Иманды күшейтудің 1 күндік жоспары
1. Бес уақыт намазды өз уақытында оқу.
2. Парыз намаздан алдыңғы және кейінгі сүннет намаздарды оқу.
3. Таң намазынан кейін таңғы дұғаларды және ақшам намазынан кейін кешкі дұғаларды оқу.
4. Бір күнде кемінде бір пара (20 бет) Құран оқу. Бір пара Құранды бес уақыт намаздан алдын немесе кейін де бөліп-бөліп оқысы болады.
5. Ұйықтар алдында дәрет алып, «Аятул курси» дұғасын оқу.
6. Сәске (духа) намазын оқу.
7. Күні бойы Алланы ұмытпай зікір етіп жүру.
8. Құптан намазын оқып, біршама уақыт ұйықтап алғаннан кейін (түннің үштен бір бөлігінде) тәһәжүд намазын оқуға тұру.