«Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөзге шариғат қалай қарайды?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:50

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:58 07:21 11:57 14:45 16:27 17:50
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-сани 1446
Миләди
28 желтоқсан 2024

Мақалалар

«Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөзге шариғат қалай қарайды?

| A | +

Сұрақ: Еліміздің оңтүстік аймағында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз бар екен. Бұл шариғатқа қайшы емес пе?

Жауап: Алдымен аталған тәмсілдің пайда болуына қысқаша тоқталар болсақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) көзі тірісінде жақын-жуықтарын жинап, келер ұрпаққа беретін аманаты бар екенін айтады. Жиында Арыстан баб бұл зор аманатты арқалауға дайын екенін білдіреді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) Арыстан бабқа «құрманы» беріп, оны келер ұрпаққа жеткізуді аманат ретінде табыстайды. Күндердің күнінде Қожа Ахмет Ясауи ұстазы Арыстан баб жолығып Алла Елшісінің (с.ғ.с.) аманатын сұрайды. Арыстан баб та «құрманы» иесіне береді. Қожа Ахмет Ясауи аманатты алып, тіл қатпастан кете барады. Арыстан баб: «Неге рахмет айтпайсың?» дегенде, Қожа Ахмет Ясауи рахметтің орнына: «Сізге келіп түнесін, менен тілек тілесін» деп жауап қатады.

Иә, ел арасында айтылатын ауыз-екі деректерде «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөздің осы әпсанадан шыққандығы баяндалады. Әйткенмен, бұл дерек Алла Елшісінің (с.ғ.с.) сүннеті хатталған негізгі хадис кітаптарында (Кутуби-ситтә) мүлде кездеспейді. Келесі бір аңыз-әпсаналарда Арыстан бабты атақты сахаба Сәлмани Фарс ретінде көрсетеді. Бірақ, Сәлмани Фарс (р.а.) сахаба Қожа Ахмет Ясауи өмір сүрген ХІІ ғасырда емес, Ирактың Мәдайна қаласында 657 жылы қайтыс болған.

Десек те, оңтүстік аймағында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз неліктен кең тараған? Біз бұл сөздің шариғатқа қайшы немесе қайшы емес екеніне тоқталмас бұрын кейбір мәселелердің басын ашып алғанымыз жөн деп ойлаймын.

Жалпы өткенде баяндауда бір-бірімен сабақтаса бермейтін тарихи жазба деректер және фольклорлық деректердің болатыны көзі қарақты қауымға белгілі жәйт.

Оқып-тоқыған адамдар ғана тарихи жазба деректердің анық-қанығын біліп ғылыми тұжырым жасай алады. Ал қалың бұқараға қолжазба немесе мұрағат деректері қол жетімсіз болғандықтан, олар көбіне-көп өткен тарихты фольклорлық деректер арқылы бағамдайды. Сол секілді шариғат құндылықтарын да ғұламалар мен қалың бұқара әртүрлі деңгейде бағалайды. Мәселен, Алланың кәламы – Құран кәрім аяттарының қайсысы мансұқталған, қайсысы насух күшіне ие, қайсысы жалпыға тән, қайсысы жалқыға тән екенін қалың бұқара біле бермейді.

Сондай-ақ, сүннетте де қайсы хадистің салиқалы, қайсы хадистің әлсіз (дағиф), қайсы хадистің тоқыма (маудуғ) екенін былайғы жұрт айырып жатпайды. Ғұламалар болса, әрбір аят пен хадисті егжей-тегжейлі зерттеп, аяттың қандай себепке орай нәзіл болғанын, аяттың күші жойылып-жойылмағанын, сондай-ақ, хадистің жеткізілуінде үзілістің бар-жоғын, рауилердің бір-бірін көріп-көрмегенін тексеріп және т.б. көптеген осындай шарттар арқылы аят-хадиске баға береді. Демек, ғұламалар ақи-тақи зерттеп, әрбір мәселеге кірпияздықпен қарайды.

Ал көпшілік өзінің қарабайыр танымының негізінде баға береді. Осыдан тұрғыдан тәжірибеге қарайтын болсақ, ғұламалардың діндарлығы мен халықтың діндарлығы бөлек-бөлек категорияда өрбіп жатады. Яғни, «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөзді аталмыш тарихи тұлғаларға деген қалың бұқараның махаббатынан туындаған тәмсіл һәм халық діндарлығының көрінісі деп түсінгеніміз жөн.

Әсілі, Алладан емес, адамнан тілеудің ширк шақыратын ұғым екені еш дау тудырмайды. Десе де, бұл мәселеге ақида іліміндегі «тәуассулмен» (Алладан сұрағанда араға дәнекер қою) жауап беруімізге де болады. Біздің пайымдауымызша ясауи тариқаты өкілдерінің «Арыстан бабқа түнеп, Қожа Ахмет Ясауиге зиярат (тәуассул) жасап, Алладан тіле» деген сөзі ел ішінде қысқартылып «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деп өзгеріске ие болып, ұйқасқа ие мақал тәрізді айтылған болуы әбден ықтимал.

Ал, әһлі-сүннет сеніміне сай тәуассул жасау шариғатқа қайшы емес екені белгілі. Және де тарихи шарттармен қарайтын болсақ, «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз кең тараған оңтүстік аймағы Қарақан дәуірінен бермен әһлі-сүннет сенімін ұстанатын кеңістік саналады. Аталмыш тәмсілдің тәуассул ұғымымен астасып жатқанын білетіндіктен де халық өз арасында бұл сөзді именбестан айта алған тәрізді. Яғни, «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз тәуассулге сай астарлы мағынада айтылған болуы бек мүмкін. Ал, анық-қанығы – Аллаға ғана аян!

Мұхан ИСАХАН

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #32 #2 Жұмсақ болу әдебі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқуға бола ма?
Жоғарыдағы тыйым салынған деректер Құранның, шариғаттың белгілері аяқ-асты болып кетуіне байланысты келген. Сондықтан намаз үлгісі көрсетілген жайнамазбен намаз оқу аталмыш тыйымның құрамына кіреді. Оған қоса жаттамаған сүрелерді Құранға қарап оқу намазды бұзады (Хашияту әт-Тахтауи, 336) әрі суре...
Сұрақ-жауап Тик-ток түсіруге бола ма?
Тик-Токтың шыққанына көп болмаса да бүгінде бұл қосымша бүкіл әлемді жаулап үлгерді. Тіпті қолданушылар саны бойынша ютуб, инстаграм, фейсбуктан да асып түсті. Қысқасы қазіргінің тренді осы....
Сұрақ-жауап Тәжуид үйретіп ақы алу дұрыс па?
Алла Тағала: «Құранды мәнерлеп тұрып оқы», – деп бұйырды («Муззаммил» сүресі, 4-аят). Құранды мәнерлеп оқу дегені оны ежіктеп, әріптерді дұрыс шығарып, аяттарды бөліп-бөліп, тәжуид ережесіне сай оқуға айтылады....
Сұрақ-жауап Жалқауланып намазды бір оқып, бір оқымай жүрмін. Не істесем екен?
Сәлеметсіздер ме! Иманды қалай күшейтуге болады? Намаздарымды оқымай қаза етіп жүрмін. Қаза қылмай екі күн оқысам, қалған 5 күн оқымай қоямын. Бұлай еткенше мүлдем оқымай қойған дұрыс шығар деп жүрмін. Не айтар едіңіз?...
Сұрақ-жауап Есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма?
Шариғатымызда есек етін жеуге тыйым салынған. Бұған байланысты көптеген хадистер келген.
Сұрақ-жауап Мәулітті тойлауға бола ма?
Мәуліт – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін атап өту рәсімі. Бұл мереке һижри жыл санағы бойынша рабиғул әууәл айының 12-ші жұлызына сай келеді. Оны толық бір ай бойы тойлауға болады. Мұнда мәуліт шәріп жырынан үзінділер, салауат және дұғалар оқылады. Мәулітте Алл...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-сани 1446
Миләди
28 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:50

Бамдатқа дейін 05:41

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi