ҒАЛАМТОРДАҒЫ ШЕТ ЕЛДІК ДЕСТРУКТИВТІ УАҒЫЗШЫЛАР ЕЛДІ НЕ НӘРСЕГЕ ШАҚЫРУДА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

ҒАЛАМТОРДАҒЫ ШЕТ ЕЛДІК ДЕСТРУКТИВТІ УАҒЫЗШЫЛАР ЕЛДІ НЕ НӘРСЕГЕ ШАҚЫРУДА?

| A | +

Деструктивті деп пиғылы мен ойлау жүйесі теріс, сауаты төмен, түсінігі тарларды айтамыз. Діни тұрғыдан түсініктеме берер болсақ біздің сан ғасырлық діни ұстанымымыздан яғни ханафи мәзһабы мен матуриди сенімімен үйлеспейтін өзіндік оғаш діни көзқарасы бар кері тартпа жамағат. Бұл теріс пиғылды қой терісін жамылған жамағат көсемдері күнімізде көше кезіп табанын тоздырмай-ақ интернет арқылы бүкіл кеңістікке сөздерін жеткізуде. Елімізде жат ағымның жетегінде жүрген жастарымызбен  «Жусан» операциясы арқылы Шам елінен елге қайтарылған қандастарымыздың ешқайсысын заманында келіп қолынан сүйреп мәжбүрлеп ешкім әкеткен емес. Олар интернет арқылы теріс насихаттарды тыңдап, соған сеніп, ақырында өз елінен кетті. Бүгінде бұл дін бұзарларды тоқтатар толық заң да, күште болмай тұр. Тек шара сақтық пен діни сауаттылықта. Олай болса бұл деструктивті уағызшылар ғаламторда елді не нәрсеге шақыруда? осыған қысқаша тоқталсақ:

  1. Әуелі сайлауға шақыратын демократияны ұстану күпірлік, өйткені демократияда билік Алланың емес халықтың қолында болады, ал ислам шариғатында билік пен басқарушылық тек жалғыз Алланың иелігінде болуы керек деп түсіндіреді.
  2. Сонымен қатар парламенттік жүйе және ол жердегі заң шығарушы адамдардың барлығы күпірлік іспен айналысып жатыр, өйткені заң шығару бұл Алланың заңынан бас тарту болып табылады.
  3. Құқық қорғау саласындағы қызметкерлер соның ішінде полицей болып жұмыс істегіні үшін кәпір болды деп айыптайды, тіптен ол намаз оқып, ораза ұстаса да, діннен шықты, себебі Алланың заңынан басқа заңмен жүретін мемлекеттің қызметкері.
  4. Орта Азия президентерінің бәрі діннен адасып, күпірлік жолына түсті, себебі олар Алланың үкімдерінен бас тартып мүртад, кәпір болды. Сол үшін олардың ешқайсысына бағынып мойынұсынбау керек.
  5. Намаз оқымайтын адамға үйленуге болмайды, онымен жақын қарым-қатынас та жасамау керек, себебі Алланың әмірін орындамаған адамнан ұзақ болу керек.
  6. Қазақстан үкіметі «тағут», оның шығарған заңдары күпірлікке негізделген және бұл ел кәпір мемлекет, себебі күні кешегі орын алған көтеріліс, тонау, ұрлық тағы өзге қылмыстарды пайдаланып мұсылмандарды өлтірді деп айыптайды.

Қысқаша теріс пиғылды уағызшылар осындай айыптауларын ашық әлеуметтік желі арқылы өз жамағаттарына жаппай жеткізуде және мұндай жалғаншыларды тыңдаушы жамағат та аз емес. Олар жоғарыдағы айтқандарымен өз жақтастарын әуелі сайлау жүйесі, сосын демократиялық басқару, президент, парламент, полиция т.б, елдің негізі құрылымдарының барлығын жоққа шығарып, ақыр соңында өз елінен жиіркеніп кетуден басқа жол қалдырмайды. Бұлардың көсемдері мен уағызшылары өздері шет елдерде отырып, елде орын алып жатқан оқиғаны көздерімен көрместен кесіп үкім айтып, елді арандатуда. Мұндай жалғаншылардың көксегеніне көбіне діни білімі аз, сауаты төмендер көніп, айтқандарына сеніп, соңында жақтасына айналады. Олай болса жоғарыдағы жат ағымның айтқандарына жауап берер болсақ:

  1. Ислам діні күллі жаратылыстың жақсылығын қамтыған аманат діні. Сондықтан да ислам шариғаты аманатты орындауға шақырады. Алла Тағала Құранда: «Алла Тағала сендерге аманатты иесіне орындауларыңа әмір етеді» деп айтады. Қоғамды тыныштықта сақтау - бұл басшылардың аманаты. Ал сол басшының лайықты болуы - бұл әрбір адамның аманаты. Сондықтан адамдардың лайықты басшыны сайлауы шариғат тарапынан жүктелген. Алла Тағала: «ақылдас олармен» [Аль-Имран, 159] деп бірлесіп жасалған амалдың берекелігін көрсетеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Ешкім де иман еткен болып есептелмейді өзіне не тілегенді бауырына тілемейінше» [Бухари, Муслим]. Алғашқы халифа Әбу Бәкірдің тағайындалуы үлкен сахабалардың сайлауымен болған. Бұл тағайындалу көпшілік ғалымдардың айтуынша демократиялық сайлау. Әбу Бәкірді тағайындау кезінде жиналған үлкен сахабалар халықтың атынан дауыс берген болып есептеледі. Сонымен қоса күніміздегі ислам ғұламалары демократиялық жолмен сайлауда дауыс беру арқылы басшыны тағайындау шариғаттың бұйрығы екенін алдыға тартады. Әл-Азхардың ғұламалар кеңесі 2018 жылы берген пәтуасында демократиялық жолмен сайлауға қатысу, шариғаттың құп көрген (мұстахаб) амалынан екенін бекітеді. Ал халықтың демократиялық жолмен дауыс беріп сайлауы - билік халықтың қолына өтеді деген мағына бермейді. Тіптен егер билік халықтың қолында болғанның өзінде ол Алладан билік кетті деген мағынада емес.
  2. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін заңдар шығару, бұл Алланың әміріне қарсы шыққанды білдірмейді. Егер заң шығару күпірлікті білдірсе, онда мұсылмандардың әміршісі хәзреті Омар күпір амал жасаған болып есептелінетін еді. Ол Ислам әлемінде бұрын сонды болмаған «диуан» заңдарын еңгізген. Ол заңдар сол кездегі Парсы, Рим секілді алып өркениеттердің заң жинағы ретінде қолданған. Бұл заң жинағы 4 тараудан тұрған. Олар: әскерге қатысты заңдар, кадрлық қызметке қатысты заңдар, қазынаға қатысты заңдар, адам құқығына қарайтын жұмысшыларға қатысты заңдар.
  3. Бұл негізсіз жалған сөздер ислам дініндегі  төрт мәзһабқа да сай емес. Қоғамда адамдар заң шығарғаны және өзге жаңа заңдар енгізгені үшін күпірге түспейді. Хазреті Омар (р.а) Құранмен келген ұрлықшының қолын кесу жазасын өзгерткен. Егер жаңа заң шығару мен Алланың жазасының орындалмауы күпірлікке алып баратын болса, онда Омар (р.а) мұндай іс жасамас еді. Тіпті егер өмір сүріп жатқан мемлекет мұсылман емес ел болатын болса да, мұсылман адам ол жерде жұмыс істегені үшін кәпір болмайды, өйткені мұсылманның мұсылман емес қоғамда әрі адамның қол астында жұмыс істеуі шариғат тарапынан рұқсат етілгендігі жайлы Ибн Абидин өзінің «Родду аль-Мұхтар» және Марғинанидің «Хидая» еңбегінде келтірілген.
  4. Бұл жерде егер Алланың заңынан бас тарту дегенде Құранда келген әмірлер мен тыйымдардың орындалмауын меңзесе, онда бұл  дұрыс емес. Алланың үкімдерінің орындалмауы тәкпір қылуға себеп болмайды. Өйткені Алланың үкімдерінің орындалмауы күпірлікке себеп болғанда Омар (р.а) ұрлыққа қатысты Алланың үкімін тоқтатпайтын еді. Бұл жердегі айта кететіні, Алланың үкімдерінің орындалмауы мен мойындамауында айырмашылық бар. Егер Алланың үкімдерін мойындап, бірақ орындамаса онда ол күпірлік болмайды.
  5. Некенің қиылуы намаздың оқып немесе оқымағанына қарамайды. Өйткені егер неке тек намаз оқыған адамдармен қиылатын болса, онда мұсылман ер намаз оқымайтын христиан немесе яһуди әйелмен үйленуге болмайтын еді. Бірақ біз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және  сахабалардың намаз оқымайтын әйелдерге үйленгендігін анық білеміз. Бұл шариғатта мұсылман еркекке тыйым салынбаған. Бұл жайында кез-келген фиқһ кітабында жазылған. Егер адам намаз оқымаса онда ол кәпір, ал кәпірге үйленуге болмайды деген түсінік болса, онда бұл да дұрыс емес, өйткені иман мен амал екі бөлек нәрсе. Егер адам Алланы жалғыз деп, Мұхаммедті пайғамбар деп сенсе, бірақ намаз оқымаса онда ол мұсылман болып қала береді. Бұл жайында Абу Ханифа «Уасыя» еңбегінің алғашқы бетінде, сонымен қоса Абду Аль-Ғони өзінің «шарх ақидату Тахауи» еңбегінің 126 бетінде және Матуруди «таухид» еңбегінің 373 бетінде бұлтартпас дәлелмен жазып кеткен.
  6. Ислам дінінде жәйдан-жәй күпірлікпен айыптауға тиым салынған. Бұл амалды Мұхаммед Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тоқтатқан. Ибн Нужайм өзінің «Аль-ашбаһу ан-назаир» еңбегінде: «Егер күпір үкімін беруде күмән болса немесе анық сенімділік болмаса, онда күпір үкімі шығарылмайды. Егер дін басы мүфтиге бір мұсылман жайында екі хабар келсе. Біреуі оның күпірлік амалын жасады десе, екіншісі оның ондай жасамағаны туралы болса, онда мүфти екінші хабарға сүйене отырып күпірлік үкімін шығармау керек» деп жазады. Ал  исламның жайылуына қолдау көрсетіп отырған, мешіттердің салынуына септігін тигізіп, мүфтиятымызға, діни оқу орындардың салынуына қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге, сондай-ақ өздерін мұсылман деп жүрген азаматтары бар үкіметті күпірлікте айыптау ислам ілімдерін толық білмеген наданның ісі деп айтуға болады.
  7. Қазақстан үкіметін әдейі халықты қыру үшін тонау мен ұрлық қылмыстарын пайдаланды деп еш дәлелсіз үкім шығарған. Шариғат құқықтық нормасы бойынша егер бір адам бір тарапты қылмыспен айыптайтын болса, онда ол міндетті түрде дәлел алып келу керек. Аталмыш үкім төрт мәзхабтың құқықтық норма еңбектері яғни фиқһ кітаптарында жазылған. Демек мұндай пікірдегі топтардың пасық, шариғатты түсінбеген шала сауатты екені анық. Сол себепті қандайда бір діни сұрақ мазалап түсінбесеңіз, оны тиісті маманынан сұрап білгеніңіз дұрыс болар. Құдайға шүкір бүгінде барлық мешіттерімізде білімді имам ұстаздар қызмет етуде, сондай-ақ тікелей дін саласына жауапты әр өңірде теологтар бар, жалпы айтқанда барлық мәселе қамтамасыз етілген, тек оқып біліп, интернеттегі теріс насихаттан сақтансаңыз болғаны.  

 

Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің жанындағы

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚАСИЕТТІ ҚОС МЕШІТ ИМАМЫ ТАРИХЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙ, ОДАН САБАҚ АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ақида ПАРАЛЛЕЛЬДІ ХАЛИФАТ - ХИЗБУТ-ТАХРИР
Хизбут-Тахрир алғаш рет 1950 жылдардың басында Иорданиядағы палестиналықтардың арасында пайда болды. Араб тілінен аударғанда «Бостандық партиясы» деген мағына береді. Негізін шариғат соты болған Тақиуддин Набхани қалады. Бұл партия Таяу Шығыстың бірнеше елдерінде шағын, алайда шынайы жақтастарға ие ...
Ақида ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ "УАХХАБИЛІК" ДҮНИЕТАНЫМ
Қазіргі кезеңдегі әлемде адамдар мен қоғамның өзара әрекеттесуі құбылмалы жағдайға жетті. Бұл кезең қоғамда өмір сүріп жүрген адамдардың өміріне жағымды үлесін тигізсе де теріс салдарын да туғызуда. ...
Ақида ДІНДАРЛЫҚ ПЕН ДІНШІІЛДІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Соңғы жиырма жылда «дәстүрлі ислам» ұғымы «Исламның дәстүрлі емес ағымдарына» қарсы бұрынғы кеңестік Орта Азия елдерінің барлық жерінде дерлік қолданылып келеді. Жергілікті сарапшылар мен саяси элита өкілдерінің пікірінше, мұндай жіктеу, ең алдымен, экстремистік және радикалды идеяларды, қозғалыстар...
Ақида САЛАФИЛІК ДҮНИЕТАНЫМЫНДА ТАУХИД СЕНІМІ ЖӘНЕ ТӘКФІРШІЛДІК
Ақида тақырыптары арасында Тәңір түсінігі немесе Таухид сенімі ең әуелгі болғандардан саналады. Уаххабилік бойынша Таухид сенімі жүйенің мәні болып табылады.
Ақида ЖӘННАТ НЫҒМЕТТЕРІ
Жақсы істің қарымын күту, жұмыстан кейін еңбекақы алу, игі амалдың нығметін көру, былайша айтқанда, бейнеттің зейнетін көру – адам табиғатына тән құбылыстың бірі. Пенде көп жағдайда кез келген істің өзіне пайдалы тұсын көздеп тұрады. Адамды махаббатпен жаратқан және оның бүкіл болмысын толық білетін...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi