ЖАТ АҒЫМҒА ҚАЗАҚЫЛЫҒЫМЫЗ ТОЙТАРЫС БЕРЕДІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖАТ АҒЫМҒА ҚАЗАҚЫЛЫҒЫМЫЗ ТОЙТАРЫС БЕРЕДІ

| A | +

Шын мәнінде теріс түсініктер мен шетін көзқарастарды насихаттайтын діни ағымдар ең алдымен ұлттың ұстынына айналған құндылықтарымызды жоюға күш салады. Қоғамдағы татулық пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін теріс ағымдар ешқандай да тіркеуден өтпейді. Сондай іс-әрекеттеріне қарамастан халық арасында алдап-арбау арқылы үгіт-насихаттарын белсенді жүргізіп келе жатқан оларға қарсы тұрудың бірден-бір жолы – халық арасында теріс ағымдар жайлы жиі сөз көтеріп, діни сауатты ашу. Діни фундаменті дұрыс орныққан, ақпаратты сараптай алатын сауатты жандар ғана олардан келетін қауіптерге қарсы тұра алады. Бір сөзбен айтқанда, әрқайсымыз теріс ағымдарға қауқар көрсете алатындай деңгейде болуымыз керек.

Әлем картасынан орын тепкен кез-келген мемлекетті алсаңыз да, олар  ұлттық құндылықтарды дамыту арқылы және оларды ұрпақ санасына сіңіру арқылы қоғамның рухани жаңғыруына мүдделі болады. Ал теріс пиғылды ағымдар керісінше осы елдік мақсатқа қарсы жұмыс істейді. Кейбірі тіпті елдігімізге сызат түсіріп, халықты көрсоқырлыққа, мәңгүртікке итермелегісі келеді және сол арқылы ішкі тұрақтылықты ыдыратуды көздейді. Бір сөзбен айтқанда, бұлар мемлекеттің бүтіндігі мен қауіпсіздігіне анағұрлым нұқсан келтіреді.  Міне сондықтан да сонау бағзы заманнан күні бүгінге дейін сақталып келе жатқан ұлтты ұйыстырушы салт-дәстүрлеріміз бен тарихи құндылықтарымызды қорғау біз үшін аса маңызды. Ол үшін ата-бабамыздан қалған «татулық», «тұрақтылық», «бірлік» идеологиясын қоғамға дендеп енгізіп, ар тазалығы мен жан тазалығын насихаттайтын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуымыз қажет. Сонда ғана өскелең ұрпақ жат ағымдардың жетегіне ермей, психологиялық ықпалынан аулақ болады.

Анығында әрбіріміз үшін ұлттық рухани құндылықтарымыз жат ағымдармен күресте қалқан бола алады. Діни сипаттағы қажеттілік пен сұранысты реттеу арқылы жалпыадамзатқа ортақ мәңгілік құндылықтарды жаңаша насихаттау бағытында да біршама жұмыстар атқарылуы тиіс. Ол келешекте өз кезегінде қоғам өмірінде ұстанатын басты бағдарға айналады.

Айналадағы бірқатар замандастарымыз дінді бөлек наным-сенім деп қарамайды, керісінше, рухани құндылық ретінде бағалап, оған жан-тәнімен беріледі. Өмірін дінге негіздейді. Сондықтан халықтың діни сауатын ашу мемлекет үшін аса маңызды қадам болмақ. Ол үшін мектеп қабырғасынан бастап дәстүрлі рухани құндылықтарды дұрыс насихаттасақ, жас өскіннің толыққанды, жоғары рухани, зиялы, игілікке құштар, жақсы адам болып қалыптасуына ықпал етеміз. Халқымыздың басым бөлігін осылай тәрбиеленген жандар құраса игі емес пе. Осындай адамдар теріс ағымда жүргендердің үнін басып кетеді. Бұл біздің артықшылығымыз бен жеңісіміз болмақ. Бірақ оған масаттанып кетуге тағы да болмайды. Бұл ұзақ аралықта жүргізілуі тиіс процесс.

Дін – бұл сенім жүйесі ғана емес, өмір сүру стилі, қарым-қатынастар нормасы. Жақсылықты жамандықтан тиятын, адамгершілікке, ізгілікке бастайтын моральдық нормалар жиынтығы. Бір сөзбен айтар болсақ, дін – қоғамдағы басқа құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда маңыздылыққа ие, мәні мен мазмұны бай, рухани феномен. Дін мәселесін дінді танып-білгенде ғана шешуге болады. Сырттан тон пішіп, өз қазанында қайнамағн соң сын айту, пікір білдіру әрине оңай. Бірақ та оған тарпа бас салып, белден басу жүрмейді. Мәселен, толеранттылық деген еріксізден көну, илану емес, бұл мыңдаған жылдар бойғы қазақтың өмір сүру тәжірибесіне сүйене отырып негізделген, ақылмен құрылған ымыра. Яғни, тәртіпті, байыпты, тәрбиелі адамның әрекеті. Басқаша айтқанда, бұл қарапайымдылық немесе төзімділік те емес. Ол адам бойындағы шексіздік, бейбітсүйгіштік, кеңпейілділік сынды асыл қасиеттердің жиынтығы. Қысқасы, ата-бабамыздан мұраға қалған өлшеусіз рухани құндылық. Анығында – қазақылығымыз. Ал қазақылығымыз кез келген күшке төтеп бере алады.

Осыны дұрыс ұғынып, таразылауымыз керек. Ол үшін осы қастерлі ұғымның мән-мағынасын бұзып, бұрмалап, көнбістік ретінде көрсетіп, өзімізге қарсы қолданғысы келетін жат пиғылдылармен бір жеңген қол, бір жағадан бас шығару арқылы күресуіміз керек.

Сапарбек Абылай Асқатұлы 

Түрксіб ауданы

"Ынтымақ-1" мешітінің наиб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ДІН МЕН ДӘСТҮР - ДІҢГЕГІМ! ДІНИ ТАҢДАУ ДЕРБЕСТІГІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ДІНИ ТАҢДАУ ДЕРБЕСТІГІ
Дала ділмарлары атанған дана халықымыз ежелден діннің, ділдің, тілдің, ел мен жердің қадір-қасиетін жіті түсініп, осы құндылықтарын қорғау мақсатында жан беріп, жан алысқан. Найзаның ұшына ілген намысын таптатпай, бүгінде күллі әлем халықтары қызыға да, қызғана да қарайтын алып аумақтың иесі болып о...
Қоғам ДІН ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Ұлт болып  ұйысу сүрлеуіне түскен әрбір қауымның  тұрақты  жері, тарихы, тілі  мен дәстүрі  болуы керек  екенін  заманның өзі-ақ дәлелдеп келеді. Осы ұстындар өн бойынан табылмаған кейбір ұлттар мен ұлыстардың тіпті жаһан картасынан жойылып та кетіп жатқанын тарғыл тарихтың парақтарынан оқып жүрміз...
Қоғам ДІН МЕН ДӘСТҮР - ТҮБІ БІР ЕГІЗ ҰҒЫМ
Дәстүрлі дініміз – ислам төңірегінде әртүрлі алыпқашпа әңгімелер мен ақиқаттан өзге сөздер еріп жүргені жасырын емес. Олар  шындыққа жанаспақ түгілі, илануға келмейтіндей деңгейде. Міне сондай оспадар ойлы, өресі төменділердің әсерінен дініміз қайсы, дәстүріміз қандай деген күмәннің артынан еріп жат...
Қоғам БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ
Тумысы туралықтан, тамыры тектіліктен ажырамаған әрбір ұлт бейбітшіліктің бесігінде тербелгенді құп көреді. Тыныштығын ұрлатып тұралап қалған елдер қаншама?! Қаншамасы зеңбірек үнінен мез-зең болып жүр?! Қаншама сәби соғыс дейтін сұрқияның кесірінен бақытты балалық шағы мен алаңсыз өмірін алаңдаушыл...
Қоғам АҚПАРАТ
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасының  жанындағы               «Кеңес беру және оңалту орталығының» 2021 жылдың қазан айында  атқарған жұмыстары туралы ақпарат...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 02:04

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi