Тақуалыққа тәрбиелейтін ай
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Тақуалыққа тәрбиелейтін ай

| A | +

Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда барынша ізгі амал жасап қалуға тырысуымыз керек.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әй, мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз болғандай ораза парыз етілді. Әрине, сақсынарсыңдар. Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіндер (кәрі не аурулар) бір міскіннің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы. Рамазан айы – сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал, біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла сендерге оңайлық қалайды, ауыртпалық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар»(«Бақара» сүресі, 183-185-аяттар) деп әмір етеді.

Осы аяттар бізге біраз нәрседен хабар береді. Ораза бізге дейінгі қауымдарға парыз болған. Аяттың жалғасында Алла Тағала: «Әрине, сақсынарсыңдар...» дейді. «Сақтану» деген сөздің мағынасы тереңде жатыр. Мұсылман адам тәнін жаман нәрседен сақтаумен қатар, жанын да күнә істерден сақтау керек. Оразаның тәрбие тұрғысынан пайдаларының бірі – пендені жамандықтан сақтануға дағдыландыру. Бір ай бойы тәні мен жанын жамандықтан аулақ ұстаған адам қалған айларда да жақсы әдетке дағдыланып қалады.

Рамазан – пендені тақуалыққа тәрбиелейтін ай. Бір күні сахаба Әбу Һұрайра (оған Алла разы болсын) тақуалық туралы сұраған кісілерге қарсы сұрақ қойып: «Сіздер өмірлеріңізде тікені көп жолмен жүріп көрдіңіздер ме?» дейді. Сонда сұрақ қоюшы адамдар: «Иә, өттік», – деп жауап береді. Әбу Һұрайра (оған Алла разы болсын) тағы да: «Олай болса сол жерден өткен кезде не істедіңіздер?» – деп сұрайды. Олар: «Тікендерден сақтанып өттік», – дейді. Сонда сахаба: «Тақуалық та дәл солай, күнә мен қателіктерден сақтану», – деп түсіндіріп берген екен...

Алла разылығы үшін ауыз бекіткен адам қателік жасаудан барынша тырысады. Тікені көп жерден аса сақтықпен өткен адам секілді Рамазан айында қателік жасаудан барынша сақтанады. Өйткені ораза ауыз бекіту, ішіп-жеуден бас тарту деген ұғымды ғана білдірмейді. Бүкіл болмысы мен уақытын Жаратушы Иенің разылығына арнаған пенде жамандық атаулыға жақындамауға тырысады.

Адам оразанынебары бір ай ұстайды. Осы бір айда түрлі сынақты бастан кешеді. Сынақты сабырға жеңдіріп, сауапқа ұмтылған пенде ғана игілікке кенеледі.

Алла Тағала өз пенделеріне қиындық қаламайды. Аятта: «Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер» делінген. Кәрілік жетіп қартайған қарияға, науқас адамға, емізулі баласы бар жанға ораза ұстау парыз емес. Алайда садақа беріп, жақсы амал жасаймын десе сауапқа кенеледі. Өйткені аяттың жалғасында: «Сонда кім ынтығып артық қайыр қылса, ол өзіне жақсы» делінген. «Мұтаффифин» сүресінде: «...Жарысушылар осыған жарыссын» деген аят бар. Демек мұсылман баласы қасиетті айда барынша жақсылықта жарысу керек. Аятта: «Рамазан айы – сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді» делінген. Рамазан Құран айы болғандықтан, бұл айда көбірек Құраноқып, оған амал еткен абзал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетін Құранды оқып-үйренуге, жаттауға, оған амал етуге үндеген. Хадистердің бірінде:«Сендердің ең қайырлыларың – Құранды үйреніп және оны басқаға үйреткендерің»делінген. Тағы хадис-шарифте: «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал, әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф. Ләм. Мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп», – делінген.

Рамазан – сабыр сыналатын сәт. Ораза ұстаған адам барлық сынақ пен нәпсіні сабырға жеңеді. Ауыз бекіткен адам біреудің дөрекі әрекетіне «Мен оразамын» деп жауап береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза – сабырдың жартысы», – деген. Сабырлы адамның әр амалына мол сауап жазылады. Алла Тағала Құранда: «Расында, сабырлылар сауаптарын қисапсыз түрде молынан алады» («Зүмәр» сүресі, 10-аят) деп сабырлы құлдарын сүйіншілеген.

Алла Тағала баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізіп, ораза ұстап, сауапқа кенелген құлдарының қатарына қосқай. Әмин!

Қуат ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ,

«Жәми» мешітінің бас имамы.

Жамбыл облысы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Пітір садақа ақшалай беріле ме? Науқас адамға ораза ұстау міндет пе?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Кешірім һәм тазару түні
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. 
Ислам күнтізбесі Шағбан айының қай күндері ораза ұстау керек?
Шағбан айы – шамасы келген мұсылманға көптеп нәпіл ораза ұстайтын ай. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзге айлардан гөрі осы Шағбан айында көбірек ораза ұстайтын болған. ...
Ислам күнтізбесі Исра игілігі һәм миғраж мұғжизасы
Қасиетті Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түн (наурыздың 10-ынан 11-іне қараған түн) Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға берілген ұлы мұғжиза – Исра және Миғраж оқиғасы деп айтылады. Бұл мұғжиза Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жеке өмір...
Ислам күнтізбесі Мәуліт мүбәрак болсын!
Баршаңызды адамзаттың асылы, екі дүние сәруары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыңызға амандық, мықты денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке тілеймін. Мәуліт мүбәрак болсын!...
Ислам күнтізбесі Рабиғул әууәл айының ерекшелігі неде?
Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметі бойынша биыл 18 қазан, жексенбі – рабиғул әууәл айының бірінші күні деп белгіленді.
Ислам күнтізбесі Ашура күнінің артықшылығы неде?
Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни, мұхаррам айының оныншы жұлдызы. Биыл Ашура күні 29 тамызға сәйкес келіп тұр....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 05:40

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi