ТАҚУАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

ТАҚУАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.

 

Құрметті отандастар, қадірлі жамағат!

 

Тақуалық жайында сөз қозғаудан бұрын «тақуа» сөзінің мән-мағынасына назар аударатын болсақ, «тақуалық» сөзінің түбірі араб тілінде تَقِيٌّ сөзінен шыққан. Тілдік мағынасы сақтау, қорғау, аз сөйлеу деген ұғымды білдіреді.

Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Алладан шынайы қорқу, күнәлі істерден сақтану, ұятты істен алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау сынды мағыналарды білдіреді. Жалпы алғанда тақуа сөзінің түпкі мағынасы – сырттан келетін қауіп-қатерге қарсы көзге көрінбейтін қамал тұрғызу дегенге саяды.

Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 102 аятында:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلا تَمُوتُنَّ إِلا وَأَنْتُمْ مُسْلِمُونَ

«Уа, иман келтірген пенделер! Алла Тағаладан шынайы түрде қорқыңдар және мұсылман болған күйде жан тапсырыңдар», – деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

اتَّقِ اللَّهَ حَيْثُمَا كُنْتَ وأَتْبِعِ السَّيِّئَةَ الْحسنةَ تَمْحُهَا، وخَالقِ النَّاسَ بخُلُقٍ حَسَنٍ

«Қай жерде болсаң да, Алладан қорық. Жамандық істеген болсаң, лезде оны жоятын жақсылық істе. Адамдармен көркем мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса», – деп тақуалықтың сипатын баяндаған (имам Термизи).  

Тақуалық – адам баласының Құдай алдындағы адал еңбегі. Алла Тағала маңдай теріне қарай тақуа жандарды Өз панасына алып, дүние мен ақыретте кезігетін қауіп-қатерден сақтайды.

Дегенмен тақуалық ол – рух азығы. Оны әрдайым иманмен қуаттап, күш беріп тұру тиіс. Мұның шыңы – «Ләә иләәһә иллалла» кәлимасы. Себебі кіл жамандықтың бастауы Аллаға ортақ қосудан болады. Дүние – сынақпен мәнді, ал ақырет – тақуалықпен сәнді. Алланың һәм жұрттың алдындағы пенденің қадірі тақуалықпен артады. Алла адамды сүйсе тақуалық киімін кигізіп, Өзі сүйген істерді қоса сүйдіреді. Хазіреті Убәй ибн Кағб (Алла оны рақымына алсын): «Тақуалық – тікенді жерде абайлап жүргенің секілді», – деп сипаттайды.

Табиғин Мәлік ибн Динар (Алла оны рақымына алсын): «Өз бойынан тақуалықты байқап, үкілі үмітті сезінген адам шүбәсіз ақиқатқа жармасады. Тақуалықтың белгісі – Алла тыйған істерден жиіркене қашу. Үміттің белгісі – Алла бұйырған істерді сүйсіне жасау», – деген екен (Әбу Ләйс Самарқанди).

Шынайы тақуа адамдар қоғамның гүлі іспетті. Қоғам олармен көркеймесе, ешуақытта олардан жапа шекпейді.

 

Тақуалық тек он екі мүшеден ғана тұратын құлшылық емес

Хакім Абай: «Сыртын қанша жуса да іші оңбаған», – демекші барлық игі істер негізінен жүректен бастау алады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүректі меңзеп: «Мына жұдырықтай ет бұзылса, күллі дене бұзылады», – деді. Расында да адам денесінің патшасы – жүрек көнсе, қалғандары оған еріксіз бағынады. Сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала сендердің бейне-пішіндеріңе, түр-тұрпаттарыңа әсте қарамайды. Алланың назары жүректе», – деген (Мүслим).

Қасиетті Құранда:

وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ

«Алладан (яғни тиісінше тағзым етіп, һәм Оған қарсы келуден) қорқыңдар. Шүбәсіз, Алла пенделерінің көкірегіндегі бар сырды біледі», – деген («Мәидә» сүресі, 7-аят). Осы аят арқылы тақуалықтың бастауы жүрек екенін көреміз.

Ақиқатында тақуалық – иманнан. Иман да сол жүректе. Абай: «Бәрін жүрекке билет, Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай Тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы[1]», – дейді.

 

Қисса

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманында мұсылмандар елін, ділін, дінін қорғап мүшріктермен ұзақ айқасқа, кескілескен шайқасқа түседі. Сонда жалаң қылышын әрі-бері сермеп, сахаба Ұсама өзіне беттеген жауды сұлатып түсіреді. Әлгі адам тек жарақат алған болса керек, сахабаға қарап: «Мені о дүниеге аттандыра көрме. Ләә иләәһә иллалла», – дейді. Бұған сахаба мән берместен ашықтан ашық өзіме қылыш алып жүгірген адамнан не жақсылық көремін, кесірі тиіп, бізді ойда жоқта қырып кетпей ме, деп қылышын бір сермейді. Бұл оқиға ұзын құлақтан Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жетеді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Иманға келіп кәлимасын айтқан адамды қалайша қидың?» – деп сұрайды. Сахаба: «Ол жан сақтау үшін айтты», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегін жарып, рас өтірігін тексеріп көрдің бе?» – деп, көп қайталағаны соншалық істеген ісіме пұшайман болып, өзімді жегідей жедім», – дейді сахаба (Бұхари).

Міне, иманның жемісі саналатын ізгі қасиеттердің алтын ұясы – осы жүрек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тақуалық мына жерде, тақуалық мына жерде...», – деп бірнеше рет жүрегін нұсқап айтқан болатын (Мүслим). 

Адам өз бойындағы нашар мінезден, теріс әрекеттерден арыламын десе, көзге көрінбейтін осы тақуалық киімін Алладан сұрауы тиіс. Адамның денесін қақаған аяздан, шіліңгір жаздың ыстығынан киім сақтаса, дүниенің уайымынан, ақырет қайғысынан сақтайтын осы – тақуалық қана.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Сырт көзге жақсы болып көрінгенімен, бірақ іші күмәнды болған нәрседен сақ болмайынша, пенде тақуалар қатарына қосыла алмайды», – деп айтқан.

 

Тақуалық тәкаппарлыққа ұласпауы тиіс

Тақуалық – Алла Тағаладан ұялудан туған қасиет. Халқымыз «Ұяты жоқтың иманы жоқ», – деген. Тақуалық мұсылманға көрік береді. Тақуалардың тақуасы Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Араларыңда ең тақуа адаммын. Сөйте тұра үйленіп, балалы-шағалы боламын. Бір күн ораза ұстасам, келесі күні аузым ашық болады», – дейді. Демек әр нәрседе орта жолды ұстануға бұйырған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы тақуалықта да астамшылдыққа бармауды өсиет еткен. Кейбіреулер құлшылығының көптігіне мастанып, кеудесін соғып, айналасын төмен санай бастайды. Әсілі, бұл лағынеті шайтанның тұзағы, мұндай теріс ойдан, пікірден, барынша алшақ жүрген абзал. Себебі мұсылман адам әсте өзінің жасаған құлшылығымен жәннатты сатып алмақ емес. Алланың мейірімі болмаса – бәрі бос.

Хазіреті Омардың баласы Абдулла (Алла ол екеуіне разы болсын) тақуалыққа қысқа да нұсқа мынадай анықтама берген: «Тақуалық – біреуден артықпын деп бір сәт те ойламауың».

Мәшһүр әулие адам баласы шынайы тақуалыққа қарапайымдылықпен һәм биязылықпен жете алатынын меңзеп: «Дін ұстансаң, топырақ болып, аяққа илен», – деп айтқан. 

 

Тақуалықтың бұл дүниеде сыйы бар

Жаратушы Алла адам баласының еңбегін елеусіз қалдырмайды. Адам баласының рухы уақытша мекенде тәнді қонақтауға келген. Әрине, тақуалықтың сыйын, адамға берер пайдасын жазып тауысу қиын. Осы тұста Құранда аталған негізгі екеуін айтайық. Алла Тағала Қасиетті Құранда:

وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا (٢) وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لا يَحْتَسِبُ

«Кімде-кім Аллаға қарсы келуден қорқып сақтанса, Алла оған тығырықтан шығатын жол ашып береді. Сондай-ақ ондай пендесіне еш ойламаған жерден ризық-несібе нәсіп етеді», – деген («Талақ» сүресі, 2-3 аяттар). Аятта екі түрлі сый берілетіні айтылған. Олар:

Біріншісі: тығырыққа тірелген адамға жол ашылады;

Екіншісі: ойламаған жерден ризық-несібе келеді.

Имам Фахруддин әр-Рази (Алла оны рақымына алсын) өзінің «Ғайып кілттері» атты тәпсірінде осы екі аятқа қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл аятты оқып: «Дүние ауыртпалығынан, өлім қайғысынан һәм қиямет өкінішінен құтылуға сеп болатын жол», – деген.

 

Қисса

Тәпсір ілімінің ғалымдары бұл екі аят сахаба Ауф ибн Мәлікке қатысты түскенін айтады. Жорықтардың бірінде оның баласы жаудың қолына түсіп, тұтқындалады. Сөйтіп Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп, басына түскен қайғысын бөліседі. Пайғамбарымыз оған: «Тақуалық етіп, сабыр ет және «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләһи[2]» деген сөзді көп айт», – деп насихат етеді. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқанына құлақ түріп, әлгілерді бұлжытпай орындайды. Сөйтіп үйінде жүрген уақытта біреу есікті қағады. Есікті ашса, ештеңе болмағандай өзінің ұлы тұр. Онымен бірге жүз түйе тағы бар екен», – дейді. Міне, Құдайдың мейірімінен үміт үзбеген адам осындай ғажайыптарға тап болары сөзсіз.  

Тақуалықтың келесі сыйы – Алла Тағала тақуа пендесіне білмегенін білдіреді. Имам Ғазали ілімді екіге бөледі:

Біріншісі: кәсіби, яғни, адам ыждаһатына, төккен теріне сай ілімге ие болады. Бұл ілім Алланың әділдігімен беріледі.

Екіншісі: уәһби, яғни күтпеген жерден сый ретінде берілген ілім. Бұл ілім Алланың кеңшілігімен, мейірімімен беріледі.

Уәһби ілім де аспаннан түспесі анық. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Өзінің білгенін іске асырып, соған сай әрекет жасаған пендеге Алла Тағала білмегенін үйретеді», – деген (имам Ахмад). Хал ілімінің ғалымдары осыған қатысты: «Әрбір құлшылықтың сыйы ретінде Жаратқаннан илһаммен[3] берілетін ілім болады. Яғни, намаз бен зікірдің сыйы екі бөлек. Себебі илһәм – ақыретке қалмайды, ол бұл дүниеде берілетін сауаптардың бірі. Сондықтан Алла Тағала оның сауабын осы дүниеде беріп ақыретте есепке тартады[4]», – дейді.

Бұрынғы ізгі даналар: «Тақуаның алдында асулар бар. Сол асулардан өте алса, тақуалыққа қол жеткізеді. Олар: рахатты қиындыққа айырбастау, демалысты еңбекпен айырбастау, өзін жоғары ұстауды төмен ұстауға айырбастау, көпсөзділікті үнсіздікке айырбастау», – деген екен.

Әбу Ләйс Самарқанди: «Тақуалық мына жеті нәрседе көрініс табады. Олар:

Біріншісі: тілінде. Өтірік айтып, біреуді ғайбаттаудан һәм бос сөзден тыйылады. Тілі Алланы зікір етуден, Құран оқудан босамайды.

Екіншісі: асқазанында. Асқазанын тек адал әрі таза аспен толтырады, азға қанағат етеді.

Үшіншісі: көзінде. Көзді арамнан тыйып, дүниеге қызығып қараудан тартынады. Айналасына тек ғибрат алу мақсатында назар салады.

Төртіншісі: қолында. Арамға қол созбайды, қолын тек ізгі әрі салиқалы іс үшін қолданады.

Бесіншісі: аяғында. Күнәлі іске қадам баспайды. Жаман жерге бармайды.

Алтыншысы: жүрегінде. Жүрегіне қаскөйлік, ашу, күншілдік секілді жат мінездерді жолатпайды, мейірбандық, жанашырлық, қамқорлық сынды сезімдерді ұялатады.

Жетіншісі: құлшылықта. Құлшылығын Алла разылығы үшін орындап, риядан, екіжүзділіктен сақтанады. Кімде-кімнің бойынан осы айтылған қасиеттер табылса:

وَالآخِرَةُ عِنْدَ رَبِّكَ لِلْمُتَّقِينَ

«Ақырет жұрты тақуалар үшін Раббыңның құзырында» («Зухруф» сүресі, 35-аят) деген Құран аятындағы тақуалар міне солар», – деген. 

Мәшһүр бабамыздың: «Кімде-кім екі тумай, іске жарамайды» деген сөз бар. Бір туғаны деп анасының құрсағынан шығып, қалқиып кісі болғанын айтады. Екінші туғаны – хайуандық дәрежесінде қалдыратын мінездерінен арылып, періште сипатты болуға тырысып, не үшін жаратылғанын танып, сорда қалмай, мағыналы жұмыспен айналысуын айтады. Солай болғаны үшін әуелгі шешеден туған-туысты қанағат қылып, «кісі болдық» дегендер жаны жоқ өлік есебінде, ел болудан, жұрт болудан қалады»[5].

Әйгілі сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) тақуалық туралы сұраған кісілерге былай дейді: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?» Сонда қасындағы адамдар: «Иә, өттік», – деп жауап береді. Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын): «Олай болса, сол жерден өткен кезде не істедіңіздер?» – деп тағы да сауал қояды. Олар: «Тікендерден сақтанып өттік», – деп жауап береді. Сонда сахаба: «Тақуалық та дәл солай. Күнә мен қателіктерден сақтану», – деп түсіндіріп береді.

Мысалы, Халифа Омардың (Алла оған разы болсын) мысынан жұрт түгіл шайтан қаймығатын болған. «Омар жүрген жолмен шайтан әсте жүрмейді», – деген сөз бар.

 

Құрметті жамағат!

Алла Тағаланың пенделеріне қойған алғашқы талаптарының бірі – тақуа болу. Әлемдердің Раббысы тақуалық туралы қасиетті Құранның «Бақара», «Мәйда», «Ағраф», «Тәубе», «Фурқан», «Қасас», «Рум», «Ахзаб», «Зумәр», «Мағариж», «Бәйина», т.б. көптеген сүрелерінде баяндаған. Осы сүрелерді оқып, ондағы тақуалық туралы аяттарға мән беріп, оның құпиясына терең ой жүгіртсек, аяттарда айтылған насихаттарды іске асыратын болсақ, біз де тақуа құлдарының қатарына қосыламыз. Халқымыз: «Болмасаң да ұқсап бақ», – деген.

Қазір қасиетті Рамазан айындамыз. Рамазан айы да нағыз – тақуалық айы. 

Алла Тағала Құран Кәрімде:                

إِنَّ أَكۡرَمَكُمۡ عِندَ ٱللَّهِ أَتۡقَىٰكُمۡۚ

«Біле-білсеңдер, Алланың алдында ең ардақтыларың – ең тақуаларың», – деген («Хұжұрат» сүресі, 13-аят).

Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Заррға: «Біліп қойғын! Ақиқатында, басқалардан тақуалықпен озбасаң, сенің қызыл нәсілдіден де, қара нәсілдіден де ешқандай артықшылығың жоқ», – деген (Имам Ахмад).

Қорыта айтқанда, тақуалық дегеніміз күнәлардан сақтанып, олардан тыйылу, ізгі істерді жасап, оларды тиянақты орындау арқылы ғана қол жеткізетін рухани құлшылық. Ал шариғат бұйырған істерге немқұрайлық танытып, орындамау қияметте жазаға лайық ететін іс.

Бір күні бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың пайғамбары! Маған өсиет айтыңызшы», – дейді. Сонда ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Саған Алладан қорқуды өсиет етемін. Өйткені бұл – барлық жақсылықтың көзі», – деп айтқан (Әбу Яғла).

Имам Ғазали (Алла оны рақымына алсын) өзінің «Ихяу улумиддин» кітабында шәкіртінің қойған бірнеше сұрақтарына төмендегідей жауап берген екен: «Тақуа пендеге қандай іс-әрекеттер міндет болады?» – деп менен сұраған едің. Ендеше айтайын. Тақуа пендеге мынадай төрт қасиет міндет. Олар:

Біріншісі:  Дұрыс сенім. Сенімінде бұзғындық болмауы керек.

Екіншісі: Зинақорлыққа қайтып бармайтындай шынайы тәубе еткен болуы керек.

Үшіншісі: Сенің мойныңда ешкімнің ақысы қалмайтын деңгейде пенденің разылығы болуы керек.

Төртіншісі: Алла Тағаланың бұйрықтарын орындай алатын деңгейде шариғат білімін үйрену, ол деңгейден де жоғары мүмкіндік болса, ақырет білімінен үйрену керек» – деп өсиет еткен екен.

Қасиетті Құранда:

إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ اللَّهُ مِنَ الْمُتَّقِينَ

«Ақиқатында, Алла тек тақуалардан ғана қабыл алады», – деген («Маида» сүресі, 27-аят).

Тақуа пенде мол сауапқа кенеледі, екі дүниеде де игілікке бөленеді. Тақуа адамның дұғасы әрдайым қабыл болады. Тақуалық – күнәлардың кешірілуіне себепші болады. Тақуа құл Алла Тағаланың разылығы мен сүйіспеншілігіне лайық болады. Жәннатты үйі ретінде иеленеді. Тақуалық арқылы бүкіл дене жаман қасиеттерден тазарады. Алланың қамқорлығына қол жеткізеді. Тақуалық пендені лағнеті шайтаннан қорғайды.

Алла Тағала баршамызды тақуа құлдарынан етіп, Өзінің мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөленуді нәсіп еткей! Әмин! 

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі

 

[1] Он жетінші сөз.

[2] Ақиқатында күш те, құдірет те бір Алланың құзырында.

[3] Илһәм – аян, орысша (озарение).

[4] Ғизуддин Әбді Сәләм – ғалымдардың сұлтаны атанған, 13 ғасырда өмір сүрген ислам ғұламасы.

«Білгенін іске асырғанға Алла Тағала білмегенін білдіреді» хадисінің мағынасы: https://www.aliftaa.jo/Question3.aspx?QuestionId=1854#.YAl3OGksGNx.

[5] Жамбыл Артықбаев: «Мәшһүрдің ғибрат сөздері» кітабынан.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ОРАЗА – НӘПСІМЕН КҮРЕСУ МАУСЫМЫ РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЖҮРЕКТІҢ ДЕРТІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. ...
Жұма уағызы РАМАЗАН – МЕЙІРІМ АЙЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы БІЗ ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ?
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – ҮЛКЕН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы МИҒРАЖ ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:26

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi