ЕҢ ҮЛКЕН ЖИҺАД - НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:57
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:57 07:20 11:56 14:44 16:26 17:49
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Джумада-сани 1446
Миләди
27 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЕҢ ҮЛКЕН ЖИҺАД - НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ

| A | +

Күллі мадақ пен мақтау жеті қабат әлемді жоқтан жаратқан, әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушы Жаппар Ие Алла Тағалаға тән. Оның адамзатты қараңғы қапастан құтқарып, мәңгілік бақыттылыққа жеткізуі үшін, рақым етіп жіберген адамзаттың ардақ тұтар тұлғасы, мұсылмандардың көзінің нұры, жартылыстың гүлзары, екі жаһанның асыл тәжі, ақырғы пайғамбары – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз сәлемдер мен салауаттар болсын! 
Әрбір мұсылман пенде ең алдымен өзінің нәпсісін тәрбиелеуі және тазалауы тиіс. Бұл өмірде де, ақырет күнінде де пенденің бақытсыздыққа ұшырауына адамның нәпсісінің кірленуі және жаман іс-әрекеттерге жол берулері, оның басты себептері болып саналады.
Нәпсі жайында шамамыз келгенше қарапайым ғана мысалмен келтірер болсақ, мысалы сізді таң намазына сағатыңыздың қоңырауы оятты делік. Сіз үшін жылы төсегіңізден тұрудың тауқыметінен артық қиыншылықтың болмасы анық.Ішіңізден «Намазға тұр»,деген дауысты сезесіз.егер ол дауысты нақты естісеіңіз намазға тұрар едіңіз.Сол кезде тағы да бір дауыстың: «Аз ғана ұйықтап ал» дегенін естисіз. Бірінші дауыс: «Ұйқыдан намаз жақсы» дейді. Ал екінші дауыс болса: «Ұйқы-шырын, уақыт-мол, аз-ғана ұйықта» деп дауыстайды. Сағаттың тықылы жарысып, аталмыш екі дауыстар сияқты «ұйықта, оян, ұйықта, оян» деп жатқандай қайталана береді. Міне, осы екеуінің бірі-ақыл, ал екіншісі жаман нәпсі болып саналады. Егер ол пенденің иманы кәміл болса, сол мезетте өз нәпсісіне қарсы тойтарыс беріп, намазға тұрған болса, онда жаман нәпсінің ләззатына алданбағаны және оны тәрбиелегені болып саналады. Алла Тағала өзінің пенделерін періште қылып та, жын-шайтан қауымдарынан қылып та жаратпаған. Қайта өз құлдарын Өзіне құлшылық қылулары үшін, жаман іс-әрекеттерден аулақ болулары үшін, өзінің бойындағы жаман нәпсілерімен күресулері үшін  жаратқан. Тіпті, адамдарға жер бетінде түрлі бұзықтықтар мен бүліктерді жасауға да тиым салған. Өйткені, пенденің бойында періштелік те шайтани да сипаттар болатыны сөзсіз. Егер пенде өз бойындағы періштелік сипаттары арқылы Раббысының әмірлерін толықтай орындайтын болса, Жаратушысының разылығына бөленіп, ал егер шайтани амалдарды орындайтын болса, онда Жаратушысының рақымынан ұзақтағаны болып саналады. Сол үшін де әрбір адам өз нәпсісін әр кез тәрбиелеу жолында табандылық танытуы ләзім. (Шэйх Әли Тантауидің “Ислам дініне үндеу» кітабынан алынды.)


«Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді» (Юсып,53)  
Демек, нәпсі түрлі жағдайларда болады. Ол пендеге қауіп те, мәлімет те, жамандыққа бұйырушы да қызметтер атқарады. Күнә істері, қызғаныш, мақтаныш, жалғаншылық сияқты түрлі себептер арқылы нәпсі кірленеді және үлкен кемшіліктерге душар еткізеді. Сол үшін оны әркез тәрбиелеп, пәктеп отыруымыз керек екен. Мұны араб тілінде «тәзкиятун-нәфс», яғни «нәпсіні пәктеу» деп атайды.
Алла Тағаланың жіберген елшілеріне жүктелген уәзипалардың бірі-нәпсіні пәктеу амалдары да болған. Кезінде Ибраһим Пайғамбар Алла Тағалаға жалбарынып: «Раббымыз ұрпағымыздың ішіне өздерінен, оларға аяттарыңды оқитын, Кітапты әрі үкімдерін үйретіп, оларды тазартатын бір елші жібергейсің, күдіксіз Сен өзің ғана аса үстем, өте данасың» (деп жалбарынды. Ыбырайым Ғ.С. ның тілегі бойынша Мұхаммед Ғ.С. елші болып келді. (Бақара,129)


Нәтижесінде  жоғарыда  келтірілген аятта Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) дұғасы қабыл болып, адамзаттың ең асылы Мұхаммедті (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңғы және хақ елші қылып жібереді.
Адам баласы өзінің рухани тазалығының кемелденуі үшін мына бір нәрселерге ерекше мән беріп жүрулері керек:
1. «қилләтут-тағам» – аз тамақ жеу.
2. «қилләтул-манам» – аз ұйықтау. 
3.«қилләтул-калам» – аз сөйлеу,
4. «ғұзлату ғанил-әнаам» – оңашалану.
Бұл аталмыш төрт қағидалар  Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде өзіндік орын алып, Оның (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінде де және одан кейінгі саңлақтарымыздың жекелеген өмірлерінде көп амалдар етілген.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең үлкен жиһад өзінің нәпсі тәрбиесі үшін жасалған күрес», - дейді. (Имам Ғазалидің «Мукәшәфәтул қулуб» еңбегінен)
Хазіреті Әли (р.ғ.): «Адамды құртатын екі нәрсе. Біреуі - нәпсіқүмарлыққа салыну, екіншісі - мақтау мен мадақты жақсы көру...»,- дейді.
Алла Тағала Құран Кәрімнің Шәміс сүресінің 9-10 аяттарында: "Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да. (9) Әлде кім оны кірлетсе қор болды. (Шәміс,9-10), - дейді.
Сол үшін де нәпсімен әр кез күресіп, оны тергеп тұруларымыз керек. Сондай-ақ «Ихсан» дәрежесіне жету жолына асығуларымыз керек. Егер адам өз нәпсісімен жиі мәміледе болып, онымен есеп-хисап жасап тұрмаса, ондағы болған дерттер еш көзге көрінбейді. Егер ондағы ауруларды байқай алмаса, оны қалай емдер еді? Сол үшін де оның әлсіз жерін байқап, оған Жаратушымызға барша мақлұхаттардың мұқтаж екендігін ескере отырып, оны ғапылдық ұйқысынан оятып, оған Алла Тағаланың сансыз нығметтерін ескертіп тұруларымыз керек. Әркез оны өз қадағалауларымыздан еш шығармасақ, сонда ғана оны теріс жолдан қайтаруға өте жеңіл болары сөзсіз.
Қазіргі таңда көптеген адамдар, әсіресе өзге жат ағымда жүрген түрлі бүлікші топтың өкілдері «Жиһад» сөзін «Соғысу» т.б. сөздермен шатастырып түсінеді. Адамзаттың асылы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ең үлкен жиһад - нәпсімен күресу», деп түсіндіреді. Міне, байқағанымыздай, әрбір мүмін пенде ең әуелі өзінің нәпсісімен және өзінің тұла бойындағы жаман қылықтарды дұрыстау жолында күреседі. Дінімізде ата-ананы сыйлау, отанды сүю, өз халқына тыныштық сыйлау сияқты қасиетті амалдарды атқаруға үгіттейді. Кейбіреулер «жиһад», «халифалық» сынды сөздердің анық истилахтарын (терминология) да білмей әуре болып жатады. Шариғатымызда мұсылмандар бір-біріне «Әссәләму ғалайкум!» деген жылы сөзді жеткізеді. Бұл дегеніңіз «Сізге тыныштық тілеймін» дегені. Нақты айтар болсақ, дін Исламда экстремизм жоқ, өзгеге азар беруге де жол берілмейді. Дініміз әрбір пендені көркем мінез бен кешірімшілдікке баулиды. Сондықтан өзгеге қолы, тілі, тіпті діліменен еш зиянын тигізбеген адам шын мұсылман болып саналады.
Алла Тағала елімізге ынтымақ, дінімізге күш-қуат берсін!

 

«Қайрат» мешітінің бас имамы

Мұсаев Данияр

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ ИМАМ – АҒАРТУШЫ ҰСТАЗ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар ТӘҢІРШІЛДІК ДІН БЕ?
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!  
Ағымдар мен секталар ШЕТ ЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУ
Білім алу, сауатты болу – діннің талабы. Алла Тағала Құранның алғашқы аяттарын уахи еткіп түсіргенде «оқы» әмірімен басталды. Әрбір мұсылман адамның мойнында 40 парыз болса, оның соңғысы бесіктен бастап өмірінің соңына дейін білім алуы парыз амал. Діни біліммен қатар басқа да білімді қатар алып жүру...
Ағымдар мен секталар ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМНЫҢ МАҚСАТЫ - КҮЙРЕТУ
Сан ғасырдан бері  елдің сағын сындырмай  ұлт пен  сананы  кірлетпей  ұстауға бірден бір себеп болған дүние ол  - ұлттық сана.
Ағымдар мен секталар КЕРЕҒАР АҒЫМДАРДАН САҚТАНАЙЫҚ
«Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың діні» Н.Ә. Назарбаев.
Ағымдар мен секталар БӨГДЕ БАҒЫТ БҮЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕДІ
Дініміз ислам бейбітшілікпен ынтымаққа үндейтін жақсылыққа шақырып ізгілікті насихаттайтын зұлымдықпен жауыздыққа озбырлықты құптамайтын  асыл дін. Сол тыныштықпен бейбітшілік рәмізі болған дініміздің  бірлігіне сына қағатын тура жолдан адастырушы топтар бар екені мәлім. Оларды қазіргі таңда жат ағы...
Ағымдар мен секталар БӨТЕН БАҒЫТ - ҚОҒАМҒА ТӨНГЕН ҚАУІП
Дін адамзат тарихында, мәңгілік рухани тірек екені дәлелденген нәрсе. Діннің бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтары адам санасының, рухани кемелденуіне ерекше ықпал еткені мәлім. Қанша ғасырлардан бері рух тазалығын, ой тазалығын насихаттаумен келеді. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
25 Джумада-сани 1446
Миләди
27 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:57

Имсакқа дейін 00:21

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi