек етер болса әрине ол еңбектің қарымын міндетті түрде көреді. Өйткені Алла Тағаланың қойған Иләһи заңдылығы солай.   

Әрбір жыбырлаған жаратылысқа зер сала қарайтын болсақ үнемі қозғалыста. Молекуланың атомдарынан бастап аспан жүйесінің планеталарына дейін үнемі қозғалыста болатыны ақылды адамға анық көрініп тұр. Егер осы қозғалыстар бір сәтке тоқтар болса керемет қойылған жүйенің бұзылуына әкеліп соғады. Адамзат  баласы да осы заңдылыққа сай үнемі қозғалыста болып еңбек етер болса, жалқаулық танытпаса Ұлы Алланың қойған иләһи заңдылығына сәйкес қарымын міндетті түрде алады. Мұсылман адамның еңбектенуі қашанда исламның талаптарынан шықпай, адал жолмен Алланың ашуын тудырмайтындай жолмен болуы ләзім.  

Алла Тағала Жұма сүресінде:

فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلَاةُ فَانتَشِرُوا فِي الْأَرْضِ وَابْتَغُوا مِن فَضْلِ اللَّهِ

«Намаз өтелген соң, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер», - деп бұйырған. Адам өмірінде ойып тұрып орын алатын маңызды мәселенің бірі ол – Құдайға жасалған құлшылық. Ол да өз алдына еңбектенуді қажет етеді. Осы маңызды құлшылықтардың сұлтаны ол намаз. Алла Тағала маңызды құлшылық намазды өтеп болған соң, көп уақыт отырып алмай дереу  ризық несібелеріңді іздеңдер деп бұйыруының өзі жалған дүниеде ерінбей еңбек ету керектігін ап-анық көрсетіп тұрғандай.

...Бір күні мешітке үсті-басы алба-жұлба, сақал-шашы әбден өсіп кеткен бір бәдәуи ғаріп келеді. Мұны сахабалар Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барып айтады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі пақырды қасына шақырып алады да, мұндай жағдайға қалай тап болғанын сұрайды. Сонда әлгі адам өзінің жұмыссыз жүргенін, содан азып-тозып кеткенін айтады. Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлгі ғаріпке қарап: «Сіз қазір бір жіп пен балтаны алып келе аласыз ба?», - деп сұрайды. Ғаріп «Иә», - деп жауап қайтарып, көп ұзамай бір жіп пен балтаны алып келеді. Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғаріпке: «Енді бұларды алып бар да таудан отын шауып әкеліп, базарға барып тұр», - дейді. Әлгі бәдәуи Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан талабын орындап, табыс табады. Сөйтіп, жалқаулықтан, кедейліктен құтылып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының қатарына қосылады. Расында да, адамды аздыратын, жұмыссыздыққа апаратын жол – жалқаулық. Ал ол адамды ар-намысын жоғалтатын да жағдайға итермелейді. Олай болса, кедейлік қасіретінен құтылуымыз үшін бізге қажетті дұға – адал кәсіп ету.

 

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір жолы Сағыд ибн Муазды (р.а.)  жолдан кездестіріп, екеуі қол алысып амандасқанда, сахабаның қолы тілімденіп, күстеніп кеткенін байқайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) себебін сұрағанда, Сағыд ибн Муаз (р.а.) отбасын асырау үшін еңбек етіп жүргенін, қолы содан тілімденгенін айтады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оның жауабына сүйсініп: «Міне, Алла осындай қолдарды ұнатады», – деген.

 

Бір күні екі бақа сүт құйылған тостаққа түсіп кетеді. Екеуі қанша тырбаңдап тырысса да шыға алмай қояды. Біріншісі: «Бұл жерден бәрібір шыға алмаймыз. Осы жерде өлеміз», – деп салы суға кетеді. Екіншісі: «Жоқ, қалайда шығамыз» деп аяқ - қолдарын жыбырлатып, сүтті шалпылдата береді. Бір кезде қатты шаршап қалады. Бірақ әлі де үмітін үзбей «сәл тынығып болып тағы шығуға әрекет жасаймын» деп ойлайды. Бір уақытта сүттің беті қоюланып, қаймақ түскенін байқайды. Әлбетте, бұл бірнеше сағаттан бері тынбай әрекет етудің нәтижесі еді. Осылайша, әлгі бақа қаймақтың бетіне шығып, ыдыстан сыртқа секіріп кете барады.

Жалпы, қандай да бір игілікті істі жасарда Аллаға тәуекел етіп, медет тілеген жанға Жаратушы Иеміздің өзі жәрдемші болады. Сондықтан адал қызмет жасап, еңбек етіп әрбір бастаған ісімізді Алланың атымен бастайық, әрі қандай жағдай болса да сабырлы бола білейік, сонда ғана шынайы құлға тән қасиетке ие боларымыз сөзсіз.

 

Мейіржан Рахматуллаұлы

Д.Қонаев мешітінің бас имамы

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КӨРКЕМ МІНЕЗ КЕШІРІМДІ КЕЛЕДІ ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ЕҢБЕК БӘРІН ЖЕҢБЕК
Құран Кәрімде айтқандай әрбір нәрсе адам баласы үшін жаратылып оның әміріне берілгендей, адам үшін өз еңбегінен артық еш нәрсе жоқ. Осылайша біздерге Алла Тағала еңбек етуді бұйыруда. Бірақ та осы аятта айтылғандай дүние үшін еңбек ету, ақырет үшін еңбек ету немесе екуі үшін де еңбек ету мағынасы ба...
Қоғам ИМАМДАР ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ
Иә, қате оқыған жоқсыз. Расында да имамдар жұмыс істемейді. Әсіресе, мен танитын имамдар. Неге екенін айтпас бұрын, сәл шегініс жасайын.
Қоғам «ӘУМИН» ДЕП АЙТУ ҚАТЕ МЕ?
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған намазда және дұғада «әмин» (деп айту) нәсіп болды, бұл менен бұрын Мұсадан басқа ешкімге нәсіп болмаған, Мұса дұға қылғанда, Һарун «әмин» деп тұратын. Сондықтан дұғаны әминмен аяқтаңдар. Өйткені Алла сендерден мұны қабыл етеді», – деп өси...
Қоғам Кешірімділік – ізгіліктің белгісі
Мақтау - Алла Тағалаға ғана лайықты! Оның салауаты мен сәлемі хақ Пайғамбары Мұхаммедке және отбасына болсын.  Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: " ( Мұхаммед) кешірім жолын ұста, туралықты әмір ет, надандардан бет бұр". (Ағраф сүресі 199-аят)....
Қоғам Кешірім сұрау – күштіліктің белгісі
Отбасы кеңесшісі маманының әңгімесі: "Әкем вестерн актеры Джон Уэйнді ерекше жақсы көретін. Оның барлық фильмдерін сүйіп тамашалайтын. Әсіресе «Нағыз ержүректілік» фильмін ұнататын. Сол фильмде Джонның: «Нағыз ер азамат ешқашан кешірім сұрамайды» деген сөзі бар. Осы сөзді әкем өзіне ұран етіп алды....
Қоғам Білім алудың артықшылығы
Білім – кез келген саладағы жаңалықтың және оқиға мен жағдаятқа орай жасалатын анализдің кілті. Діни тұрғыдан алсақ – құлшылықты терең сезіне алудың негізі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне осының маңызын ұқтырып: «Ғалымның білімсіз діндардан артықшылығы толған айдың өз...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:35

Бамдатқа дейін 00:23

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi