ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:54
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Бұл дүниедегі барлық пенде жұмақ ұғымын азды-көпті біледі, түсінеді. Өйткені жұмақ сөзінің өзі адам баласына бұл өмірде қуаныш сыйлайтын, көңіліңді жұбатып, бақытты ғұмырға жетелейтін, ал о дүниеде әрбір пенде аңсайтын мекен. Адам баласы бұл дүниеде жәннатты көре алмағанымен Құран және хадистерде келген мәліметтер бойынша сенеді, иланады. Соның негізінде жұмақты аңсайды, «соңғы тұрағымның мекені болса» деп армандайды. 

Ислам діні бойынша жұмақ жаратылған және ол қазір бар. Мұсылман баласы «жұмақ Алланың қалауымен мәңгі қалады, ол бар, ешуақытта жоғалып кетпейді» деп иман келтіруі тиіс. Сонда ғана оның иманы дұрыс әрі кәміл болады.

Жаратқан Алла Тағала пенделерін бұл өмірде бостан-босқа жаратқан жоқ. Адамзат бұл дүниеде ақыреттегі мәңгілік өмір үшін жаратылды. Кім соңғы тұрағының жәннат болуын қаласа, бұл өткінші өмірде өзінің жастық шағын, денсаулығын, байлығын, бос уақытын сауапты амалдарды жасаумен өткізуі керек. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі, 133-аятында:

سَارِعُوا إِلَى مَغْفِرَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا السَّمَوَاتُ وَالْأَرْضُ أُعِدَّتْ لِلْمُتَّقِينَ

«Раббыларыңның кешіріміне, кеңдігі жер мен көктей болатын, тақуалар үшін әзірленген жәннатқа ұмтылыңдар», – деп айтқан.  

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеткізген құдси хадисте Алла Тағала былай деген: «Салиқалы пенделерім үшін көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының ойына келмеген нәрселерді әзірлеп қойдым», – деген (Фатху әл-бари, 8\515).

Жәннатқа пенделер тек Алла Тағаланың мейірімімен ғана кіретіндігі белгілі. Сондықтан да ізгі амалдар Жаратушымыздың мейірімі мен жәннатына бөленуімізге себепші болады. Негізінде дінімізде ізгі деп танылған амалдардың кез-келгені Раббымыздың мейіріміне жетелейді. Алла Тағала қасиетті Құранның «Кәһф» сүресі, 107-аятында:

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ كَانَتْ لَهُمْ جَنَّاتُ الْفِرْدَوْسِ نُزُلًا

«Расында иман келтіріп, түзу іс істегендердің қонақжайы «Фирдаус» атты жәннат бақшалары болады», – деп айтқан.

Алайда, қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде кейбір ізгі істер жәннатқа жетелейтін амалдар ретінде ерекше аталған. Солардың негізгілеріне тоқталып өтетін болсақ, мынадай:

Бірінші: Көркем мінез

Асыл дінімізде көркем мінезді болудың маңызы өте үлкен. Әли ибн Әбу Талиб (оған Алла разы болсын): «Сәнді бұйымдар мен әдемі киім уақытша ғана көрік береді.  Адамның шынайы көркі оның мінезінде. Себебі мінезі көркем кісі адамдарға да Алла Тағалаға да сүйікті болмақ», – деген. Адамның жәннатқа кіруіне ең көп себепші болатын амал да, осы – көркем мінезділік. Саңлақ сахабалардың бірі Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) былай деген:

سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ : مَا أَكْثَرُ مَا يُدْخِلُ النَّاسَ الْجَنَّةَ ؟ قَالَ : تَقْوَى اللَّهِ وَحُسْنُ الْخُلُقِ

«Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың жәннатқа кіруіне ең көп себеп болатын не нәрсе?» – деп сұралғанда, ол кісі: «Тақуалық пен көркем мінез», – деп жауап берді», – деген (имам Тирмизи). Аталмыш хадиске қатысты ғалымдарымыз: «Тақуалық пен көркем мінездің жәннатқа кіргізетін амалдар ретінде бірге айтылуының себебі – тақуалық арқылы пенде Раббымен байланысын нығайтсакөркем мінез арқылы  өзге адамдармен байланысын нығайтады», – деп түсіндірген.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде хадисінде:

إِنَّ الُمُؤْمِنَ ليدْرِكُ بِحُسْنِ خُلُقِهِ دَرَجَة الصَّائِمِ القَائِمِ

«Расында мүмін адам өзінің көркем мінезі арқылы (үздіксіз) ораза ұстаушы мен (түнімен) намаз оқушының дәрежесіне жетеді», – деген (имам Әбу Дәуід).

Шынайы жәннатты аңсаған адам ең алдымен өзінің мінезінің көркем болуына аса назар аударуы қажет. Кейбір адамдар «Менің мінезім өзі солай» немесе «Менің мінезім өзгермейді» деп уәж айтуы мүмкін. Алайда, мінез-құлықты өзгерту мүмкін болмағанда, дін бізден оны талап етпейтін еді. Әр сөзін имандылықпен ұштастыра білген Абай атамыздың қара сөздерінің бірінде: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – деген. Адам мінезі жөнделмесе ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّمَا بُعِثْتُ لأُتَمِّمَ مَكَارِمَ الأَخْلاقِ

«Расында мен көркем мінезді кемелдендіру үшін жіберілдім», – деп, өзінің келуіндегі мақсатын көркем мінезбен байланыстырмас еді (имам Бұхари).

Ендеше, аң екеш жабайы аңның өзі тәрбиелеу арқылы адам қолына үйренеді, ноқта көрмеген ту асау да жуаситындығы сынды, адам өз нәпсісімен ұдайы күрес жүргізу арқылы оны тәрбиелеп, жаман мінезден арылып, бойында жақсы мінезді қалыптастыра алады.

Екінші: Жүрек тазалығы

Жүрек – адам ағзасының патшасы. Жүрек – иманның, махаббаттың, ниеттің, үміт пен үрейдің орны болғандықтан адам баласы жүрек мәселесіне аса мән беруі қажет. Ихсан ілімінің негізгі ерекшелігі де осы жүрек амалдарын зерттеуінде. Жунейд Бағдадидың (Алла оны рақымына алсын): «Шынайы ихсан жолындағы адам деп жүрегін Алла Тағаладан өзгеден тазартқан адамды айтамыз» – дейді.

Жүректің дұрыс болуы адамның бүкіл іс-әрекетінің дұрыс болуына, бұрыс болуы адамның бүкіл іс-әрекетінің бұрыс болуына ықпал етеді. Кейбір даналар жүректі кеменің басшысына теңеген. Себебі, кеменің қай тарапқа бағыт алуы оның басшының бұйрығына байланысты болады. 

Ендеше, шынайы жәннатты аңсаған адамдардың бір сипаты – жүрегінің өзгелерге деген реніш, өкпе, кек, жек көру, көреалмау сияқты дерттерден таза болуы. Алла Тағала қасиетті Құранда жаннат иелеріне қатысты:

ادْخُلُوهَا بِسَلاَمٍ آمِنِينَ وَنَزَعْنَا مَا فِي صُدُورِهِم مِّنْ غِلٍّ إِخْوَانًا عَلَى سُرُرٍ مُّتَقَابِلِينَ

«Жәннатқа амандықпен кіріңдер! Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Бауыр болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады», – деп айтқан («Хижр»  сүресі, 46-47 аяттар).

Қисса

Алла  елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні мешітте сахабаларымен отырғанда «Жәннаттық адамды көргілерің келеді ме?» – деп сұрайды. Сахабалардың барлығы «Әрине, уа, Алланың елшісі!» – дейді. Сол-ақ екен, бір ансарлық сахаба мешітке кіріп келеді. Ертенгі күні Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларынан тағы да «Араларыңда жүрген жәннаттық адамды көргілерің келеді ме?» – деп сұрайды. Сахабалары: «Иә», деп жауап бергені сол-ақ екен, бұл жолы да дәл сол ансарлық сахаба қайтадан келеді. Ардақты Пайғамбарымыз үшінші күні де осы сөзін қайталғанда, тағы да сол сахабасы мешітке кіріп келе жатады.

Әлгі ансарлық сахабаның қандай амалы себепті бұндай нығметке ие болғандығын білу үшін Абдулла ибн Әмр (Алла оған разы болсын) оның үйіне барып, рұқсат сұрап, үш күн бойы қонақ болады. Бірақ ол кісінің ерекше бір ғибадат-құлшылық жасағандығын байқамайды. Өзі жатар кезде жатып, оянғанда бірге оянады. Тағаты таусылған Абдулла әлгі ансарлық сахабадан: «Алла елшісі сіздің жәннат иелерінен екендігіңізді үш мәрте қайталап айтып еді. Сондықтан мен де сіздің жәннат иелерінен атануыңызға себепші болған амалды жасағым келіп, сіздің қандай амалыңыз арқылы ондай дәрежеге ие болғаныңызды білгім келді. Алайда, сізден ерекше бір құлшылық түрі байқай алмады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сіздің қандай құлшылығыңыз үшін жәнаттық деді?» – деп сұрайды. Сонда ансарлық сахаба: «Мен де өзімнен ешқандай ерекшелік көрмеймін. Алайда, мен ешқандай бір мұсылманға жамандық ойламаймын әрі бірде-бір адамға оған берілген жақсылық нығметіне көре алмаушылық танытпаймын», – дейді. Осы кезде Абдулла ибн Әмр: «Міне, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы амалды айтқан еді әрі біздің де іске асыра амалмай жүрген амалымыз  осы», – дейді».

Үшінші: Қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар аудару

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Өйткені қыз бала – болашақ ана. Сол себепті де асыл дінімізде де қыз баланың тәрбиесіне ерекше назар аударылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кімнің үш қызы дүниеге келсе, сол үш қызының қиыншылығына шыдап, қуанышымен бөліссе, жақсылап тәрбиелесе, жеткізсе, Алла тағала осы қыз балаға жасаған рақымы үшін ол кісіні өз жұмағына кіргізеді» деген. Осыны естіп тұрған бір сахаба: «Уа, Расулулла! Егер бір адамның екі қызы болса ше?» – деп сұрайды. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі қызы болса да жұмаққа кіреді», – дейді. Әлгі сахаба: «Ал егер бір қызы болса ше?» – деп сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз: «Ол қызды жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, жеткізсе, онда жұмаққа кіреді», – деп жауап береді.

Қазақты тәрбиеде де қыз баланы құрметтеу, оның алдында дөрекі сөйлемей ізетті болу, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына мінгізу, киімнің әсем сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Жиын тойларда қыз баланы әрдайым сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен келіндер де қайын сіңлілерін аттарымен атамай «еркежан», «шырайлым» деп еркелеткен. Өйткені, қыз баланы тәрбиелеу – бір адам емес, бәлкім бір ұрпақты тәрбиелеу. Салиқалы қыз ғана ұлт болашағын баянды ете алады. Абай Хәкім қазаққа қам жеген адамға екі нәрсе керек деп, соның біріншісі турасында: «Дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді», – деп айтқан.

Қисса

Айша анамыздан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Бірде маған қолына екі қызын көтеріп бір кедей әйел кірді. Мен оған үш құрма бердім, ал ол болса құрманың екеуін бір-бірден екі қызына берді де, үшінші құрманы өзі жемекші болып аузына апара бергенде, қыздары оған телміріп қарап тағы тамақ сұрады. Ол болса қолындағы құрманы қыздарына бөліп берді. Мен бұл оқиғаға таңырқап, болған жайды Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқанымда, Пайғамбарымыз: «Расында, бұл үшін Алла оған жәннатты міндет етті немесе  оны тозақтың отынан босатты!» – деді» (имам Муслим).

Төртінші: Әрдайым истиғфар айтып жүру

Мүмин адамның әркез истиғфар айтып, Жаратушысынан кешірім тілеп жүруінің маңызы зор. Алла Тағала қасиетті Құранда ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَمَا كَانَ اللَّهُ لِيُعَذِّبَهُمْ وَأَنتَ فِيهِمْ ۚ وَمَا كَانَ اللَّهُ مُعَذِّبَهُمْ وَهُمْ يَسْتَغْفِرُونَ

«(Уа, Мұхаммед!) Сен олардың араларында болған кезіңде Алла азаптамайды және олар Алладан кешірім тілеген кезде Алла оларды азапқа салмайды» деген аят нәзіл болады («Әнфал» сүресі, 33-аят).

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі де истиғфарды өте көп айтатын. Хадистерде келгеніндей күніне 70, кейде 100 мәрте истағфар сөздерін қайталайтын болған.

Хузайфа (Алла оған разы болсын) атты сахаба бала-шағасын бағуда қатты қиналып жүреді. Оның жағдайын ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) естіген кезде, Хузайфаға қарап: «Уа, Хүзайфа! Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне жүз рет истиғфар айтамын», – деген (имам Нәсәи).

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) «Мен Пайғамбарымыздан артық көп кешірім тілейтін адамды әлі көрмедім» деген. Истиғфар дұғаларының нұсқалары өте көп. Олардың ішіндегі шарапаты ең молы – «Истиғфарлардың мырзасы» аталған «Сәйидул истиғфар» дұғасы.  Ол дұғада мынадай сөздер қамтылған:

اَللّهُمَّ أَنْتَ رَبِّي لَا إِلٰهَ إِلَّا أَنْتَ خَلَقْتَنِي وَأَنَا عَبْدُكَ وَأَنَا عَلَى عَهْدِكَ وَوَعْدِكَ مَا اسْتَطَعْتُ أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ مَا صَنَعْتُ أَبُوءُ لَكَ بِنِعْمَتِكَ عَلَيَّ وَأَبُوءُ لَكَ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لِي فَإِنَّهُ لَا يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلَّا أَنْتَ

«Уа, Алла Тағалам! Сен  менің Раббымсың! Сенен басқа Тәңір жоқ. Мені Сен жараттың. Мен  Сенің құлыңмын, күш қуатымның жеткенінше Сенің уәдеңді берік ұстауға тырысамын. Жасаған жамандықтарымның сорынан Саған сиынамын. Бойымдағы бар нығметтеріңді мойындаймын. Күнәмды да мойындаймын. Мені кешіре гөр. Себебі, Сенен басқа ешкім күнәларды кешіре алмайды» (имам Бұхари).

Тағы бір хадисте: «Кімде кім бұл дұғаны күндіз оқып, кешке дейін дүниеден өтер болса, ол адам жәннаттық болады. Кімде-кім түнде оқып, таң атқанша дүниеден өтер болса ол адам жәннаттық болады», – делінген (Имам Әбу Дәуід).

Бесінші: Дауласудан бас тарту

Дау – екі немесе одан да көп адамдардың өзара пікір қайшылығы. Дау, жанжал атаулы – берекені қашырып, адамдардың арасының бүлінуіне реніш пен кектің тууына себепші болады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әнфал» сүресі, 46-аятында:

وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَلَا تَنَازَعُوا فَتَفْشَلُوا وَتَذْهَبَ رِيحُكُمْ وَاصْبِرُوا إِنَّ اللَّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ

«Аллаға әрі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге», – деп, мүминдерді өзара дауласудан тыйған.

Тіпті өзінікі дұрыс болып тұрған жағдайда да, мүмин адам дауласудан бас тартуы тиіс Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):      

أَنَا زَعِيمٌ بِبَيْتٍ فِي رَبَضِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْمِرَاءَ وَإِنْ كَانَ مُحِقًّا ، وَبِبَيْتٍ فِي وَسَطِ الْجَنَّةِ لِمَنْ تَرَكَ الْكَذِبَ وَإِنْ كَانَ مَازِحًا ، وَبِبَيْتٍ فِي أَعْلَى الْجَنَّـةِ لِمَنْ حَسُنَ خُلُقُهُ

«Мен өзінікі рас болса да тартысуды қойған кісі үшін жәннаттың ауласынан бір үй, ал әзіл болса да өтірік айтуды қойған кісі үшін жәннаттың ортасынан бір үй, ал көркем мінездіге жәннаттың ең биігінен бір үй (берілетіндігіне) кепіл боламын», – деген (имам Тирмизи).

Қадірменді жамағат!

Пенденің жәннатқа кіруіне себепші болатын бұдан да өзге амалдар өте көп. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِنَّ فِي الْجَنَّةِ غُرَفًا، يُرَى ظَاهِرُهَا مِنْ بَاطِنِهَا، وَبَاطِنُهَا مِنْ ظَاهِرِهَا أَعَدَّهَا اللَّهُ لِمَنْ أَلَانَ الْكَلَامَ، وَأَطْعَمَ الطَّعَامَ، وَتَابَعَ الصِّيَامَ، وَصَلَّى بِاللَّيْلِ وَالنَّاسُ نِيَام

«Пейіште бөлмелер бар. Олардың ішінен сырты, сыртынан іші көрініп тұрады. Алла Тағала ол бөлмелерді сөзі жұмсаққа, адамдарды тамақтандыратынға, (қосымша нәпіл) оразасын ұстайтынға және түнде адамдар ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқитын кісіге дайындап қойды», – деген (имам Бәйһақи).

Алла Тағала баршаларымыздың ізгілік амалдарымызды молайтып, Өзінің мейірімі мен жәннатына бөленетін пенделерден болуымызды нәсіп етсін!

Авторы ҚМДБ

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ҚАЖЫЛЫҚ ПЕН УМРАНЫҢ ҮШ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:54

Екінтіге дейін 01:22

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi