БІЛІМ АЛУ – ӘРБІР МҰСЫЛМАНҒА ПАРЫЗ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

БІЛІМ АЛУ – ӘРБІР МҰСЫЛМАНҒА ПАРЫЗ

| A | +

الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Асыл дініміз Исламда мұсылман адамның білім алып, оған амал етуінің маңызы өте үлкен. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш уахи етіп түсірген аяттарында:

اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ . خَلَقَ الْإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ . اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ . الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ . عَلَّمَ الْإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ .

«Оқы! Сені жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адамды ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. Ол қаламмен (хат жазуды) үйретті. Адамға білмеген нәрселерді білгізді», – деп, оқуға бұйырған («Ғалақ» сүресі, 1-5-аят).

Бұл аяттардан оқу, білім алу дініміздің ең басты талаптарының бірі екенін ұғынамыз. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің әрбір сәтінде сахабаларын оқып-білуге, білгенімен амал етіп, өзгелерді де үйретуге шақырған. Мысалы, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандардың сауатын арттыру үшін Бәдір соғысында қолға түскен меккелік тұтқындардың оқу-жазу білетіндеріне 10 мұсылманға оқу-жазу үйрету шартымен азаттық берген. Пайғамбар мешітінің шетінен қоныс аударып келген жағдайы жоқ сахабаларға арнайы жай әзірлеп, мешітке жинап, іліммен шұғылдануға жұмылдырған. Хадис шәріпте:

طَلَبُ العِلْمِ فَرِيْضَةٌ عَلَىْ كُلِّ مُسْلِمٍ

«Білімді талап ету – әрбір мұсылманға парыз», – деп, білім алудың әрбір ер және әйел мұсылманға міндет екенін айтқан (имам Ибн Мәжа).

Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осындай тәлімін көрген саңлақ сахабалар білімнің маңызын ерекше бағалап, оны бәрінен артық қоя білді. Бір күні атақты сахаба Ибн Аббасқа (Алла оған разы болсын) Басра қаласынан арнайы келген бір жолаушы: «Дүние артық па, әлде білім артық па?» – деп сұрайды. Сонда Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Білім артық», – деп жауап береді. Әлгі адам: «Оны қалай дәлелдейсің?», – дегенде, Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Дүние – перғауындардың мирасы, ал білім – Пайғамбарлардың мирасы. Дүниені Алла Тағала кез-келген құлына береді, білімді тек сүйген құлына ғана береді. Дүниені жұмсасаң, таусылып қалады. Ал білімді қанша жұмсасаң да таусылмайды, керісінше арта түседі. Дүние жиған адам қияметте қайдан алып, қалай жұмсағаны жайлы сұралады. Бірақ білімді адам қияметте білім алғаны үшін де, оны жұмсағаны үшін де мол сауапқа кенеледі», – деп жауап берген екен.

Ата-бабаларымыз да мақал-мәтелдерде: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп», «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», «Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», – деп білім алудың артықшылықтары жөнінде өте көп айтқан.

Білім алуға ықылас қойып, оған амал етуді көздеген адам мынадай амалдарға мән беруі қажет:

 

Бірінші: Әрдайым ізденісте болу

Мұзафар Әлімбаев: «Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына», – деп айтқанындай, адам баласы алған білімін қанағат тұтып тоқтап қалмай, өмірбақи ізденіп, даму үстінде болуы қажет. Сол себепті де бұрынғы өткен даналардан: «Екі адам тоймайды. Бірі – дүние іздеген адам, ал екіншісі – білім іздеген адам», – деген сөз қалған. Халқымыздың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытов:

Оқу, білім – жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал,

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң, – деген.

Бұрынғы өткен ғалымдар білімсіз өткен күнін бос өткен күн деп түсінетін болған. Сол себепті де олар әрбір атқан таң мен батқан күннің арасын бос жібермеуге талпынып, пайдалы білім алуға тырысатын. Төрт мәзһаб ғалымдарының бірі Имам Ахмадтың қолына қалам бен сия сауыт ұстап, өз заманындағы бір ғалымның дәрісінен шығып келе жатқанын бір кісі байқап қалып: «Уа, құрметті имам! Сіз білімнің шыңына жеттіңіз емес пе? Әлі күнге дейін бір қолыңызға қалам, бір қолыңызға сия сауыт ұстап жүргеніңіз қалай?» – деп таңданып сұрайды. Сонда имам: «Мен бұл сиясауытты қабірге барғанға дейін арқалап жүремін», – деп жауап қатқан екен.

Ахмед Иүгінеки бабамыз: «Білген адам білімді өмір бойы іздейді», – деп айтқанындай, мұсылман адам өмірбақи үйреніп, білім алуға тырысып, білім тұрғысынан бір күні мен екінші күнінің тең болмауына аса мән беруі қажет.

 

Қисса

Шейх әл-Андалуси деп аталып кеткен Бақи ибн Махлад атты ғалым болған. Бұл кісі өмірінің 34 жылын білім алу үшін сапарда өткізген. Әрі ешуақытта мініс көлігіне отырмай, жаяу жүрген. Ол имам Ахмадтан хадис үйрену үшін, Андалусиядан Бағдатқа сапар шегеді. Екі жердің арасы шамамен 6000 шақырым. Осынша ұзақ жол жүріп, Бағдатқа жеткенде, имам Ахмадқа Муғтазилалықтардың себебінен хадис риуаят ету тыйым салынып, үй қамақта отырғанын естиді. Үмітін үзбей, Имам Ахмадтың үйін сұрастырып, барып сәлем беріп, өзінің алыс елден келгенін айтады. Сонда Имам: «Сен Тарабулустан келген боларсың?» – деп сұрайды. Бақи: «Жоқ, одан да алыс жерден келдім», – дейді. Имам Ахмад оның білімге деген құштарлығына разы болып: «Мен саған қуана білім беретін едім, бірақ қазіргі жағдайымды көріп тұрсың, қажетіңді өте алмаймын», – дейді. Бақи Имам Ахмадқа мынандай ұсыныс жасайды: «Онда мен сіздің үйіңіздің алдына күнделікті қайыршы адамның кейпінде келіп, нан сұрайын. Сіз маған бір тілім нан беріп, екі хадис үйретіп жіберсеңіз болғаны, менің сапарым текке кетпейді», – дейді. Имам Ахмад оның бұл айтқанына келісіп, бірақ, білім беріліп жатқан жерлерге бармауын, әйтпесе одан сезіктенуі мүмкін екенін ескертеді. Осылайша екеуі келісімге келеді. Бақи мұқтаж адамның киімін киіп, күнде имам Ахмадтың есігінің алдына барып, бір тілім нан алып, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі хадисін жаттап жүреді. Имам Ахмад үй қамақтан босағанынша Бақи бірнеше жыл осылай білім алған екен. Кейін имам Ахмадқа дәріс беруге рұқсат етілген уақытта Бақи ибн Махладты әрдайым өзінің оң жағына отырғызып, шәкірттеріне: «Егер шынайы білім ізденуші болғыларың келсе, Бақи сияқты болыңдар», – деп оны үлгі етіп отырған.

 

Екінші: Кітап оқу

Алла Тағала қасиетті Құранның «Қалам» сүресі, 1-аятында:

وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ

«Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт», – деп қаламмен ант етеді. Алла Тағала қандай да бір затпен ант етуі арқылы сол заттың маңыздылығын көрсететіні белгілі. Ендеше, пайдалы дүниелерді жазу мен оны оқудың адам баласының екі дүниесіне тигізетін пайдасы өте мол. Кітап оқу адамның ақылы мен ой-өрісін дамытып, білімін арттырып, рухани кемелденуіне ықпал етеді. Қарауылда жатып, кітап оқу арқылы әлемге танымал болған Абай хәкім өлең жолдарында:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым – кітапта,

Ерінбей оқып көруге, – деп насихат еткен.

Әрине, мұсылман адамның ең көп оқитын кітабы – Алла Тағаланың кәләмі болған қасиетті Құран. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اقْرَؤوا الْقُرْآنَ فَإِنَّهُ يَأْتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ شَافِعًا لأَصْحَابِهِ

«Құран оқыңдар, өйткені ол Қиямет күні өзін оқығандарға шапағатшы болып келеді», – деген (имам Мүслим).

Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Егер білімді қаласаңдар, онда Құран оқыңдар. Күмәнсіз, оның ішінде бұрынғылар мен кейінгілердің білімі бар», – деп айтқан.

Сонымен қатар мұсылман адам таным-парасатын арттырып, дүние-ақыретіне пайдалы болған, өзге де діни және дүнияуи әдебиеттерді оқып тұруы қажет. Кітап оқудың артықшылығы жайлы ғалымдардан жеткен сөздер өте көп. Мысалы, Имам Бұхариден (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Адамның жаттау қабілетін арттыратын не нәрсе?» – деп сұрағанда, ол: «Кітапқа көп үңілу» деп жауап берген екен. Хасан Лулуи (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Мен қырық жыл бойы кеудеме кітап қойып жатып ұйықтап, кеудеме кітап қойған күйде ояндым», – деп айтқан. Омар ибн Абдуләзиз (Алла оны мейіріміне бөлесін): «Мен қабірден артық адамға ескертуші, кітаптан артық адамға ләззат сыйлайтын затты білмеймін», – деген.  

Ендеше, ұлы мақсаттарға қол жеткізуді қалап, пайдалы білім алып, өзгелерге де пайда тигізуді көздеген адам күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды əдетке айналдырғаны дұрыс. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе қоғамдық көлікте отырғанда, жұмыста, үйде қалт еткен бос уақытты ұтымды пайдаланып, кітап оқуға тырысқан жөн.

 

Үшінші: Білгендерден үйрену

Білім алуды көздеген адам білмегенін ешуақыт білім иесінен үйренуге, сұрауға арланбауы қажет. Алла Тағала Құранның «Нахыл» сүресі, 43-аятында:

فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنْتُم لاَ تَعْلَمُونَ

«Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», – деп айтқан.

Адам баласы том-том кітаптардан іздеп таппаған құнды мағлұматтардың жауабын білетін адамнан сұрап, үйрену арқылы әп-сәтте-ақ біліп алуы мүмкін. Төле би бабамыз:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді, – дейді.

Халқымызда «Ұстаз көрген» дейтін аталы сөз бар. Бұл сөз білімді адамның қасында болып, тәлімін үйренген адамға қолданады. Өйткені ұстаздың қасында болып, тікелей қарым-қатынас жасап, оны үлгі тұтып, үйренген білімнің шарапаты мол. Жәбірейіл періштенің  Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам кейіпінде келіп, «Ислам», «Иман» және «Ихсан» жайында сұрайтын баршамызға белгілі хадисте, Жәбірейіл періштеге қатысты:

فَأَسْنَدَ رُكْبَتَيْهِ إِلَى رُكْبَتَيْهِ وَوَضَعَ كَفَّيْهِ عَلَى فَخِذَيْهِ

«Ол (Пайғамбарымыздың) тізелеріне тізелерін тигізіп, (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойды», – деп айтылған.

Жәбірейіл періште (оған Алланың сәлемі болсын) сұрақ қоярдың алдында бұлай отыруының өзіндік мән бар. Ғалымдарымыз хадистің бұл тұсында ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынас әдебі көрсетілгенін айтқан. Яғни шәкірт ұстазымен қаншалықты жақын болса, соншалықты оның бойына білімнің, тәлім-тәрбиенің сіңуіне ықпал етеді.

Сондықтан да білімді сүйген адам білім иесін де жақсы көріп, оны құрмет етіп, тәлімін үйренуге тырысады. Абай хәкімнің:

Болмасаңда ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болу қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп айтқан сөздерінде біз үшін үлкен өнеге бар.

Кезінде Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар Бәни исраил қауымына өте әсерлі бір уағыз айтқан екен. Сонда адамдардың ішінен біреуі: «Адамдардың ішіндегі ең білімдісі кім?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде Мұса: «Адамдардың ең білгірі – менмін», – деп жауап қатады. Алайда, Алла Тағала оған: «Екі теңіздің қосылған жерінде сенен де білімдірек құлым бар», – деп уахи етеді. Сол кезде Мұса (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар қасиетті Құранда айтылғанындай:

لَآ أَبْرَحُ حَتَّىٰٓ أَبْلُغَ مَجْمَعَ ٱلْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِىَ حُقُبًا

«Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін», – дейді. Бұл аят бізге білім алуға деген құштарлықтың, үйренуге деген талап-талпыныстың қаншалықты деңгейді жоғары болу керектігін үйретеді.

 

Төртінші: Алған білімді өзгелерге үйрету

Адамның оқығанын өзгелермен бөлісу, адамдарға үйретуінің де маңызы үлкен. Себебі, үйрету арқылы адам білгенін өз бойына одан әрі сіңіріп, білімінің бекуіне ықпал етуімен қатар өзгелердің де білмегенін білуіне себепші болады. Ардақты Пайғарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ القُرْآنَ وَعَلَّمَهُ

«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деген хадисінің бір мағынасы осы (имам Термизи).

Ислам діні әр нәрсенің зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу керектігін ұқтырады. Дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болу арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай жасауға міндеттелсе, білімділердің зекеті – білгенін басқаларға үйрету.

Шал ақын: «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей», – десе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса», – деп, білгенін өзгелерге үйретуге шақырған. Сондай-ақ геолог-ғалым Қаныш Сатпаев:  «Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін, үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады», – деген.

Имам Әбу Ханифа (Алла оны мейіріміне бөлесін) шәкірті Әбу Юсуфқа: «Он жылдап кәсіпсіз, азықсыз ғұмыр кешсең де, білімнен сырт айналып кетпе! Білімнен сырт айналсаң, өміріңнің, тұрмысыңның ауыртпалығы арта түседі. Білімге деген қызығушылықты арттыру үшін әрбір шәкіртті балаңдай көріп, білім беруге күш сал! Алған біліміңнің дүниеде және ақыретте қызығын көремін десең, жақсылықтан қол үзбе! Талабың таудай болсын! Себебі, талабы кішірейген адамның мәртебесі де төмендей береді», – деп өсиет айтқан.

Дінімізде адамның өзгелерге үйретіп кеткен пайдалы білімі ешуақытта тоқтамайтын сауап деп танылады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

إِذَا مَاتَ الإنْسَانُ انْقَطَعَ عَنْهُ عَمَلُهُ إِلاَّ مِنْ ثَلاثَة: إِلاَّ مِنْ صَدَقَةٍ جَارِيَةٍ ، أَوْ عِلْمٍ يُنْتَفَعُ بِهِ ، أَوْ وَلَدٍ صَالِحٍ يَدْعُو لَهُ

«Адам дүниеден өткенде, оның үш амалынан басқасының бәрі тоқтап қалады. Олар – үзілмейтін садақа, басқаларға пайдасы тиетін білім және салихалы ұрпақтың оған арнап жасайтын дұғасы», – деп айтқан (имам Мүслим).

Ендеше, Махмұд Қашқаридың: «Білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар», – деген сөзін әр адам қаперінде ұстап, оқып, үйреніп, білгенін өзгелерге үйрету арқылы ғибратты із қалдыруға тырысуы қажет. Шәкәрім Құдайбердіұлы бізге:

Қайтадан қайрылып, қауымға келмейсiң.

Барыңды, нәрiңдi, тiрлiкте бергейсiң.

Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –

Шын бақыт‚ осыны ұқ, мәңгiлiк өлмейсiң! – деп насихат қалдырған.

 

Қадірменді жамағат!

Білім иесінің екі дүниеде де дәрежесі жоғары болмақ. Алла Тағала қасиетті Құранның «Мужәдәлә» сүресі, 11-аятында:

يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آَمَنُوا مِنْكُمْ وَالَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَاتٍ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ

«Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», – деп айтқан.

Үлкендік екі түрлі себеппен болады. Оның бірі адамның қанша өмір сүргендігіне қатысты жасының үлкендігі болса, екіншісі – алған білімінің үлкендігі. Сол себепті де Абай хәкім:

Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,

Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.

Құр жасы елулерге келсе-дағы,

Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл, – деген.

 

Алла Тағала баршамызға екі дүниемізге пайдалы білім беріп, соған амал етуімізді нәсіп етсін! Қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл етіп, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ АЛЛАНЫ ЗІКІР ЕТУДЕ ӘР ІСІҢДІ ӘДІЛДІКПЕН ӘСЕМДЕ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ӘДІЛДІК ПЕН ТЕҢДІК – ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Қоғам ТУҒАН ЕЛДІҢ ЖУАСЫ ДА ТӘТТІ
Туған елге һәм туған жерге деген ыстық махаббат әр бір жанның жүрегінде болуы керек дүние. Туған ел деп атауы айтып тұрғандай, адамның кіндік қаны тамған, туып-өскен өмірінің бір бөлшегі. Сол себепті адам өзінің туып өскен елінің қадіріне жете білуі керек. ...
Қоғам АҚИҚАТЫНДА, МҰСЫЛМАНДАР – БАУЫР
Ислам діні әрдайым мұсылмандардың арасын ауызбіршілікке, ынтымақ пен бауырмашылдыққа шақыратын иләһи дін. Шынайы бауырмашылдық Алланың махаббатын міндет ететін амалдардың бірі, ал Алланың махаббатына бөленген әр бір мұсылманның жәнатқа кірері хақ....
Қоғам ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ
Адам өміріндегі ең маңызды құндылықтардың бірі ыңтымақ бірлік. Ынтымақ болса, ел үшін және жеке адам үшінде амандықта дамып өркендеуге негіз болады. Сол үшін Алла Тағала дінімізде ынтымақтың мызғымас мықты болу керек екенін негізгі міндеттердің бірі еткен....
Қоғам ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНІҢ
«Отанға опасыздық жасау» тіркесіне кіріспес  бұрын бірінші «Отан дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап берейікші.
Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi