ҚАЗАҚТЫҢ УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:17 12:06 15:07 16:49 18:09
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раджаб 1446
Миләди
18 қаңтар 2025

Мақалалар

ҚАЗАҚТЫҢ УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІ

| A | +

Бодандықтың қамытын үш ғасырдай киген халқымыз өзінің төл мәдениетінен, ойлау жүйсінен және болмысынан айырылып қала жаздады. Патшалық Ресей мен Кеңес одағының идеологиясы барымызды бұрмалап, мал бағуды ғана білетін жабайы деп көрсетті, әрі осыған сендірді. Негізінде барлығы керісінше еді. Қазақ сахарасындағы сәулеті қайталана бермейтін Сауран, Сарайшық, Тараз т.б қалалар, мол мәдени мұрамыз (түрлі жанрдағы кітаптар, ауыз әдебиеті, салт-дәстүр т.с.с.) сынды өзге де құндылықтарымызды айтпағанның өзінде сағатты қолданбай-ақ күнделікті уақытты дәлдікпен айта білген. Бүгінде мұны көбіміз елей де, біле де бермейміз.

Қазақ әр күннің әр сағатын белгілі бір өлшеммен, дәлдікпен айтқан. Мысалы, бір тәулікті алып қарайық. Алдымен таңның атуы деген ұғым бар, бұл – шығыстан арайланып, жарықтың түсе бастаған кезі. Бұл шамамен біздің бүгінгі 5.30 шамасы. Одан кейін ертеңгілік. Ол – сағат 7-нің шамасы. Ал сағат сегізді қазақ «күн шыға» деп атаса, сағат тоғызды «күн көтеріле» деп белгілеген. Одан кейін сағат 10-дарда сәске келеді. Одан кейін түс басталады. Түстің уақытын қазақтар үшке бөлген. Сағат 11 – «сәске түс», сағат 12 – «талма түс», сағат 13 – «тал түс». Тал түс – нағыз көлеңкенің қысқарып, күннің тас төбеде тұратын уақыты. Бұл уақытты «шаңқай түс» те деп атаған.

«Күннің тас төбеге келген кезі. Бұл бөлменің іші тал түстің өзінде ала көлеңке боп тұрады» (Ә. Көшімов). «Талма түс кезінде тобылғы түбінен қоян ыршып шықты» (Ғ. Мүсірепов). «Шаңқай түс мезгілінде қара пәуеске жайлау жолының шаңын көтеріп, Керекуге қарай беттеді» (Д. Әбілев).

Жаз кезінде күннің ең ысыған уақыты да – дәл осы кез. Егер бір нәрсеге жиналғанда немесе жол жүретін болғанда, әлдебір іс-шара өткізетінде күн шыға немесе сәскеде, сондай-ақ сәске түске деп уағдаласса, бүгінгі сағатпен белгіленгендей дәл сол кезде жаңылмай кездесетін болған.

Қазақтың уақыт өлшемінде «түс ауа», «түс қайта» дейтін ұғымдар бар. Бұл шамамен 14-15 сағаттарға келеді. Мұны «бесін» деп атаған. Оның өзіне «кіші» және «ұлы бесін» деп атау берген. Одан кейін сағат 17 шамасын «күн еңкейе» деп белгілейді де, сағат 18-ді «екінті» деп атайды. Бұл – екінті намазын оқитын уақыт. Сағат 20 шамасында күн бата дейтін өлшем болса, 20:30-дарда ақшам басталып, 21 сағат шамасын «ақшам жамырауы» дейді. Одан әрі 22-лерде іңір басталады, сосын 23-24 – «ымырттың түсуі», «ымырттың иірілуі» дейтін уақыт өлшемдеріне сай келеді. Сағат 1-лерде – «түн», 2-де – «үркер көтерілуі», 3-те – «жеті қарақшының шаншылуы», 4-те – «шолпан тууы», 5-те – «таң сарғайуы» немесе әрі қарай «таң ата» деген ұғымдар басталады. Әрине, тәуліктің 24 сағатына шамамен сәйкес келетін осы уақыт өлшемінің 24 түрінің түгелдей немесе кей біреулері дәл келмеуі де мүмкін. Ол жыл маусымдарына және тұрғылықты жерге де тікелей байланысты. Айталық, шілдеде таң сағат 3-4 де ататын болса, желтоқсанда 8 шамасына келеді. Сондықтан бүгінде бұл өлшемдерді басшылыққа алу міндетті емес. Айтпағымыз, қолына сағат тақпаған бұдан сан ғасыр бұрынғы қазақтардың тәуліктің әр уақытына ат беріп, оны күнделікті өмір қағидасына айналдыра білгендігінде. Сол уақыт өлшемдерін басшылыққа алып, ұрпақ өрбітіп, малын бағып, елін, жерін қорғап қалған.

Бұл өлшемдердің тағы бір бөлігі – қазіргі, келер және өткен шақтардың дәлдеп атай білуінде. Мысалы, ұзақ уақытты – «ғұмыр» деп атаған. Бұл бір адамның өмір сүрген кезі, ал «дәуір» – қоғамның белгілі жағдайы. Ал 100 жылға «ғасыр» деген атау берген. Сондай-ақ уақыттың ең аз бөлігін – «мезет», «бір мезет», «қасқағым», «қас пен көздің арасы» деп өлшеген. «Лезде, тез, жылдам, «көзді ашып жұмғанша» деген мағынаны білдіреді. Қас-қағым – жарықтың жылт етуі, көзді ашып-жұмғанша кететін уақыт, шамамен 0,7-1 секунд аралығы. Сондай-ақ «сүт пісірім» деген уақыт бар. Бұл шамамен 30 минут, бір сағат шамасын «шәй қайнатым» деп атаған. Ал екі сағат болса, ол «бие сауым» уақыт депті. Біреуді үш-төрт сағат шамасында күтіп немесе оның бір жаққа соншалықты уақыт кетсе, оны «ет пісірім» уақыт деп атайды. Ал одан артығырақ уақытты бір түске немесе жарты күнге балаған.

Ал күндер, айлар, жылдар өткен уақыт өлшемінің де өз атаулары бар. Бір күн өтсе, кеше, екі күн өтсе – «бұрнағы күн»і, үш күн өтсе, алдыңғы күні, бір жыл өтсе «былтыр, екі жыл өтсе – «бұрнағы жылы», үш жыл өтсе «алдыңғы жылы» деп аталады. «Баяғы» сөзі көп уақыт, сондай-ақ көп жыл өткенді білдіреді. Келер күндердің өлшем атаулары – «ертең», «бүрсікүні», «арғыкүні», тағысын тағы болып келеді.

Өткен уақыт өлшемдерінің де өз атауы бар. «Қазір», «осы қазір» деген ұғымдар 2-5 минут шамасын білдіреді. Ал 5-10 минут бұрынғы оқиға «осы жаңа», «жаңа ғана» деген ұғымға сыйғызылған. Оқиғаның өткеніне 15-20 минут шамасындай болса «мана», ал жарты сағат немесе одан көбірек уақыт өткен болса, «бағана» деп түсіндіріледі. 

Уақыт өлшеміне қатысты тағы бір қызықты жәйт мүшел жасқа қатысты. Біріншісін – 13 жылдан, одан кейінгілерге 12 жылдан қосып есептеп, оны «бір мүшел» деп санап, адам жасын оңай шығарып ала берген. Қазақтар «Он үште – отау иесі» деп те жай айтпаған. Қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі делінеді, одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда – екі мүшел, 37-ге толғанда – үш мүшел, 49-ға келгенде – төрт мүшел, 61-ге келгенде – бес мүшел деп есептелген. Жалпы 10 мүшелді есептеп, 122 жылға дейін апарған. Соған қарағанда ата-бабаларымыздың біразы ұзақ жасаған деп болжауға болатындай.

Уақыт мезгілдерін анықтауда және оның жиіліктерін жіктеп-айыруда халық теңеулері мен өлшемдері әрі қызық, әрі анық, әрі түрге де өте бай. Мысалы, «елеңалаң», «құланиек», «таң сәрі», «құлқын сәрі», «»таң бозара алакеуім», «таң біліне», «таң ата», «күн шыға», «күн қызара», «күн қыза», «күн көтеріле», «күн арқан бойы көтеріле», «түске жақын», «тал түс», «шаңқай түс», «талма түс», «сәске түс», «түс ауа», «түс қайта», «бесін», «екінді», «кеш», «көлеңке басы ұзара», «күн бата», «ымырт»,«іңір», «апақ-сапақ», «жөппелдеме», «намаздыгер», «ақшам (намазшам)», «ақшам жамырай», «бей уақыт», «қас қарая», «түн қараңғысы», «ай туа», «түн ортасы», «жұлдыз сөне» т.б. Мұнан тек уақыт шамасы ғана емес, халқымыздың таным-түсінік, ой, әр істің байыбына терең бойлау, бағдарлау, тілдік қорының бай екенін дәлелдеп береді. Мезгілді қазақтар күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап та анықтаған. Бұл да – қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, табиғатпен үйлесімділікте өмір сүргенінің айғағы. 

 

Кеулімжай ҚҰТТЫ,

«Иман» журналы, №12, 2024 жыл

Предыдущий Следующий
МҰСЫЛМАН ЖЫЛ САНАУЫ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ? ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ АЙ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Құрметті бауырлар!
Ислам күнтізбесі МӘУЛІТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі ЗУЛ-ХИЖЖА АЙЫНА ҚАТЫСТЫ ҮКІМДЕР
Алла Тағала адам баласы салиқалы-ізгі амалдарды көп жасауы үшін кейбір түндерді, күндерді және айларды ерекшелеп қойды. Соның бірі – зул-хижжа айының алғашқы он күні....
Ислам күнтізбесі ОРАЗА АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі ҚАДІР КЕШІНДЕГІ ДҰҒАЛАР ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі ҚАДІР ТҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Қадір түні – қасиетті, тағдыр, тарылу деген мағыналарды білдіреді. Қадір түні – Алла Тағала періштелерге әмір етуімен Құран Кәрімді Лаухул Махфуздан (барлық жаратылыстың тағдыры жазылған кітап) Байтул Ғиззаға (дүние аспаны) түсірген қасиетті түн. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Раджаб 1446
Миләди
18 қаңтар 2025
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:56

Имсакқа дейін 00:22

Урок 7: Фарды и суннаты гусля

Ас саламу алейкум ва рахматуЛлахи ва баракятух. Женщинам нельзя промывать внутреннюю часть половых о

X
14 қаң. 2025

Переговоры по предстоящему сезону хаджа прошли в Джидде

О ,Аллах забери меня в Хадж

Саид
10 қаң. 2025

Разъяснение касательно ситуации, произошедшей во время пятничной молитвы в Алматы

Ин шаа Аллах я совершу Хадж ради Аллаха ,когда Он меня пригласит и даст ризк

Саид
10 қаң. 2025

96. Ремесло и профессия

Ма шаа Аллах

Саид
10 қаң. 2025

О милостыне

Ассаламу алайкум варахматуллахи вабаракатуху ! Ма шаа Аллах , СубханаЛлах , Аллаху Акбар , Алхамдули

Саид
10 қаң. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi