Бас мүфти: Қасиетті Қадір түнінде дұғамыз қабыл болғай!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Бас мүфти: Қасиетті Қадір түнінде дұғамыз қабыл болғай!

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын! 

Қадірлі жамағат!

Баршамызды қасиетті Рамазанның, оның ішінде мың айдан қайырлы Қадір түніне аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!

Алла Тағала жылдардың ішінен ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген жылды берекелі етіп қойды. Айлардың ішіндегі Рамазан қасиетті ай. Күндердің ішіндегі жұма, арапа күндерінің қасиеті ерекше. Ал Жаратқан Жаббар Иеміз түндердің ішінен Қадір кешінің қадірі мен қасиетін, дәрежесі мен сауабын арттырып қойған.

Исі мұсылман баласының тағдыр жазылатын түнді тағатсыздана күтуінің бір хикметі – Жаратқанға жақындай түсуге талпынуы. Қадір кешінің әрбір сәтін құлшылықпен, дұғамен, Құран оқумен, т.б. Аллаға ұнамды сауапты амалдармен өткізетініміз сондықтан.

Қадір түнінің негізгі қасиеті – адамзат баласын екі дүние бақытына жетелейтін Құран Кәрімнің түсуінде. Алла Тағала бұл туралы былай баяндайды:       

«Біз шынында, Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні (қасиет және сауап жағынан) мың айдан да қайырлы. Сол түнде періштілер және Жәбірейіл Алланың әмірімен (жер бетіне Алла тағдыр еткен) барлық істерді атқару үшін түседі. Сол бір түн, ағарып таң атқанға дейін амандық-тыныштық түні болады» («Қадір» сүресі, 1-5-аяттар).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түні иманмен және сауабын үміт етіп құлшылық етсе, оның алдыңғы күнәлары кешіріледі», – деген.

Алланың рақымы мен мейірімі ерекше төгілетін түнде уақытымызды мүмкіндігінше бос жібермей, құлшылықпен өткізейік. Өйткені, бұл түнде Жаратқанға шынайы жалбарынған пенделердің тілектері қабыл етіліп, тағдыры жазылып, ризық-несібесі бекітіледі. Кейбір ғұламалар қасиетті Қадір кешінде кімдердің қажылыққа баратыны белгілі болады деген. Демек, әр адамға қатысты үкім шығарылатын түнді барынша сауапты амалға арнағанымыз абзал. Осы ретте Қадір түнінде жасайтын қайырлы амалдарға тоқтала кетейін. Ең бастысы мұсылман баласы бұл кешті иманмен, Аллаға деген мықты сеніммен, сауабын үміт ете отырып өткізуі тиіс. Намаз, Құран оқып, дұға жасап, Алладан кешірім сұрап, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, уағыз-насихат тыңдап өткізуге аса мән беру керек. Сонымен қатар, алдын ала Қадір түнінің қасиеті туралы оқып-біліп алған жөн. Өйткені, бұл кештің мәні мен маңызын, дәрежесі мен мәртебесін, сауабы мен қасиетін түсінген адам оның берекетінен әсте мақұрым қалмауға тырысады.

Ардақты ағайын!

Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. 19 мамырда мешіттеріміз таңғы сағат 07:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамын. Биылғы Рамазан айы карантин жағдайында өтіп жатқаны өздеріңізге белгілі. Карантин талаптарын орындауымыз тиіс. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шешім. Мұны түсіністікпен қабылдайсыздар деген үміттемін.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір кешінде Құран хатым дұғасын, уағыз-насихат пен пайдалы дәрістерді онлайн режимде өткізеді. Үйде отырып, онлайн режимде дұғаға қатысып, насихат тыңдауға толық мүмкіндік бар.

Осы ретте барша қауымды қасиетті Қадір түнінде Түркістан облысындағы тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге дұға жасауға үндеймін.

Жаратқан Жаббар Иеміз жер бетінен жұқпалы індетті жойып, жақсылықта жүздесуді нәсіп еткей.            

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Алла Тағала қабыл еткей! Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Ораза айт күні сәресін ішуге бола ма? Рамазандағы теңдессіз түн

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Рамазандағы теңдессіз түн
Рамазан – қасиетті ай. Осынау мүбәрак айдағы қасиетті түн – Қадір түні екендігі баршамызға мәлім. Қасиетті Құран Кәрімде: «Расында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні - (игілікте) мың айдан артық. Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (асп...
Ислам күнтізбесі Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай
Оразаның алғашқы онкүндігі де артта қалды. Карантин кезінде ҚМДБ қандай сауапты істерді қолға алды? – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойылғанын білесіздер. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы ос...
Ислам күнтізбесі Қош келдің, АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ!
Расында, Рамазан – береке айы. Бұл айда мұсылман баласының ниеті мен амалы үйлесіп, жақсылыққа ұмтылады. Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол айтпақшы, ...
Ислам күнтізбесі Рамазандағы абзал амалдар қайсы?
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан оразасын иманмен және сауабын үміт етіп тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,[1] –  деген. Сондай-ақ, рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұтумен қатар ізгі амалдарды көптеп істеген абзал. Өйткені, қасиетті ...
Ислам күнтізбесі Берекелі Бараат түні
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Биыл Бараат түні біздің елде 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр....
Ислам күнтізбесі Шарапаты мол шағбан
Міне, қасиетті Шағбан айы туды. Пайғамбарымыз мұндай кезде (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жаратқан Ием, Ережеп пен Шағбан айларында береке бер. Рамазан айына аман жеткізе гөр», - деп дұға қылатын еді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi