УАҒЫЗ АЙТУШЫ ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласының жылдық жоспарына сәйкес Бостандық және Әуезов аудандарының ұйымдастыруымен «Байкен» мешітінде имамдарға «Уағыз айтудың әдебі» атты семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты халықты рухани сауаттандырып, уағыз-насихат жүргізуші дін қызметкерінің қоғамдағы маңызды этикасы мен әдебі туралы кеңінен түсіндіру.
Семинарға ҚМДБ РАНТ мүшесі, Арман Қуанышбаев және «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Ернар Мәжен арнайы қатысып, «Байкен» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы тақырып аясында өз ойымен бөлісті. Шара барысында уағыз айтудың негізгі алғышарттары, оған асқан дайындықты талап ететіндігін, сонымен қатар жауапкершілік қажет екендігін түсіндірілді. Айтар ойдың нақтылығы мен сырт-келбеттің жинақылығы да тыңдаушы тарапқа әсер ететіндігін назарға алу қажеттігі сөз болды. Семинар соңында қойылған сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі