АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ЕКІ ІС: ИМАН МЕН ЖАҚСЫЛЫҚ

| A | +

Алланың адамзат баласына берген ең үлкен сыйы – Иман нығметі. Қандай адам болмасын Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген нәрселеріне жүрекпен сенсе, оның дұрыстығына иланса, Алла құзырында мүмін болып саналады. Әрбір мұсылман үшін Аллаға деген иман және оның шынайы болуы ең басты мәселе. Өйткені осы иманымыз арқылы біз екі дүние бақытына қол жеткіземіз. 

Адам қанша жерден діндар, тақуа болса да оған ең алдымен ізденіс пен білім, иман қажет. Бұған Абай Құнанбайұлының: «Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды», – деген сөзі дәлел. Қожа Ахмет Иасауи бабамыз да: «Ең алдымен иманды түзеу арқылы адамды, сосын ортаны, содан кейін заманды түзетуге болады», – деп, иманды алғашқы орынға қояды. Алла иман келтіріп, салих амал жасаған құлдарына разы болады. Әрине, Алланың разылығын иеленген құл болуымыз үшін тек иман келтіру жеткіліксіз. Иманмен бірге ықыласпен құлышылық жасап, көркем мінез-құлық иесі де болуымыз маңызды.

Расында кімде-кім Аллаға шынайы түрде иман келтіріп, шамасына қарай қолынан келгенше жақсылық іс жасаса, ақыретте міндетті түрде оның сауабын алады.

Хақ Тағала Құран Кәрімде:

«Сонда кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал, енді кімде-кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді»,– деп баян етеді [Зілзәлә, 7-8].

Кез-келген жақсылықты Алла да, Оның құлы адам да, тіпті жан-жануарлар да жақсы көреді. Жақсы деген сөздің өзі құлаққа жағымды, жүрекке қонымды, көңілге ұнамды, тілге тиекті. Ал жамандықты жақтыратын ешбір жан жоқ. Сол себепті "Жақсылық жәннаттың кепілі, жәһаннам жамандықтың кесірі" дейміз.

«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» [Аср сүресі]. Аяттан түсінгеніміз, жәй ғана «сендім, иман келтірдім» деу жеткіліксіз. Жүректегі иман сәулесінің сөнбеуі үшін ғибадат-құлшылық та керек.

Иә, «иманым менің – жиғаным» деп жырлап кеткен кешегі бабалырымыз да сенімдеріне селкеу түсірмей, ізгі, салихалы амалдарымен Құдай Тағаланың разылығын бірінші орынға қоя білген жандар еді.

Қазақтың маңдайына біткен шайыры Майлықожа бабамыз:

«Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай, жерде жатпас

Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас», – деген өлең жолдарынан өзгеге жақсылық жасау арқылы өзіңде бақытқа кенелетінің сөзсіз. Өйткені жақсылықтың қарымтасы әрқашанда жақсылықпен болмақ. Біреудің мұң-мұқтажын өтеу, оны басына түскен уақытша қиындықтан құтқарып, жағдайын жеңілдету. Ойлаған адамға бұдан асқан бақыт, бұдан асқан ләззат бар ма? Расында, адамның ең жақсысы ‒ басқаларға пайдалы болғаны, ал амалдардың ішіндегі Аллаға ең сүйіктісі ‒ адамдардың жүрегіне қуаныш сыйлау. Қоғам мейірімге, жан жадыратар жақсылыққа мұқтаж. «Жақсылықтың жақсылықтан басқа қайтарымы бар ма?» деп «әр-Рахман» сүресінде баяндалғандай, шынында да жақсылықтың қайтарымы ‒ тек жақсылық қана.

Демек, нағыз мұсылман иманының кәмілдігін аузымен ғана емес, амалымен дәлелдейді. Өзі жақсы адам қашанда жақсылыққа асық болады, ізгілікке ғашық болады. Жәннаттық адамға Жәннаттық амалдар жеңілдетіледі, сонымен қатар, жақсылық жасаушы жандарға Раббысының берер сыйы да есепсіз болмақ. Алланың мейірімі қандай шексіз болса, мейірімділік пен қайырымдылыққа, жақсы амалдарға беретін Оның қайтарымы да сондай кең болары сөзсіз. Ендеше, жалғыз Алланың разылығын табу жолында аянып қалмай, қасиетті рамазан айында қайыр қылудан қалыс қалмайық.

Мансуров Нұрмахан

Алмалы ауданы, «Төлеби» мешітінің азаншысы.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТҰРАҚТЫЛЫҚ АЛЛАҒА ҰНАМДЫ ІС ЗЕКЕТ - НАМАЗДЫҢ ҚОРҒАНЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ЗЕКЕТ - НАМАЗДЫҢ ҚОРҒАНЫ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүние салғанда кеше ғана ру-ру, ауыл-ауыл болып мұсылмандық қабылдағандар діннен шыға бастады. Біреулері біржола кетсе, кейбір ауылдар: «Зекетті пайғамбарға бердік. Ол бақилық болды, енді ешкімге бермейміз», - деп малының ақысын беруден бас тар...
Рамазан ТАРАУИХ - РУХАНИ НӘР БЕРЕТІН ҚҰЛШЫЛЫҚ
Міне айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Бұл айда пенде Алла разылығы үшін ораза тұтып, соның жақсылығын ақыреттен күтеді. Рамазан айындағы әр құлшылықтың сауабы еселеніп қайтады деп жатамыз. Сондай сауапты амалдардың бірі «Тарауих» намазы. Тарауих намазы мұсылмандардың бойы...
Рамазан АУЫЗАШАР – ШҮКІРШІЛІК ДАСТАРҚАНЫ
Қазақ халқы ежелден Рамазан айын ерекше қастерлеп, оны «Он екі айдың сұлтаны» деп атаған. Берекесі мол айда Жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған. Рамазан айында Алланың алдында ең ұнамды іс – ауыз аштыру екені мәлім. Ал ауызашар дастарқаны рухани сұхбаттың, бата ...
Рамазан ЖАРАПАЗАН ЖЫРЫ
Жарапазан - он екі айдың сұлтаны Рамазанның келгенін хабарлайтын және халықты жақсылыққа, ізгілікке шақыратын жыр. Кейбір өңірлерде "жарамазан" деп те атайды.
Рамазан САХАБАЛАР ОРАЗАСЫ
Он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айы – нәпсіні тәрбиелеп, рухты тазартып, тақуалықтың жаңа сатысына көтерілетін – ай.  Ораза - құрметті құлшылық. Құл мен Раббысы арасындағы – сыр.  Себебі бұл айда рия араласпайды. Сол себепті де Алла Тағала «Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 00:31

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi