ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН ҚАЙТАРУ ӘДЕПТЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН ҚАЙТАРУ ӘДЕПТЕРІ

| A | +

Асыл дініміз Исламда адам баласының екі дүниесіне қажетті барлық мағлұмат қамтылған. Осындай қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде баяндалған мәселелердің бірі – қарыз алу және оны қайтарудың әдептері.

Қарыз беру мен оны қайтаруға қатысты әдептерді білмегендіктен, кейде білсе де дұрыс амалға асырмағандықтан адамдардың арасында реніш, өкпе, сенімсіздік, сыйластықтың бұзылуы сияқты келеңсіз жайттар орын алып жатады. Осыны терең түсінген ата-бабаларымыз: «Қарыз беру уайым емес, қайтарып алу – уайым», «Көшуден бұрын керуен басыңды сайла, қарыз алудан бұрын, береріңді ойла», «Қарыз қатынас бұзады» делінген даналық сөздерді айтқан.

Қасиетті Құранның ең ұзақ аяты болып табылатын «Бақара» сүресі, 282-аятының қарыз аяты болуы тегін емес. Бұл мұсылман адамның қарыз әдептеріне өте мұқият болып, оған бей-жай қарауына болмайтындығын білдіреді.

Тіпті, адам дүниеден өткеннен кейін, шариғатымыз бойынша жаназа намазы алдында марқұмның дүниедегі қарызы сұралады. Қарызы болса, оның артында қалған дүниесінен беріледі, болмаса жақындары мойнына алады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

نَفْسُ الْمُؤْمِنِ مُعَلَّقَةٌ بِدَيْنِهِ حَتَّى يُقْضَى عَنْهُ

«Мүминнің жаны оны өтегенге дейін қарызымен байлаулы болады», – деп айтқан (имам Тирмизи).

Әбу Қатададан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте:

«Бір күні Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  жаназа намазын оқу үшін ансарлардан қайтыс болған мұсылманды алып келді. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Достарыңа намаз оқыңдар, алайда оның қарызы бар», – дейді. Әбу Қатада (Алла оған разы болсын): «Оны мен өтеймін», – деді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен өтеймісің?» – деп сұрады. Әбу Қатада: «Иә, өтеймін», – деп жауап берді. Осыдан кейін ғана Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол адамның жаназа намазын оқыды», – делінген (имам Нәсаи). 

Бұл хадистер қарыз мәселесі өте үлкен маңызға ие екендігін көрсетеді. Қазіргі күні де әрбір адам қарызды беру және оны алудың әдебін жақсы біліп, оны іс жүзінде амалға асырудың маңызы үлкен. Дініміздегі қарыз алу мен оны берудің әдептері бар. Қысқаша тоқталар болсақ:

Бірінші: Қарызды жазу.

Қарыз – берсең сауап, алсаң аманат болып жазылатын дүние. Қарыз беруші мен оны алушы өзара қарыз арқылы алыс-беріс болғандығын қағазға түсіріп, жазғаны дұрыс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 282-аятында:

يَاأَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا تَدَايَنتُم بِدَيْنٍ إِلَى أَجَلٍ مُّسَمًّى فَاكْتُبُوهُ وَلْيَكْتُبْ بَيْنَكُمْ كَاتِبٌ بِالْعَدْلِ وَلاَ يَأْبَ كَاتِبٌ أَنْ يَكْتُبَ كَمَا عَلَّمَهُ اللهُ فَلْيَكْتُبْ وَلْيُمْلِلِ الَّذِي عَلَيْهِ الْحَقُّ وَلْيَتَّقِ اللهَ رَبَّهُ وَلاَ يَبْخَسْ مِنْهُ شَيْئًا

Жаратқан Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе қарыз бергенде, оны жазып қойыңдар. Араларыңда бір хатшы әділдікпен жазсын. Сондай-ақ хатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі хатшыға жаздырсын. Ол Раббысы Алладан қорықсын әрі қарызынан ешнәрсені кемітпей толық жаздырсын», – деп айтқан. 

Мән берер болсақ, бұл аятта мың жарым жыл бұрын қазіргі нотариустардың атқаратын қызметі бұйырылған. Қарызды жазу мәселесінде екі адамды куәгер етіп, берілген қарыздың құнымен қайтарылатын уақыты жазылуы қажет. Егер қарыз алушы адам қағазға өзі жаза алмайтын болса, жазатын адамға өз аузымен айтып тұруы шарт. Ал егер ол ауру не басқа да себептермен айтып тұра алмаса, оның орнына қамқоршысы айтуы керек. Қарыз берілгеніне екі ер адам куәгер болады. Егер екі ер болмаса, бір ер екі әйел куәлік етуіне рұқсат. Аяттың жалғасында:

فَإِنْ كَانَ الَّذِي عَلَيْهِ الْحَقُّ سَفِيهًا أَوْ ضَعِيفًا أَوْ لاَ يَسْتَطِيعُ أَن يُمِلَّ هُوَ فَلْيُمْلِلْ وَلِيُّهُ بِالْعَدْلِ وَاسْتَشْهِدُوا شَهِيدَيْنِ مِن رِّجَالِكُمْ فَإِن لَّمْ يَكُونَا رَجُلَيْنِ فَرَجُلٌ وَامْرَأَتَانِ مِمَّن تَرْضَوْنَ مِنَ الشُّهَدَاءِ أَن تَضِلَّ إِحْدَاهُمَا فَتُذَكِّرَ إِحْدَاهُمَا الأُخْرَى وَلاَ يَأْبَ الشُّهَدَاءُ إِذَا مَا دُعُوا

«Егер мойнында қарызы бар адам жарымес немесе есі кірмеген жас бала яки өзі айтып бере алмайтын болса, оның қамқоршысы әділдіктен таймай (қолхат мәтінін) айтып жаздырсын. Сондай-ақ еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егер екі еркек табылмаса, онда өздерің сенімді деп білген айғақтардан бір еркек екі әйел болады. Егер екеуінің бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады. Куәгерлер куәға шақырылған сәтте (куә болудан) бас тартпасын», – деп айтылған.

Қарыз беруші қарыз алушыдан қайтарылатын уақытқа дейін кепілдікке қандайда бір затты талап ете алады. Белгіленген уақыт толғанда, қарыз алушы оны (яғни қаражатты) қайтарудан бас тартса, кепілдікке берілген зат сатылып, оның ақшасы қарыздың ақшасын жабуға жұмсалады. Егер сатылған заттан қарызды жабудан бөлек артық ақша қалып қойса, қарыз алушыға қайтарылады.

Қарыздың жазылмауы, куәгерлердің болмауы, кепілдік зат алынбауы күнә деп танылмайды. Өйткені қарызды бұлайша жазу міндет емес, мустахаб амалға жатады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 283-аятында:

فَإِنْ أَمِنَ بَعْضُكُمْ بَعْضًا فَلْيُؤَدِّ الَّذِي اؤْتُمِنَ أَمَانَتَهُ وَلْيَتَّقِ اللهَ رَبَّهُ

«Ал егер бір-біріңе кәміл сенсеңдер (заттай алуды қажет деп таппасаңдар), сенімге кірген адам мойнындағы аманатын уақытында қайтарсын. Сондай-ақ (әне-міне деп уақытынан кешіктіруден) Раббы Аллаға қарсы келуден қорықсын», – деген.

Бірақ, қарызды қағазға түсіру адамдардың ақыларының сақталуына, қарызы бар екендігін ұмытпауына, оған  аманат деп қарап, өзінің борышты екендігін, белгілі мерзімде қайтаруы тиіс екендігін әркез есте ұстауға септігін тигізеді.

Екінші: Қарыз алуды өте қысылғанда ғана сұрау.

Мұсылман адам алушы қол, беруші қолдан төмен екенін есте ұстайды. Сол себепті де аса мұқтаждық көрмесе, тапқаны  күнкөрісіне жетсе, өзгелерден  жәрдем сұрамағаны дұрыс. Бұл дегеніміз қарыз сұраушы адамның себептері салмақты, яғни мұқтаждығы орынды болуы керек.

Лұқман Хакім: «Қарыз жүгінің астында езілгенше, тас тасыған жақсы», –деген екен.

Ал қарыз сұрауды әдетке айналдырып, әрдайым адамдардан қарыз сұрай беру, өзгелерге қол жаю дұрыс іс емес.

Қожа Ахмет Ясауи бабамыз: «Арыңды сақта, болсаң да малға кедей» деп айтқанындай, адам ар-намысты да ойлауы қажет. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 273-аятында мүминдердің осындай ізгі сипаты жөнінде:

يَحْسَبُهُمُ الْجَاهِلُ أَغْنِيَاءَ مِنَ التَّعَفُّفِ تَعْرِفُهُم بِسِيمَاهُمْ لاَ يَسْأَلُونَ النَّاسَ إِلْحَافًا

«Білмейтін біреу оларды ар-намыстарын сақтағандықтарынан бай деп ойлайды. Оларды бейнесінен-ақ танисың. Олар адамдарға жармасып сұрамайды», – деп айтқан.

Қарыз сұрауға мәжбүр болғанның өзінде ең жақын деген адамдарынан сұраған жөн. Алайда, жақын, дос адамның өзін қарызды көп сұрап, алыстатып алудан сақ болу керек. Халқымыздың «Досқа ауырлығыңды салма, достан қарыз алма», – дейтіні осыдан болса керек.

Үшінші: Қарызды уақытында қайтару.

Қарыз алушы оны міндетті түрде өтеймін деген ниетте болуы керек. «Амалдар ниеттерге байланысты», – екендігін ескерсек, сонда Алла ісімізге жеңілдік жасап, мақсатымызға тезірек жеткізеді. Өйткені, қарыз – аманат.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресі, 58-аятында:

إِنَّ اللهَ يَأمُرُكُمْ أَن تُؤَدُّوا الأمَانَاتِ إِلَى أَهْلِهَا

«Негізінен Алла сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды әмір етеді», – деп бұйырған.

Уағдаласқан уақыт келген сәтте қарыз алушы мүмкіндігінше өз аяғымен барып, қарыз берген адамды тауып, алған аманатын қайтарып беруі керек. Қарызды уақытында қайтармай, берген адамды өзі іздеп келуіне мәжбүрлеу – адамгершілікке жатпайтын іс. Себебі, жағдайы бола тұра қарызды қайтармай әдейі созу, уәдеде тұрмағандық деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا ، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا: إذَا اُؤْتُمِنَ خَانَ ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ

«Кімнің бойында төрт түрлі сипат болса, ол толық екіжүзді болып табылады. Кімнің бойында осы сипаттардың біреуі болса, одан арылмайынша бойында екі жүзділіктің белгісі болады. Олар:

  1. Оған сеніп тапсырылса, опасыздық жасайды;
  2. Сөйлесе, өтірік айтады;
  3. Серт берсе, орындамайды;
  4. Біреумен бір істе ортақ шешім таппаса, шектен шығады», – деген (имам Бұхари, Мүслим).

Хатим әл-Әсам (Алла оны рақымына алсын): «Асығыстық шайтаннан. Тек, бес жағдайда ғана асығу құпталады әрі Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті деп танылады. Олар:

  1. «Қонақ келгенде ас беруге асығу;
  2. Адам дүниеден өткенде қабірге қоюға асығу;
  3. Қыз бала бой жетсе, ұзатуға асығу;
  4. Қарызды тезірек қайтаруға асығу;
  5. Күнәлі істен кейін тәубе етуге асығу», – деген.

Адам мен адам арасындағы қарыз – үлкен жауапкершілік. Жылатпай, еңіретпей уақытылы қайтару қарыз алудың үлкен әдептері болып табылады. Қарызды қасақана кешіктіру ешкімге абырой алып берген емес. Керісінше қарыз берушінің сенімін жойып, көңілін суытады, екеуара қарым-қатынастары нашарлайды. Қарыз берген кісінің де жағдайын түсініп, оған да қаржы керек қой деп ойлау керек. Имам Раббани: «Бір тиын болса да, қарызын қайтару – көп алтын садақа беруден де жақсы», – деген.

Алған қарызын уақытылы қайтара алмайтын жағдайда, қарыз берушіні қарыз алушының өзі іздеп барып: «Мен мынадай күні алған қарызымды қайтарамын деп уәде бергенмін. Бірақ, қайтара алмай қалатын сияқтымын.  Қарызды қайтаруыма мына уақытқа дейін тағы да шегерсеңіз» деп өтініш жасауы қажет. Бұл адамдар арасындағы өзара сенімділікті одан сайын арттыра түседі. Мұндағы басты мақсат – берушіні сабырға шақыру және алушының аманатқа деген жауапкершілігін күшейту. Жаңа келісім жасау берушіні де, алушыны да разы етеді.

Ал қарызды алуын алып алып, қайтаруға келгенде жауапкершіліктен қашу, қарыз алған адамның көзінен тасаланып қашып жүру, қоңырау шалса көтермеу, қарызды берген адам қайтаруын талап етсе, ренжу сияқты істер мұсылман адамға мүлде тән емес.  

Төртінші: Қарызын өтей алмай қалған адамның қарызын кешіру.

Алған қарызын өтейін десе де өтей алмай, шынайы қиналған адамның қарызын кешірудің сауабы мол. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді:

سَمِعَ رَسُولُ اللَّهِ  صَوْتَ خُصُومٍ بِالْبَابِ عَالِيَةً أَصْوَاتُهُمَا وَإِذَا أَحَدُهُمَا يَسْتَوْضِعُ الآخَرَ وَيَسْتَرْفِقُهُ فِي شَيْءٍ وَهُوَ يَقُولُ: وَاَللَّهِ لا أَفْعَلُ فَخَرَجَ عَلَيْهِمَا رَسُولُ اللَّهِ  فَقَالَ: « أَيْنَ الْمُتَأَلِّي عَلَى اللَّهِ لا يَفْعَلُ الْمَعْرُوفَ؟ » فَقَالَ: أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ وَلَهُ أَيُّ ذَلِكَ أَحَبَّ

«Бірде Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  өзінің есігінің алдында бір-бірімен ұрсып, бірі екіншісінен қайырым етіп, қарызының бір бөлігін кешіруін сұрап жатқанда, екіншісі оған: «Алланың атымен ант етемін, олай істемеймін!» – деп айтып жатқанын естіп: «Алланың атымен ант етіп, жақсылықты істемеймін деп жатқан қайсысың?» – деп сұрады. Сонда ол адам: «Бұл менмін, уа, Алланың елшісі! Оған оның сұрағаны болсын (яғни, оның қарызын кешірдім)», – деді» (имам Бұхари, Мүслим).

Кімде-кім қарыз алған адамның қарызын кешірсе, Алла ол адамды кешіреді. Хузайфа (Алла оған разы болсын) былай деді: «Алла Тағалаға байлық нәсіп еткен құлын алып келеді де, одан: «Сен жердегі өміріңде не істедің?» – деп сұрайды, ал оның, еш нәрсені жасыруға шамасы келмейді. Жауап ретінде: «Уа, Раббым! Сен маған байлық сыйладың, мен болсам адамдармен сауда істерін жүргіздім. Маған кешірім жасаушылық бейім болды және мен қаражат мәселесінде адамдарға жеңілдік жасайтынмын және қиыншылыққа тап болған адамға қарызының мерзімін ұзартатынмын», – дейді. Сонда Алла Тағала: «Менің ондайға, оған қарағанда ақым көбірек, менің құлымды (еркіне) қойыңдар!» – дейді (имам Мүслим).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

مَنْ أَنْظَرَ مُعْسِرًا أَوْ وَضَعَ لَهُ ، أَظَلَّهُ اللَّهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تَحْتَ ظِلِّ عَرْشِهِ ، يَوْمَ لا ظِلَّ إلا ظِلُّهُ

«Кім қиыншылыққа тап болғанның қарызын өтеуге уақытын ұзартса, не болмаса оны кешірсе, ондай құлды Алла Тағала көлеңкелер болмаған күні Өзінің Аршысының көлеңкесіне алады», – деген (имам Ахмад).

 

Қадірменді жамағат!

Түрлі жағдайларға байланысты қарыз беріп, қарыз алмаған адам кемде-кем шығар. Алайда осы бір қарыздың арты қаншама өкпе мен ренішке, жақындардың арасының бұзылуына әкеп соғып жатады. Мұсылман адам қарыз алған жағдайда, оған өте жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اللَّهُمَّ إِنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَ الْحَزَنِ وَ الْعَجْزِ وَ الْكَسَلِ وَ الْبُخْلِ وَالْجُبْنِ وَضَلَعِ الدِّينِ وَ غَلَبَةِ الرِّجَالِ

«Уа, Алла! Расында мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарызға бату мен адамдардың басымшылығынан Өзіңе сиынамын», – деген дұғасының жетуі қарызды қайтарудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Ендеше, асыл дініміз үйреткен осындай әдептерге мән беру – біздердің ынтымағымыз бен бірлігіміздің сақталуына, сыйластықтың жойылмауына үлкен ықпал етеді.

 

 

Авторы ҚМДБ

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ЖАТ АҒЫМНЫҢ СОЙЫЛЫН СОҒЫП ЖҮРІП ҚҰРДЫМҒА КЕТПЕ ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ
الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:35

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi