ИСЛАМДА АҢШЫЛЫҚ ҮКІМІ
Жаңатас
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:26
Жанатас
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Жанатас
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:43 07:01 12:08 15:25 17:07 18:26
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Джумада-авваль 1447
Миләди
07 қараша 2025

Мақалалар

ИСЛАМДА АҢШЫЛЫҚ ҮКІМІ

| A | +

Шариғатта аңшылыққа рұқсат берілген. Ол туралы Құран Кәрімде:

وَإِذَا حَلَلْتُمْ فَاصْطَادُواْ

«Ихрамнан шыққаннан» кейін (қаласаңдар) саятшылық құрыңдар»[1] – дей отырып, келесі аятта:  

 يَسْـَٔلُونَكَ مَاذَآ أُحِلَّ لَهُمْ ۖ قُلْ أُحِلَّ لَكُمُ ٱلطَّيِّبَٰتُ ۙ وَمَا عَلَّمْتُم مِّنَ ٱلْجَوَارِحِ مُكَلِّبِينَ تُعَلِّمُونَهُنَّ مِمَّا عَلَّمَكُمُ ٱللَّهُ ۖ فَكُلُوا۟ مِمَّآ أَمْسَكْنَ عَلَيْكُمْ وَٱذْكُرُوا۟ ٱسْمَ ٱللَّهِ عَلَيْهِ ۖ

«Олар сенен (азық түрлерінен) ненің адал екенін сұрайды. Оларға: «Сендерге таза әрі денсаулыққа зиянсыз азық атаулының бәрі адал етілді. Алланың сендерге үйреткені бойынша, аң аулауға баулыған жануарларыңның аулағандарын жеңдер. Оларды аңға салғандарыңда, «бисмиллә» деп Алланың атын атаңдар», – деп айт»[2] делінген.

Жоғарыдағы аяттың арабша нұсқасындағы «жауарих» (үйретілген жануар) сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, тура мағынада азуымен немесе өткір тырнағымен жарақаттаушылар. Екіншісі, еңбектену деген ауыспалы мағынада қолданылады. Яғни аңшы еңбектеніп, аңды жарақаттап барып аулайды[3].

Қолға үйретілген, өткір тырнағы немесе азу тісі бар жануармен сондай-ақ қарумен де аңшылық жасауға болады. «Әл-Жамиғ ас-Сағир» кітабында: «Егер баулуға көнсе, сен үйреткен барлық азу тісті жыртқышпен және өткір тырнақты құстармен аңшылық жасауға болады»[4] деп жазылған. Имам Әбу Ханифаның пікірінше, аң аулайтын жануардың қолға үйренгенін аңшы анықтайды[5]. Бұл ретте, еті жеуге жарамды аң қорек үшін, ал жеуге жарамсыз жануар терісі мен жүні үшін, яки кәдеге жарату үшін ауланады. Осы орайда, аң қандай да бір пайда үшін емес, әншейін бекершілік, ысырап үшін ауланса, «макрух таһрими» болады. «Тануиру әл-Абсар» кітабында аңшылық тақырыбына қатысты: «Ермек үшін болмаса оған (аңшылыққа) рұқсат» деп айтылған.  Сондай-ақ кәсіп ретіндегі аңшылыққа да рұқсат[6].

Имам Әз-Зухайли «әл-Фиқһ әл-Ханафи әл-Муяссар» кітабында Ханафи фиқһ кітаптарына сүйене отырып, аңшылықтың сегіз шартын көрсеткен:

  1. Аңшы жануар мен құсты жіберер алдында және оқты атар алдында «Бисмиллә» деп айтуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Адий ибн Хатимге былай деді: «Итіңді жіберер алдында Алланың есімін айтқан болсаң, онда (итің аулағанын) жей бер»[7]. Егер «Бисмиллә» сөзін ұмытып кетсе, оқасы жоқ. Бірақ «Бисмиллә» сөзін әдейі айтпаса немесе айту керек екенін білмесе, бұл аң адал емес;
  2. Ит немесе сол секілді аңға салатын басқа да жануар не құс үйретілген болуы тиіс. Ол иесі жіберсе аңға ұмтылып, шақырса қайтып келуі керек. Ит немесе аңды ұстаған жануар ұсталған аңды жесе, аң арамға айналады. Ал құс аңды аулағаннан соң жесе, адал саналады;
  3. Үйретілген жануар немесе құс аңды жарақаттау керек. Яғни, қолмен бауыздаған секілді қан ағуы тиіс. Аң мына жағдайларда арам болады:

– аң жануардан қашамын деп қандай да бір затқа соғылып өлсе;

– аңға салған жануар буындырып өлтірсе;

– қолға үйретілмеген болса;

– мажуси болса;

– Бисмиллә сөзі айтылмай жіберілген екінші бір жануар аңды ұстауға серіктессе;

  1. Аң адал болу үшін жануарды жіберген адам мұсылман яки әһли-кітап (христиан немесе яһуди) дінінде болуы керек. Ал егер муртад (діннен шыққан), пұтқа және отқа табынатын немесе атеист болса, ұстаған аңы желінбейді;
  2. Ұстайтын аң қолға үйренбеген, жабайы аң болу керек. Аң көзден таса болмауы қажет және аңшы артынан қуып отыруы шарт. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзден таса болған аңды аулауды құптамаған. Хадисте: «Бәлкім оны басқа аңдар өлтірген шығар»[8] деген. Келесі хадисте: «Сен садақ атып өлтіргеніңді көзіңмен көрсең, ол аңды же. Ал өлтіргеніңді көзіңмен көрмесең, жеме»[9] деп айтылған;
  3. Аңшы ұсталған аңға тірі кезінде жетсе, міндетті түрде бауыздауы керек. Себебі аңшының бауыздауға мүмкіндігі бар. Мұндай сәтте жарақаттау есепке алынбайды. Тірі болу дегеніміз: аң жарақат алғаннан соң бір күндей өмір сүруі. Егер аң жарақат алғаннан соң қашуды жалғастырып, көзге көрінбей кетсе, аңшыға аңның артынан қуу міндет. Аңды қуа отырып оған өлі күйінде жетсе, аң адал болады. Ал аңды жарақаттаған соң көзден жоғалған аңды іздемей, кейін өлі күйінде тапса, аң арам болады. Егер аң жарақаттанып суға түсіп өлсе, жеуге жарамсыз. Сондай-ақ жарақат алған аң төбеден құлап, соқтығып өлсе, ол аң арам саналады. Ал ешқандай затқа соғылмай жерге бірден құласа, адал болып есептеледі;
  4. Аң аулауға арналған қару өткір, жарақаттайтын болу керек. Сондықтан қарудың жарақаттап кесуінен аң өлсе – адал, ал соққыдан өлсе – арам болады. Қару мәселесінде қағида мынадай: «Аңның өлімі нақ жарақаттаумен болса, аң адал болады. Ал аңның өлімі жарақатсыз нақ соққыдан болса, аң арам болады. Егер күмәнді жағдай болса, сақтық ретінде аң арам болып есептеледі»;
  5. Аңның үзіліп түскен бөлігі желінбейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тіріден бөлініп қалған нәрсе, ол – өлексе»[10], – деген. Себебі үзілген жерінен басқа жері әлі тірі, үзіліп түскен жері арам болады. Егер аңды атқанда үшке бөлініп түссе және оның көп бөлігі артқы жағы болса немесе екіге бөлініп түссе, яки басы екіге я көпке бөлініп түссе, бұл жағдайдың бәрінде аңды жеуге болады. Егер аң екіге бөлініп түссе, оның көп бөлігі бас жағында болса, аң желінбейді. Себебі оның өмір сүру мүмкіндігі бар[11].

Ауланатын аңдар еті желінетін және желінбейтін болып екіге бөлінеді. Еті желінбейтін аңдар терісін, жүнін, қауырсынын, мүйізін пайдалану үшін немесе зардабынан сақтану үшін ауланады[12].

Шариғатымызда «Қызыл кітапқа» енген кейбір аңдар адал болғанымен, мемлекет заңына бағыну, оның тыйымына бойұсыну уәжіп болады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға бағыныңдар, Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған басшыларыңа бағыныңдар»[13], – деп бұйырылған. Сол себепті мемлекет тыйым салған уақытта «Қызыл кітапқа» енген аңдарды ауламаған жөн.

Жер бетінен жоғалып кету алдында тұрған аңдарды да өлтіруге болмайды. Алла Тағала барлық мақлұқатты тектен-текке жаратпаған. Хақ Тағала Құранда: «Ал сенің қасыңнан кеткеннен кейін (немесе) қолына билік тізгіні тигенде, жер бетінде бұзақылыққа басып, бар нәрсені қирату және егістікті (һәм адамзат үшін ауадай қажет болған басқа да тіршілік көздерін) және нәсілдерді жою мақсатында тынбай әрекет етеді. Алла Тағала бұзғыншылықты жақсы көрмейді»[14], – деп бұйырған.

Жан-жануарлар төлдеп, көбейетін кезде де аң аулауға тыйым салынады. Жануарды баласынан немесе анасынан айырып, обалына қалуды шариғат құптамайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сауынды малды бауыздама»,­ ­– деп ескерткен.

 

ҮКІМ: 

  1. Аңшы аң аулау немесе оқ атар алдында «Бисмиллә» сөзін айтуы тиіс. «Бимиллә» сөзін әдейі айтпаса, ол аң адал емес.
  2. Аң ­пайдалану үшін емес, ермек үшін ауланса, макруһ таһрими болып саналады.
  3. Аң аулаушы кісі мұсылман не әһлі-кітап иесі болу керек. Діннен шыққан, пұтқа не отқа табынатын және атеист адамның аулаған аңын жеуге болмайды.
  4. Аң аулауға арналған қару өткір, жарақаттайтын болу керек. Қарудың жарақаттап кесуінен аң өлсе, адал, ал соққыдан өлсе, арам саналады.
  5. Шариғат тұрғысынан рұқсат етілген аңдарды аулауға заңмен тыйым салса, басшыға бағыну – уәжіп.

 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

 

[1] «Майда» сүресі, 2-аят

[2] «Маида» сүресі, 4-аят.

[3] Канзу дақаиқ-Сайд: 364

[4] Такмилату әл-Бахру ар-Райқ 8-445.

[5] Рамз әл-Хақайқ 2-398.

[6] Әл-Баззазия.

[7] Бұхари.

[8] Табарани.

[9] Табарани және Байһақи.

[10] Тирмизи риуаяты.

[11] Фиқһу әл-Ханафи әл-Муяссар 1-том, 399-401 бет.

[12] Фиқһу әл-Ханафи әл-Муяссар 1-том, 402-бет.

[13] «Ниса» сүресі, 59-аят.

[14] «Бақара» сүресі, 205-аят.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тегтер: пәтуалар
Предыдущий Следующий
Шарапаты мол шағбан айы АНАНЫҢ КӨҢІЛІ – БАЛАДА, БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІ...   

Тақырып аясындағы мақалалар

ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ АРАҚ ІШКЕН АДАМ 40 КҮНГЕ ДЕЙІН ОРАЗА ҰСТАЙ АЛМАЙ МА?
Арақ-шарап ішу – дінімізде харам, үлкен күнә саналады. Ол жайында Алла Тағала Құранда:  يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالأَنْصَابُ وَالأَزْلامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ...
ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ ШАРИҒАТ АУКЦИОНҒА ҚАТЫСУДЫ ҚҰПТАЙ МА?
Аукцион (лат. аuctіo – бәсеке сауда) – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Жұмһур ғалымдар сауданың бұл түріне рұқсат береді (Сарахси, «Әл-Мәбсут», 15/138. Тахауи, «Мухтасар ихтиләфи әл-уләмә», 3/60. «Хәшияту әл-Адуа әлә кифәяти әт-тәли...
ҚМДБ ПӘТУАЛАРЫ САҚТАНДЫРУДЫҢ ҮКІМІ
Сақтандыру – сақтанушының мүдделері мен мүліктерін белгілі оқиғалардың (сақтандыру жағдайларының) орын алуынан қорғауға арналған жүйе. 

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

пәтуә СУРЕТ САЛУДЫҢ ҮКІМІ
Сурет – әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынатын өнер түрі[1]....
пәтуә КВАДРОБЕРДІҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ҮКІМІ
Квадробер[1] – бұл жануардың сыртқы түрін (бейнесін) көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер....
пәтуә КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ ҮКІМІ
Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау[1]
пәтуә ТРАМАДОЛДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ
Трамадол – апиындық анальгетик, синтетикалық препарат. Бұл дәрі кейбір ауру түрлерін тыныштандыру, ауырсынуды басу үшін қолданылады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
17 Джумада-авваль 1447
Миләди
07 қараша 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:26

Бамдатқа дейін 02:30

О приоритетах

Great meaningful piece reflecting on one’s true priorities and obligations — very thoughtfully writt

X
4 қар. 2025

22 урок: О дополнительных земных поклонах

"В случае, если молящийся выполнил 5 ракаат, т.е. совершил и руку и саджда, а затем вспомнил, что ош

Al Almaty
7 қыр. 2025

Урок 22: Вторая клятва при Акабе

(+++++)

Амир Холматов
2 қыр. 2025

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух! Если они развелись через суд и бывший муж подпи

Администратор Azankz
31 там. 2025

105. Ростовщичество (Риба)

Получается депозит, кредиты и ипотека запреты?

Al Almaty
23 там. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi