ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ
Ақсай
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:32
Аксай

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:54 08:23 13:18 16:15 18:03 19:32
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
3 Джумада-авваль 1446
Миләди
04 қараша 2024

Мақалалар

ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ

| A | +

Құрбан айт, яғни мұсылман күнтізбесі бойынша Зуль-хижжа айының оныншы күні, шариғат бойынша жылдың ең ұлы күніне жатады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың алдындағы ең ұлы күн – Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн», - деген (Ахмад, Әбу Дәуд).

Бұл күні жасалатын ең үлкен құлшылықтардың бірі – құрбан шалу. Құрбан (арабша: «жақындау»), шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Теңдесі жоқ болған Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді: «Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал!». Бұл аятта Алла Тағала Пайғамбарға және біздерге намаз оқуға және құрбан шалуға бұйрады. Алла Тағаланың әмірін орындау ниетімен шамасы келген мұсылмандар құрбан шалады. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Адданың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Кімде-кім мүмкіншілігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын!» - деп бұйырған. Осы хадистен құрбан шалудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Құрбандыққа мал шалу дәстүрі ислам тарихында өз ұлы Исмаилды Алла ризалығы үшін құрбан етпек болған Ибраһим пайғамбардан бастау алған.

Ханафи мәзһабында құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек.

  1. Мұсылман болу
  2. Құрбан айт уақытында жолаушы болмау
  3. Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері – 85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес.

Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айтың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Тек қана қой, ешкі, сиыр және түйе малдарын ғана құрбандыққа шалуға болады. Құрбан ретінде шалынатын қой және ешкі кем дегенде бір жасар, сиыр екі жасар, түйе бес жасар болуы керек. Алты-жеті айлық кепе қозы бір жасар қой сияқты семіз, етті болса, құрбандыққа шалуға жарайды. Қой мен ешкінің еркегін, сиырдың ұрғашысын шалу абзал.

Елік, арқар сияқты аңдар мен тауық, қораз, қаз, үйрек сияқты құстар құрбан ретінде сойылмайды.

Құрбандыққа шалынатын малдың бойында келесі кемшіліктердің бірі кездесетін болса, ол құрбан шалуға жарамсыз мал болып табылады. Ол кемшіліктер мыналар:

  • Бір көзі соқыр
  • Сойылатын жерге жете алмайтын дәрежеде әлсіз
  • Құлағы немесе құйрығы тумадан жоқ немесе басым бөлігі кесілген
  • Тістерінің көбі түсіп қалған
  • Емшектерінің басы жұлынып қалған
  • Бір мүйізі немесе екеуі де түбінен сынған болуы.

Құрбандық ретінде шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып қайрау - мәкрүһ. Ал, қинамай сою -сүннет. Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді: «Малды бауыздаған уақытта жақсылап бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздап малды рахатына қауыштырсын» (Муслим, Сайд,57).

Құрбандық ретінде шалынатын мал құбылаға қарата жатқызылып, дұға ретінде мына аят оқылады:«Инна салати уа нусуки уа махиана уа мәмәти лилләһи Раббил-а'аламина лә шәрика ләһ»(«Әнғам», 162-аят). «Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Аллаһ үшін. Оның еш серігі жоқ».

Одан кейін: «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар ля илаһа иллаллоһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» - деп, тәкбір айтып,«Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деп бауыздалады. Тек қана Құрбандықтың иесінің ғана «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі жеткілікті емес. Құрбандықты бауыздаған адам да «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» - деуі керек. Әдейі ұмытып, «Бисмиллаһ» деп айтпаса, Құрбандығының етін жеуге болмайды. Өйткені Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу - харам. Құрбандықтың иесі Құрбандықты бауыздайын деп жатқан қасаптың қолының үстіне қолын қойып, бірге бауыздаса, екеуінің де «Бисмиллаһ» деп айтулары керек.

Сойылатын мал Құрбандық ниетімен бауыздалу керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру - мәкрүһ.

Ақсай мешітінің қызметкері

Аманқұлов Жеңісхан

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ҚАСИЕТТІ АРАПА КҮНІНДЕГІ ҒИБАДАТ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАНДЫҚ ОРНЫНА САДАҚА БЕРУГЕ БОЛА МА?
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай[1], азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
3 Джумада-авваль 1446
Миләди
04 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:32

Бамдатқа дейін 03:36

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi