АРТЫҚ САУСАҚТЫ АЛДЫРУҒА БОЛА МА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

АРТЫҚ САУСАҚТЫ АЛДЫРУҒА БОЛА МА?

| A | +

Кейбір адамдар қолы немесе аяғының бір саусағы артық болып туады. «Артық саусақ адамның бір ағзасы ма әлде негізгі жаратылысында туындаған кемшілік пе?» деген мәселеде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар.

Кейбір ғалымдар мұны адамның негізгі ағзасы ретінде санап, артық саусақты ота жасату арқылы алуға тыйым салған (Мәрдауи, әл-Инсаф, 1/125).  Өйткені оны «Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту» деп есептеген (Әли Мухиддин әл-Қардағи. Али Юсуф әл-Мәһди. Фиқһу әл-қадая әт-тиббияти әл-муғасара, 530). Алайда жумһур (көпшілік) ғалымдардың көзқарасы бойынша, адам бойындағы артық саусақты алуға рұқсат етілген. Артық саусақты алудағы мақсат – адамның табиғи жаратылысын қайта қалпына келтіру және туабітті кемістікті жою (Фиқһу ән-нәуәзил, 174).

Ибн Масғуд (Алла оған разы болсын): «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасын терген, әдемі көріну үшін тістерінің арасын ашқан, шашын жалғаған, денесіне сурет салған адамдарға тыйым салғанын, алайда дертке шалдыққан жаның жөні басқа дегенін естідім», – деп айтқан (Ахмад, №3945. 7/57. Нәйлу әл-әутар мин әхәдиси сәйиди әл-әхйар, 5/201. №2769).

Имам Шәукани (Алла оны рақымына алсын): «Дертке шалдыққанның жөні басқа» деген сөз аталған іс-әрекеттерді әдемі көріну мақсатында жасаса, харам болатынын білдіреді. Ал емделу мен кемістікті жою мақсатында жасалса, харам саналмайды», – деген (Нәйлу әл-әутар, 5/203).

Имам Табари (Алла оны рақымына алсын) бұл мәселеге қатысты былай деген: «Әйелдің күйеуіне немесе өзге біреуге әдемі көріну мақсатында Алланың жаратқан жаратылысын (артық не кемітіп) өзгертуіне болмайды. Алайда иесіне зиян келтірсе артық саусақты алуға рұқсат етіледі» (Фәтху әл-бәри, 10/377. Умдату әл-қари, 19/125. Құртуби, әл-жәмиғ ли ахкәми әл-Құран, 5/395. Нәуауи, шарх сахих Муслим, 14/106).

Ханафи мәзһабы ғалымдарының пікірінше, бір кісі басқа біреудің артық саусағын рұқсатсыз кессе, оған «хукумәту әдл» (имамның (басшының) жарақаттауға белгіленген құны жоқ арнайы бекіткен төлем мөлшері) бекітіледі, кек алынбайды. Артық саусақтың пайдасы болмаса да, әдемі көрінбесе де, адамның бір бөлігі болғандықтан, оған құрмет ретінде осындай шешім шығарылған (Ихтияр ли тәғлили әл-мухтар, 4/320. Фәтху бәби әл-инәя, 3/361. Әл-жәуһарату ән-нира, 2/171. Радду әл-мухтар, 10/245). Егер оны иесінің рұқсатымен алса немесе туыстарының келісімімен кессе, ешқандай құн төлемейді (Фиқһу ән-нәуәзил, 174. Фәтәуа Қадихан, 3/410-411).

Фәтәуә Қадиханда: «Егер артық саусақты кесу адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін деген ой басым болса, оны алмайды. Өйткені өзін қауіп-қатерге итермелеген болады. Ал отаның сәтті шығуына сенімді болса, алуға рұқсат етіледі», – делінген (Фәтәуа Қадихан, 3/410-411). 

Ислам фиқһ академиясының 2007 жылы Малайзияда өткен 18-отырысының пластикалық операцияға қатысты №173 (11/18) қарарында: «Артық саусақ, саусақтың жабысып қалуы т.б. секілді тума кемістіктер адамның физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян шегуіне алып барса, зәрулікке және қажеттілікке орай, кемістікті жою мақсатында оған пластикалық ота жасауға рұқсат етіледі» делінген.

Адамның қол не аяғындағы артық саусақ иесіне зиян келтіріп, қимыл қозғалыста ауырса немесе жұмыс істеуге кедергі келтірсе, сондай-ақ оны сол қалпында қалдырған жағдайда өзгелердің оған таңырқап қарауы яки кемсітуі моральдық тұрғыдан ауыр тисе, артық саусақты алуға рұқсат етіледі. Алайда мынадай шарттар табылуы тиіс:

– Ағзаның қалыпты жаратылысынан артық болуы;

– Физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіруі;

– Иесінің немесе туысының рұқсаты болуы;

– Реципиентке зиян келтірмеуі, яғни басқа дене мүшелеріне зиян тигізбеуі, қызметін әлсіретпеуі (Әхкәму жәрәхәти әт-тәжмил, 571. Али Мухиддин әл-Қардағи. Али Юсуф әл-Мәһди. Фиқһу әл-қадая әт-тиббияти әл-муғасара, 530).

Адамның кесілген дене мүшесін жерге көму – мұстахаб (Әл-Бахру әр-райх, 7/12. Әл-Мәжмуғ, 1/289. Тухфәту әл-мухтаж, 9/379. Әш-шәрху әл-кәбир, 1/104).

ҮКІМ:

1.Артық саусақ кемістік болып саналады. Оны төмендегі шарттар негізінде алуға рұқсат етіледі:

– Ағзаның қалыпты жаратылысынан артық болуы;

– Физикалық және психологиялық тұрғыдан зиян келтіруі;

– Иесінің немесе туысының рұқсаты болуы;

– Саусақты кесу өзге ағзаға зиян келтірмеуі.

2. Кесілген артық саусақты аяқ баспайтын жерге көму – мұстахаб.

3. Алланың жаратқан жаратылысын әдемі көріну мақсатында өзгерту – харам.

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ЕКІ ҚЫЗДЫҢ ОРАЗАСЫ "Бір жылдық тағдыр жазылатын түн"

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап РАМАЗАНДА ОРАЗА ҰСТАМАУҒА БОЛА МА?
Алла Тағала Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», – деп бұйырды («Бақара» сүресі, 183-аят)....
Сұрақ-жауап ШАШТЫ ТРАНСПЛАНТТАУ ЖАЙЛЫ ШАРИҒАТ НЕ ДЕЙДІ?
Шашты транспланттау – шашты бастың таз аймағына ауыстырып емдеу мақсатында қолданылатын әдіс. Қазіргі медицинада шашты транспланттаудың табиғи және жасанды әдісі кең қолданылуда. ...
Сұрақ-жауап ӘСКЕРИ БОРЫШТЫ ӨТЕУДІҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Елді қорғау үшін міндетті түрде қуатты әскер қажет. Жауға қарсы тұру әрі оларға әскери күш әзірлеу – Ислам дінінің талабы әрі сауапты іс. ...
Сұрақ-жауап ИСТИХАРА НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ?
«Истихара» сөзі «жақсылық іздеу», «бір істің ең қолайлысын таңдау» деген ұғымды білдіреді. Мұсылман адам мубах саналған екі істің қайсысын істеуді білмеген кезде, оның абзалын әрі ұтымдысын таңдау үшін екі ракағат истихара намазын оқиды....

Сұрақ-жауап ПРАНК ЖАСАУҒА БОЛА МА?
«Пранк» деп адамды ыңғайсыз әрі орынсыз жағдайға қою, алдау мақсатында  әзілдеуге айтылады. Осындай әзіл-қалжың өткізетін, ұйымдастыратын адамды пранкер (әзілқой) деп атайды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi