МИҒРАЖ КЕШІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

МИҒРАЖ КЕШІНІҢ КЕРЕМЕТТЕРІ

| A | +

Миғраж – әз пайғамбардың басынан өткерген ғажайып оқиға. Алла Тағаланың ең таңдаулы пайғамбарына көрсеткен теңдессіз мұғжизасы. Сонымен бірге, Мұхаммади үмбетке миғраждан алар көптеген ғибрат тағы бар. Исра – пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Құдысқа жасаған түнгі сапары. Екі қала арасы қырық күндік қашықтық. Алайда, Жаратқанның құдіретімен бір түнде барып, қайтады. Құранда бұл оқиға: «Пендесін бір түні оған белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбәрак еткен Ақса мешітіне (исра жасатып) апарған Алла Тағала әртүрлі кемшіліктен пәк. Күмәнсіз, Ол естуші, білуші», деп баяндалады.

Айтулы оқиғадан алдын ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) меккеліктерді ұзақ жыл иманға үндеді. Бірақ, мұсылмандықты қабылдағандар саны көп емес еді. Қаланың басым жұрты үзілді-кесілді қарсылық танытты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) басқа шаһар халқына да имандылық шуағын жеткізбек болып, Таифқа бет алды. Алыс жатқан Таифқа табан тоздырып жаяу жетті. Алайда, алдын ала хабардар қала жұрты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алтыннан да қымбат сөзіне құлақ салмады. Керісінше, кежегесінен кері кетіп көшенің бұзықтарын айдап салды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қам көңіл болып, еліне қайта оралды. Туған елі мен Таиф жұрты оны қуып жатты. Жығылғанға жұдырық деп үйдегі сүйеніші жұбайы Хадиша мен түздегі арқа сүйер көкесі Әбу Талибтің де дәм-тұзы таусылып ақыретке аттанды. Осы шақта бейне бір, адамдар жатсынып сыртқа теуіп жатқанда, жеті қабат көк пен жердің Раббысы оны шақырады. Жерден аспанға иләһи сапарға дайындал. Әлемдер Иесі саған бұрын соңды ешбір пайғамбарға бұйырмаған сый-құрмет көрсетеді деп тұрғандай еді.

Имам Муслимде сахаба Әнас бин Маликтен (р.а.) миғраж оқиғасы жайлы риуаят бар. Содан бір үзінді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): Маған пырақ әкелінді. Ол есектен биік, қашырда төмен ақ жануар. Тұяғын көз қиығы жеткен жерге бір-ақ қоятын жүйрік. Пыраққа мініп Мақдисқа жеттім. Көлігімді байлап, мешітке кіріп екі бас намаз оқыдым». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) досы Жәбірейілмен жеті қабат аспанға бет алды. Бірінші қабатта – Адам ата, екінші аспанда – Иса мен Яхия, үшінші қабатта – Юсуф, төртте – Идрис, бесінші қабатта – Һарун, алтыншы қабатта – Мұса, жетінші қабатта – Ибраһим пайғамбар (баршасына Алланың игілігі мен амандығы болған) қарсы алды. Барлығы оған ақ батасын беріп жатты. Пайғамбарлар атасы Ибраһим жетінші қабаттағы мағмур үйіне арқасын сүйеп отыр екен. Бұл аспандағы Кағба еді. Оны күніне жетпіс мың періште тауаф етеді.

Миғражда намаз парыз етілді. Бастапқыда әр күні елу намаз болған еді. Алайда, Мұса пайғамбар: Раббыңа қайта барып, жеңілдік сұра. Үмбетің бұл намазды оқуға шамасы жетпейді. Исраил жұртына осылай парыз етіп, мен сыналдым, дейді. Бауыры Мұсаға құлақ салып, пайғамбарымыз Жаратқаннан жеңілдетуін сұрайды. Елуден бес намаз алынады. Алайда, Мұса тағы да жеңілдік сұрауын кеңес етеді. Осылайша әр барған сайын бес намазға жеңілдетіліп отырды. Соңында, күніне бес уақыт намаз болып: «Уа, Мұхаммед! Бес уақыт намаз. Әр намазға он сауап беріліп, елу намазға пара-пар болады. Кімде-кім бір жақсылық істеуді ниет етіп, істей алмаса да сауап жазылады. Ал, істейтін болса, он сауап. Жамандық ойлап, бірақ істемесе ешнәрсе жазылмайды. Істесе бір күнә жазылады», деген пәрмен келеді.

Тағлымы мол оқиға. Ендеше, біз миғраж оқиғасынан қандай ғибрат аламыз? Суюти (р.а.) осы риуаятқа байланысты: Бірінші қабатта Адам пайғамбардың болуының сыры, ол ең алғашқы пайғамбар әрі адамзаттың атасы. Келесі қабатта Исамен кездесуі, ол пайғамбарымызға дәуірі ең жақын пайғамбар. Ал, үшінші қабатта Юсуфтің болуы, Мұхаммед үмбеті Юсуф пайғамбардай сымбатты боп жәннатқа кіруіне ишарат. Идрис пайғамбардың төртінші аспанда болуы, ол дін жолында ең алғаш соғысқан пайғамбар. Мұсаның бауыры Һарун бесінші, Мұса одан бір қабат биікте. Ең шыңында Ибраһим пайғамбар. Ол пайғамбарлар атасы», деп жазады. Сонымен бірге, Алла елшісіне кездескен әр пайғамбар оны: ізгі бауырым, деп бір ғана қасиетін айтуымен шектеледі. Өйткені, ізгілік бар асыл қасиетті бойына қамтиды.

Құртуби осы риуаятқа қатысты: «Намазға қатысты Мұса пайғамбардың кеңес беруінің хикметі неде деген сұраққа былай жауап береді: Өйткені, Мұхаммед халқынан кейінгі ең көбі оның үмбеті, әрі оған түсірілген Таурат Құраннан кейінгі ең үлкен кітап. Мұсаның үмбеті басқа халықтардан ауыр намаз жүктеліп, үдесінен шыға алмаған. Оларға ауыр тиген. Сондықтан, Мұса біздің үмбетке жанашырлық етеді. Намаздың да миғражда парыз болуының сыры осы болса керек, дейді.

Миғраж – Алла Тағаланың шексіз құдіретінің ғажайып көрінісі. Бұл сапарда Алла елшісінің пайғамбарлармен қауышуы түгел пайғамбардың дінінің түбі бір екенін көрсетеді. Ол – Ислам, бір Аллаға иман ету діні. Сонымен бірге, асыл дініміздің тірегі – намаздың адам өмірінде қаншалықты маңызды екенін аңғаруға болады.

Авторы Төлеби Оспан

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
МЕШІТ - ҚОҒАМ РУХАНИЯТ ҚОРҒАУШЫСЫ ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі ЕРЕЖЕП – БЕРЕКЕЛІ ҺӘМ ҰЛЫҚ АЙ
Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді....
Ислам күнтізбесі 2022 ЖЫЛДЫҢ ДІНИ КҮНДЕР КЕСТЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен 2022 жылғы діни күндер кестесі.
Ислам күнтізбесі Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы
Мұсылман күнтізбесі бойынша 1442 жылдың зұл-хижжә айы аяқталып, 1443 жылдың мұхаррам айы басталады. Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы.
Ислам күнтізбесі Тақуалыққа тәрбиелейтін ай
Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда барынша ізгі амал жасап қалуға тырысуымыз керек.
Ислам күнтізбесі Кешірім һәм тазару түні
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. 
Ислам күнтізбесі Шағбан айының қай күндері ораза ұстау керек?
Шағбан айы – шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi