АСАР - АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ САЛТ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:55 07:19 11:54 14:41 16:23 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024

Мақалалар

АСАР - АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ САЛТ

| A | +

Діні мен дәстүрін сабақтастырып, әлмисақтан бері мұсылман болған қазақ халқы да өзара жәрдемдесіп, жақсылық жасауда иық тіресіп бірлесе көптеген шараларды атқарған. Олардың бастыларының бірі – асар болып табылады.

Асар – халықтың, қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытып, ауқымды да күрделі ауыр жұмыстарды бірлесе отырып орындау. Мысалы: баспана салу, қой қырқу, киіз басу, егін ору, шөп шабу, қора салу, соғым сою, көмір түсіру, отын әкелу, тай таңбалау тағы басқа қауырт жұмыстарды көпшілікпен жұмыла атқару - асарға жатады.

Ата-бабамыз қоғамдық қызметтердің маңыздылығын өте жақсы түйсінген. Жеке басының қамын күйттеудің орнына, халық пайдаланатын қоғамдық шараларды жүзеге асыруға күш салған. Алла Тағала адамдардың бір қоғам ішінде өмір сүруін қалайды, әрі оларды бір-біріне мұқтаж етіп жаратқан. Ақыретке толық иман келтірген мұсылман, амал дәптерін жақсылықтармен, ізгі амалдармен толтыру үшін өмірінің әрбір сәтін жемісті өткізуге күш салуы тиіс.

Алла Тағала, Құран Кәрімде жәннатқа қол жеткізудің жолы жақсылық жасауда жарысумен өтетіндігін былай деп жеткізеді: «Жақсылықта жарысыңдар» (Бақара сүресі, 148-аят).

«Раббыларыңның кешіріміне әрі тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен жеті қат көктей жәннатқа жарысыңдар» (Әли Имран сүресі, 133-аят).

Басқа бір аятта жақсылық жасауда жарысатын құлдарын былайша сүйіншілейді:

«Дүние-мүліктерің немесе балаларың сендерді бізге жақындатпайды. Бірақ иман келтіріп, салих амал істегендердің жөні басқа. Міне соларға істеген істерінің қайтарымы бірнеше есе болып беріледі. Сондай-ақ олар жәннат бөлмелерінде аман-есен болады» (Сәбә сүресі, 37-аят).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз өсиетіне құлақ асып, дін бауырына жәрдем етуге құлшынған мүминдерді мынадай хабармен сүйіншілейді: «Кімде-кім дін бауырының мұқтаждығын өтесе, Алла Тағала оның мұқтаждығын өтейді. Кімде-кім дін бауырының мұңына, дертіне шара тапса, (оны құтқарса) Алла Тағала оны (сол ізгі ісі арқылы) қиямет қиыншылықтарының бір қиыншылығынан құтқарады» деген (Бұхари, Мазалим 3; Мүслим, Бирр 58).

Жоғарыдағы аяттармен хадистерден нәр алған ата-бабаларымыз, асар жасауда ерекше жол ұстанған. Бұл дәстүрдің ерекшелігі сол, адамдар бірлесіп игі мақсатта бір-біріне көмектесу арқылы ынтымақ пен бірлігін жарастырған. Мұндай дәстүрді жалғастарған адамдар, оны тек жұмысты бітіру тұрғысынан ғана емес, туған-туыс, дос-жаранмен бір уақыт кездесу, сырласу мақсатында қолданған. Тіршілік қамымен жүріп бастары қосыла бермейтін ағайын асарда кезігіп мәре-сәре боп қалған. Екіншіден, бітпей тұрған іргелі шаруа бастаған туыстың да жұмысы бітіп, жеңілдей түскен. Асарға келген адамдар ақы алмаған. Оларға арнап үй иесі бір қойын сойып, қазан асып, дастархан жайған. Қазақтың «көп түкірсе – көл», «жұмыла көтерген жүк жеңіл», деген аталы сөздері де осы асармен байланысты болса керек. Сонымен қатар, асарға атсалысушылардың қай саланың маманы, жұмысқа қатысушылардың жас шамасы, күш қуаты, тұрғысынан жұмысқа жарамдылығы да ескерілген. Мысалы, дәстүр бойынша қоғамдық харекетке қатысатын ер адам жасы 16 жастан төмен, 60 жастан жоғары болмаған.

Иә, қазір ғылым мен технологияның дамыған заманында асарлатқан ағайынды көп кездестіре бермейміз. БАҚ-тан немесе әлеуметтік желілерден бірен-саран есітіп, көріп жатамыз. Заман өзгерді. Уақыт талабы басқаша. Қайда барсақ та уақытын жеткізе алмай, мұрнынан шаншылып жүрген азаматтарды көреміз. Өзгенің асарына бармақ түгілі, өзінің жұмысын бітіре алмай әуре болып жүр. Үй құрылысын бастағандар да көпшілікті асарға шақырғанша, ақысын төлеп жауапты маманға тапсыра салғанды жөн көреді.

Тарихи деректерге қарай бұрынғы асарларға зер салатын болсақ, асарға қатысудың өзі үлкен мәдениет екені байқалады. Бұл тәрбиенің басқаша бір белесі, туыстық қатынастардың өзгеше бастау-бұлағы сияқты әсер қалдырады.

Жалпы алғанда асардың пайдасы көп. Асар адамды керемет жақындастырған. Арасында әзілдесіп қойып, еске түскен естеліктерді ортаға салып, ойнап-күліп жүріп жұмыс істеген адамдар жақын дос болып қалған. Жұмыс кезінде қоғамдағы түрлі әзілдер, ғибратты әңгімелер айтылған. Ал құрдастармен асарлатқандар бала кездегі қызықтар, естеліктер әңгімеге арқау болған. Әңгімелесіп, әзілдесіп жүріп жұмысты қалай аяқтап тастағандарын білмей де қалған.

Асар иесінің ақ дастархан жайып, оның басында айтылған ғибратты әңгімелердің жөні бөлек болған. Үлкен абыз ақсақалдар тарапынан қоғамда қордаланып жатқан түйіткілді мәселелермен қатар тарихтан, шежіреден, жыр дастандардан сөз қозғалып, жастарды өзара жәрдемдесуге, ағайын-туыспен араласуға жол көрсеткен.

Асар жасаған адам үшін қай жағынан болса да пайдалы. Қаражатын үнемдейді, жұмысы жүреді. Ал асарға келген адам Құран мен хадисте айтылғандарға амал жасап сауап алады, қимылдап, тер шығарып, бір жасап қалады. Танымаған адамдармен танысады, әңгімелесіп, емін-еркін таза ауада жүріп қайтады. Бұл – қаланың адамы үшін кәдімгі демалыс. Мешіт- медресе салу, қазіргі таңда қорғашан ортаны қорғау үшін сенбіліктерге қатысу күні бойы компьютерге қарап, арасында демалғанда ұялы телефонға шұқшиып, қамалып отыратын адам үшін бұның пайдасы көп.

Олай болса ақырет күнінде амал дәптеріміздің жақсылықтармен, ізгі амалдармен толы болуын және оның жемісін жеуді армандасақ асар дәстүрімізге бей-жай қарамауымыз керек. Республикалық көлемде ұйымдастырылып жатқан асарларға, аймақтық, қалалық, аудандық, ауылдық, ағайын-туыстық, мешіт жамағатының ұйымдастарып жатқан асарларына қолымыздан келгенше қатысып, дінімізбен біте қайнасқан асар дәстүрін қайта жаңғыртқанымыз жөн болады.

Расында, асардың мәні мен маңызы орасан. Оны ескі дәстүрге айналдырып, өткен күннің көлеңкесінде қалдырмай, заманауи игіліктерді асар арқылы пайдаға асыру – ең ұтымды шешім болар еді. 

 

 

Алматы қаласы

«Байкен» мешітінің

наиб имамы Саясат Көкенай

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ҚИЫНДЫҚТАН ҚОРҒАЙТЫН ҚҰЛШЫЛЫҚ ӘЙЕЛ ӘДЕБІМЕН СҰЛУ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Дін мен дәстүр НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
Әз-Наурыз мейрамы құтты болсын! Алла тағала қазақ еліне, жеріне ырыс-несібесін жаудырсын, ақ мол болсын!
Дін мен дәстүр ҚАЗАҚИ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмір шеңберіндегі әр кезеңінің сан түрлі тәртіптері мен үйлесімді үрдістерден тұратын танымдық мектеп. Әр ұлттың тәрбесі мен дәстүрі сол елдің діни наным-сенімі негізінде қалыптасатын табиғи көрініс....
Дін мен дәстүр БАРШАҢЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Дін мен дәстүр СҮНДЕТКЕ ОТЫРҒЫЗУ САЛТЫ
Қазақ халқы баланы сүндеттеуді - ислам дінін қабылдағаннан кейінгі салтына сіңірген дәстүрдің бірі болып табылады. Халқымыз баланы сүндетке тақ жасында отырғызған. Үш жаста, бес, жеті, тоғыз, одан кеш дегенде он үш жасында сүндеттеген. Дегенмен, он үш жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені, баршамызға...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-сани 1446
Миләди
22 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi